Футболшыларымыздың жанкүйерлерді Жаңа жылмен құттықтаулары
Азат Нұрғалиев жанкүйерлерге қолтаңба таратуда.
Бауыржан Исламхан:
- Құрметті футбол жанкүйерлері, келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңіздер. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Биылғы маусымда бағындырмаған белестерге, келесі жылы жету үшін жұмыс жасайтын боламыз. Алдағы жылы армандаған барлық ниет-тілектеріңіз орындала берсін. Келе жатқан жыл тек жақсылық алып келсін.
Ермек Қуантаев:
- Барлық футбол сүйер қауымды Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Армандарыңыздың барлығы да орындалсын. Футбол ойнаңыздар. Футболды сүйіңіздер. Сүйікті клубтарыңыздың сенімді жанкүйері болыңыздар.
Әли Әлиев:
- Қазақстанның барлық футбол жанкүйерлерін келе Жатқан жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! 2015 жылы қазақ футболы үшін табысты болды. Біздің клубтар Еуропа алаңдарында Қазақстан намысын лайықты қорғай білді. Алда келе жатқан 2016 жыл да табысты болады деген ойдамын. Келер жылы да футболшыларымыз жанкүйерлерді көптеп қуанту үшін тынбай еңбек етеді. Ал, өз кезегінде жанкүйерлерді стадиондарды толтырып, аяқдопшыларды қамшылап отыруға шақырамын. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, құрметті футбол сүйер қауым!
Азат Нұрғалиев:
- Құрметті жанкүйерлер, барлықтарыңызды Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, 2016 жылы әрбір бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Өткен жылы «Ордабасы» клубы үшін сәтті болды. Бірақ, біз өз алдымызға қойған мақсаттарымызды толық орындай алмадық. Келесі жылы бұдан да жақсы өнер көрсетіп, Сіздерді жиі қуантуға тырысатын боламыз.
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |