Главное Маңызды
15 апр. 2024, 19:06
2872
Исполняющий обязанности главного тренера карагандинского «Шахтера» Андрей Финонченко подвел итоги матча 1/8 финала Кубка Казахстана с семейским «Елимаем» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 апр. 2024, 18:37
251
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после 1/8 финала.
15 апр. 2024, 15:38
633
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Первой лиги после второго тура.
15 апр. 2024, 11:37
304
Главный тренер «Актобе» Дмитрий Парфенов прокомментировал матч 1/8 финала Кубка Казахстана против против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
15 апр. 2024, 10:22
293
Главный тренер «Кызылжара» Али Алев прокомментировал матч 1/8 финала Кубка Казахстана против «Оңтүстік» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Шешуші сын алдында...

18 янв. 2017, 00:41 | 2789
«Гранаткин мемориалы» турнирінде әлі кем дегенде екі ойынымыз бар. Жартылай финалда Грекия құрамасымен кездесеміз. Эллада ұрпақтары біздің жастарға қандай қарсылас? Тақырыпты тарқатып көрейік.

Жарыстың өткен жылғы жеңімпазы Словенияны біздің жігіттер ұтқаннан кейін ресейлік БАҚ өкілдері «Гранаткин мемориалында» чемпион жаңаратын болды деп жар салды. Ол әрине, Қазақстан құрамасының арқасында. 2:0 есебімен сенімді түрде чемпиондарды жеңгеннен кейін, өз-өзімізге сеніммен қарай бастадық. Жартылай финалға шыққанымыз біздің үздік төрттіктің қатарында екендігімізді ұқтырады. Одан бөлек біз медальдың да сыңғырын ести бастадық. Дегенмен бұл турнирде үшінші орын үшін де талас болатынын ұмытпайық. Алда біздің команданы кем дегенде екі ойын күтіп тұр. Финал немесе үшінші орын үшін талас. Әрине, финалды аңсаймыз, армандаймыз...

Екінші жартылай финалдың да жұптарын айтайық. Болгарияны 3:0 есебімен ұтқан Ресей құрамасына қарсылас болып пенальти сериясында Словакиядан басым түскен (1:1 негізгі уақыт, 3:2 пенальти сериясы) Санкт-Петербург командасы түсті. Бұл команданы кейбіреулер «Зенит» деп жазып жүргенімен, ресми түрде ұжымның жарыстағы атауы «Санкт-Петербург» құрамасы. Сонымен, екі ресейлік команда бір-біріне қарсылас атанды. Екінші жағынан бір финалистің ресейлік болатыны жергілікті жанкүйерлерге қуанышты жағдай.

Біздің команда ішіндегі жағдайға тоқталып өтсек. Словенияны өткеннен кейін ұландарымыздың көңілдері көтерілді. Киім шешетін бөлмедегі атмосфера әлеуметтік желілерге тарап, футболшыларымызға жанкүйерлер тарапынан мақтау сөзі айтылды. Алайда, бас бапкер Александр Кузнецов команда мүшелерінің түгел ұялы телефондарын жинап алған. Ешкім ешқайда шықпаған, аяқдопшылар тек қана жарысты ойлау үшін осындай қиын жағдайға түсіп отыр.

Грекия тәртіпті көп бұзып, матчтың берекесін қашыратын команда. 11-ші нөмірдегі шабуылшысы Константинос Афанасиос турнирдегі ең белсенді ойыншы. Ол 2 гол соғып, 2 сары қағаз алды. Ассистенттігі де бар. Бұл шабуылшыны тұсаулап ұстау қажет. Турнир басталған кезде, алғашқы ойында олар Тәжікстаннан жеңілді. 55-ші минутта пенальти соққан тәжіктер сол күйі қорғанысқа жатып алды. Алғашқы ойында алаңды сезе алмай, турнирді сәтсіз бастаған гректердің бұл нәтижесі негізі кездейсоқтық болды. Одан кейін Эстония мен Болгарияны 4:0 есебімен біркелкі жеңді. 1/4 финалда Латвиямен 0:0 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 8:7 есебімен басым түсті. Демек, қарсыласты бағаламауға бізде ешқандай негіз жоқ.

Қазақстан U19 – Грекия U19 ойыны 18-ші қаңтар күні Астана уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды біздің сайттан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 4-2 8
2 Қызылжар 4 8-2 7
3 Ордабасы 4 8-3 7
4 Ақтөбе 3 7-2 7
5 Тобыл 3 6-2 7
6 Елимай 4 4-4 7
7 Астана 4 4-2 6
8 Туран 4 2-3 4
9 Жетісу 3 1-2 4
10 Атырау 4 2-3 3
11 Шахтер 4 1-8 3
12 Женис 4 1-9 3
13 Қайсар 3 1-7 0
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх