Главное Маңызды
19 апр. 2024, 12:30
175
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Второй лиги после второго тура.
19 апр. 2024, 10:59
137
Казахстанский полузащитник «Гомеля» Абинур Нурымбет рассказал об играх в условиях Рамадана, целях по голам на сезон и адаптации в новом клубе, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sport5.by.
17 апр. 2024, 16:03
565
Экс-нападающий сборной России и «Кайрата» Андрей Аршавин вспомнил о матче на «Энфилде» и о времени проведенном в «Арсенале», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Спорт-Экспресс».
15 апр. 2024, 19:06
5273
Исполняющий обязанности главного тренера карагандинского «Шахтера» Андрей Финонченко подвел итоги матча 1/8 финала Кубка Казахстана с семейским «Елимаем» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 апр. 2024, 18:37
722
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после 1/8 финала.

Герсон Асеведо: "Мақсатым — "Қайратпен" Қазақстан чемпионы атану"

14 июн. 2016, 13:16 | 1569
Жуырда ғана "Қайрат" сапына ауысқан чилилік Герсон Асеведо "Қайрат" футболшысы ретінде өзінің алғашқа сұқбатын берді.

— Герсон, Қазақстанға қош келдіңіз! "Қайратқа" ауысу туралы ұсыныс қашан және қалай пайда болды?

— "Қайратқа" ауысу туралы ұсыныс осыдан бір айдай бұрын пайда болды. Менің агентім арқылы. Содан кейін бұл ұсынысты қарастырып, Мәскеу қаласында "Қайрат" сапына ауысу туралы келісімге келдік.

—  Ал, бұған дейін "Қайрат" туралы, жалпы Қазақстан футболы туралы естуіңіз бар ме еді?

— Шынымды айтсам, жоқ. Қыста мен ресейлік БАҚ өкілдерінен "Астана" клубының маған қызығушылық танытып жүргенін оқыдым. Одан кейін қазақ футболы туралы агентім айтты. "Қайрат" клубының базасы мен тарихы туралы кең әңгімелеп берді.

— Клубтың базасы туралы бір ауыз пікіріңізді айтып өтсеңіз ...

— Өте әдемі база екен. Футбол ойнау үшін барлық жағдай жасалған.

— "Урал" сапында Сіз алыстан шірене тартып, талай голды қақпаға тоғыттыңыз. Жаттығу кезінде Сіз алыстан бағытталатын соққыларыңызға арнайы көңіл бөлесіз бе?

— Әрине. Жаттығу барысында соққыларға арнайы көңіл бөлемін. Бірақ, маған ондай сәттерде шамалы сәттілік те көмектеседі.

— Бұл маусымда алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз?

— Бірінші кезекте "Қайратпен" Қазақстан чемпионы атану. Бұл үшін мен қолымнан келгенін жасап, әр матчта командама көмектесуге тырысамын.

— Жаңа ұжымыңызбен танысып үлгердіңіз бе? "Қайрат" футболшылары Сізді қалай қабылдады?

— Иә, команданың барлық ойыншыларымен таныстым. Ұжым мені өте жылы қабылдады.

— Сұқбаттың соңында жанкүйерлерге бір ауыз тілек айтсаңыз ...

— Стадионға келіп, команданы қолдаңыздар. Ал, біз өз кезегімізде сіздерді жарқын жеңіспен қуантуға уәде береміз.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 4-2 8
2 Қызылжар 4 8-2 7
3 Ордабасы 4 8-3 7
4 Ақтөбе 3 7-2 7
5 Тобыл 3 6-2 7
6 Елимай 4 4-4 7
7 Астана 4 4-2 6
8 Туран 4 2-3 4
9 Жетісу 3 1-2 4
10 Атырау 4 2-3 3
11 Шахтер 4 1-8 3
12 Женис 4 1-9 3
13 Қайсар 3 1-7 0
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх