Главное Маңызды
28 мар. 2024, 14:50
227
Чемпион мира в составе сборной Италии, победитель Лиги чемпионов и пятикратный чемпион Италии с миланским «Интером» Марко Матерацци посетил детскую футбольную школу ФК «Астана», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
27 мар. 2024, 14:06
404
Как стало известно корреспонденту KazFootball.kz, сборная Казахстана в случае прохода в финальную часть ЕВРО-2024 в рамках подготовки к турниру могла сыграть командой из ТОП-10 рейтинга ФИФА.
27 мар. 2024, 10:27
486
Главный тренер Национальной сборной Казахстана Магомед Адиев прокомментировал выездной товарищеский матч против Люксембурга (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
26 мар. 2024, 23:41
502
KazFootball.kz представляет Вашему вниманию стартовые составы команд на товарищеский матч Люксембург – Казахстан.
26 мар. 2024, 13:53
424
ФИФА опубликовала новый рейтинг сильнейших женских сборных мира, сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Еркебұлан Сейдахмет: "Қазақ футболын әлемге танытатын күн алыс емес"

22 янв. 2017, 22:40 | 5762
«Гранаткин Мемориалы» турнирі арқылы танылған бірден-бір футболшы ол - Қазақстан U19 құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет. Тек еліміздің ғана емес, осы турнирді тамашалаған 16 мемлекеттің халқының назары осы ойыншыға ауды. Ал, Санкт-Петербургқа жиылған футбол скауттары мен агенттері Тараз футболының талантын қойын дәптерлеріне түртіп алды. Біз жақсылығын қанша асырсақ та, Еркебұлан өзі мақтанудан аулақ қашатын жігіт. Турнирдің "Үздік шабуылшысымен" KazFootball.kz порталының тілшісі турнир барысында сұқбаттасқан болатын.

Топтық кезең. 2-тур. Қазақстан – Әзірбайжан - 2:2.

– Еркебұлан Қазақстанның қай аумағынансыз?

– Тараз.

– Жамбыл облысының қай жері?

– Қалада тұрғаныммен, түбім Түрксіб ауылынан.

– Міне, қызық! Мен де сол ауылданмын...

Ортақ таныстарды тапқаннан кейін әңгімеміз қыза түсті. Ауылдан қаладағы мөлтек ауданға көшкеннен кейін Еркебұланға футбол үйірмесіне қатысу одан да жеңіл болды. Григорий Хутиди баптайтын футбол үйірмесіне жазылып, содан бері «Монтажник» клубының намысын қорғап келеді.

– Бүгін ойын ауыр өтті. Әзірбайжан құрамасы да осал емес. Жеңіп тұр едік.

– Ойынды көрдік. Жаман емес. Әр ойын сайын дамып келе жатырсыздар. Ал, өзіңіз бүгін тіпті ерледіңіз. Бір гол соқтыңыз, бір пенальти әкелдіңіз.

– Командалық нәтиже болмаса, бәрі бекер ғой. Енді Литваны ұтамыз. Сізге уәде беремін. Сол команданы ұтамыз деп тас-түйін отырмыз.

Словакия мен Әзірбайжанмен тең түскеннен кейін Қазақстан құрамасына Литваны жеңу қажет болды. Себебі, осы ойыннан кейін словактар әзірбайжанмен кездеседі. Егер словактар жеңіп, біз тең түссек – топтан шыға алмай қалар едік. Біздің ойын аяқталғаннан кейін словактар шынымен де жеңіске жетті. Бірақ...

Топтық кезең. 3-тур. Қазақстан – Литва - 2:0.

- Еркебұлан ойын қалай өтті?

– Ауыр матч болған секілді. Топ ішіндегі соңғы ойын ғой. Жеңіске жетпегенімізде жағдай қиын болар еді.

Екінші голды керемет соқтыңыз да көпшіліктің көзіне түстіңіз.

– Ең бастысы топтан бірінші орын алып шықтық. Қазақстан осыған дейін топтан шыға алмай келді. Осының өзі жетістік.

Енді ширек финалда Словениямен ойнайсыздар...

– Иә, оларды да жеңуге болады. Тырысамыз. Әр ойын сайын біз жеңіс үшін ойнап жатырмыз.

Словения құрамасының бізге қарсылас атанғаны дұрыс болған секілді. Себебі, биылғы Словения өткен жылғы құрамда емес еді. Өткен жылы олар «Гранаткин Мемориалы» жарысының чемпионы атанған.

Ширек финал. Қазақстан – Словения - 2:0.

– Еркебұлан бүгінгі ойын жеңіл өткен секілді ғой.

– Екінші минутта Жанәлі Пайруз гол соққаннан кейін жеңіл болды, әрине. Жылдам гол кез-келген командаға басымдылық береді. Алаңда сенімді қимылдай бастайсың. Ал, қарсылас керісінше.

Әзірбайжанмен өткен ойын алдында Сізге Бауыржан Исламхан хабарласып, сәттілік тілеп еді. Жалпы осы ойыншыны көп айтасыз. Сыры неде?

– Менің футболда сыйлайтын ойыншым осы кісі. Исламханның ойынын көріп риза боламын. Өнеріне тәнтімін. Біраз дүниені сол кісінің ойынынан үйрендім.

Жартылай финал. Қазақстан – Грекия - 2:1.

– Бүгінгі ойындарыңызға бәрі риза. Тамаша матч болды. Финалға шықтыңыздар!

– Рахмет. Қолдау білдіріп жатқан жанкүйерлерді сезіне бастадық. Енді финалға шығып отырмыз. Соңғы күшті сарп етеміз.

– Бүгін гол соқпасаңыз да екі гол сіздің арқаңызда соғылды.

– Бірінші жағдайда мені қайта-қайта қорғаушылар шала берді. Төреші пенальти берді. Ал, екінші голдың кезінде әріптесім Айдос Оралға пас бердім. 10 адаммен жүріп финалға шықтық.

Есеп 2:1 болған кезде бір футболшыға кем жүріп, неге уақытты созуға тырыспадыңыздар. Айып добы кезінде қатты асығасыздар.

– Біз шынын айтқанда олай ойнап үйренбеген секілдіміз. Тез-тез шабуылдап, мүмкіндік болса мүлт жібермеуге тырысамыз. Ондай жағдайлар тәжірибиемен келетін шығар.

Ойынның 42-ші минутында Жанәлі Пайруз алаңнан қуылып еді. Соның салдарынан екінші тайм түгел біздің команда бір футболшыға кем ойнады. Бірақ, соның өзінде де жігіттер бір гол соқты.

Финал. Қазақстан – Ресей - 0:1.

– Еркебұлан күміс құтты болсын!

– Жеңіске жетпегеніміз өкінішті. Алайда, жалпы турнирде жеткен жетістігіміз жаман емес секілді.

– Турнирдің "Үздік шабуылшысы" атандыңыз.

– Сыйлық алған әрқашан жақсы ғой. Бірақ, өзге құрамаларда ойнайтын шабуылшылардың ойынын шын айтсам қарамадым. Бәлкім менен де мықтылар болған шығар. Ең басты марапатқа лайық адам ол - бас бапкеріміз Александр Кузнецов. Жалпы біздің осы жетістікке жеткеніміз сол кісінің арқасы.

Сізге қазірден бастап көптеген клубтар көз тігіп отыр. Тараз футболының келесі таланты деп жатыр сыртыңыздан. Бәлкім «Тараз» командасына ауысатын шығарсыз.

– Қазір ештеңе де айта алмаймын. Мені жастайымнан баптап, ақыл-кеңесін аямайтын жанашыр адамым бар. Ол Григорий Хутиди. Менің қайда ойнайтынымды сол кісі шешеді. 

– Сұқбатыңызға рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Тобыл 2 6-2 6
2 Астана 2 4-0 6
3 Ордабасы 2 6-1 4
4 Қайрат 2 2-1 4
5 Қызылжар 2 4-2 3
6 Ақтөбе 1 3-1 3
7 Женис 2 1-2 3
8 Атырау 2 1-1 2
9 Елимай 2 2-4 1
10 Туран 2 0-2 1
11 Жетісу 1 0-2 0
12 Қайсар 2 1-6 0
13 Шахтер 1 0-6 0
Футболист недели Апта үздігі
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
9
Поиск по сайту
Наверх