Главное Маңызды
27 мар. 2024, 14:06
278
Как стало известно корреспонденту KazFootball.kz, сборная Казахстана в случае прохода в финальную часть ЕВРО-2024 в рамках подготовки к турниру могла сыграть командой из ТОП-10 рейтинга ФИФА.
27 мар. 2024, 10:27
338
Главный тренер Национальной сборной Казахстана Магомед Адиев прокомментировал выездной товарищеский матч против Люксембурга (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
26 мар. 2024, 23:41
393
KazFootball.kz представляет Вашему вниманию стартовые составы команд на товарищеский матч Люксембург – Казахстан.
26 мар. 2024, 13:53
321
ФИФА опубликовала новый рейтинг сильнейших женских сборных мира, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
26 мар. 2024, 11:13
366
Полузащитник сборной Казахстана Ислам Чесноков высказал мнение о предстоящем товарищеском матче против Люксембурга, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:

Гафуржан Сүйімбаев: "Қайратты" өрге сүйреу үшін тер төгетін боламын"

04 июл. 2016, 16:20 | 2264
Бүгін ғана "Қайрат" командасына ауысқан Гафуржан Сүйімбаев Kazfootball.kz порталының тілшісіне "Қайрат" сапына не үшін ауысқаны туралы айтып берді.

— Гафур, «Қайрат» сапына ауысу туралы ұсыныс қалай пайда болды?

— Маусым айының ортасында. Дәл сол уақытта «Қайрат» Бруно Соарес деген қорғаушысын маусымда ойнай алатын ойыншылар тізімінен шығарды. Содан кейін менің білуімше, Қазақстанның ішінен орталық қорғаушы іздеді-ау. Таба алмады. Сөйтіп, мені өз қатарларына қосып алу үшін «Ордабасы» басшыларына шықты. Келіссөздер бір-екі аптадай болды. «Қайрат» қатарына қосылу үшін мен тіпті «Ордабасы» сапында Еуропа лигасында өнер көрсете алмадым. Сербиядан елге оралғаннан кейін менің «Қайратқа» өтетінім белгілі болды. Бірақ, 19-шы турды ойнап кетуім керек еді. Өйткені, шымкенттік жанкүйерлермен қоштасуым керек еді. Сол ойыннан кейін жанкүйерлерге, әріптестеріме алғысымды айтып, Алматыға жол тартып кеттім.

— «Қайрат» сапында Сіздің позицияңызда Лукаш Тесак ойнайды. Бірақ, командаға Сіз келгеннен кейін словакиялық футболшы кетеді деген әңгіме жүріп жатыр. Бұл туралы хабарыңыз бар ма?

— Жоқ. Мүлде. Лукаштың ойнайтынын білемін. Бірақ, мен онымен бәсекелес болуға дайынмын. Ал, қалған әңгімелер туралы естіген жоқпын. Қазір негізі «Қайратқа» орталық қорғаушы керек қой. Кеше, бүгін ғаламторда бір шет елдік футболшымен келісім-шартқа келді деген еді. Мен өз басым командаға бүгін келген соң, ол туралы білмеймін. Дейтұрғанмен, егер тағы бір шет елдік футболшы келсе, онда ҚФФ ережесі бойынша командадан бір шет елдік футболшыны шығару керек болатын шығар.

— «Ертісте» өткен бір жылдан басқа Сіз футболшылық мансабыңызды Шымкентте өткізіп келдіңіз ғой. «Ордабасыдан» кету оңай болмаған шығар ...

— Әрине. Мен футболдағы алғашқы қадамдарымды Шымкентте жасап, «Ордабасының» барлық жастағы командаларынан өтіп шықтым. Туған-туыс, достарымның барлығы Шымкентте. Бірақ, адам бір орында тұра бермеу керек. Өсу қажет. Мен «Ордабасы» үшін жанкүйер боламын. Осы уақытқа дейін команда үшін аянбай еңбек еттім. Сәттілік тілеймін. Шымкенттік жанкүйерлерге де алғысымды айтамын. Енді мен «Қайраттың» ойыншысымын. Бұл үшін ешкім сөге көрмес. «Қайратты» өрге сүйреу үшін тер төгетін боламын.

— Осы жазғы трансфер кезінде «Ордабасыдан» Азат Нұрғалиев кетті. Бір мезетте командадан екі бірдей мықты ойыншының кетуі, шымкенттік командаға кері әсерін тигізбейді ме?

— Жоқ. Себебі, Бақтияр Даниярұлы мықты команда қалыптастыра білді. Нұрғалиевтің орнына Гогуаны алды ғой. Адамның орнын адам баса алады. Бұйырса, менің де орныма мықты бір ойыншы алады деп үміттенемін. Қазіргі құрамның өзінде қорғаныстың сол қапталында ойнайтын мықты футболшылар жетерлік.

Жаңа командаластарыңызбен танысып үлгердіңіз бе?

— Бір Қазақстанда ойнап жүргеннен кейін барлық футболшыларды танимыз ғой. Біреулерімен ұлттық құрама сапында танысқанбыз, енді бірімен ойындарда дегендей. Жалпы, «Қайрат» сапындағы қазақстандық футболшылардың барлығын білемін. Ал, шет елдік футболшылармен танысу керек. Мен бүгін келісім-шартқа қол қойдым. Сол үшін командамен әлі ресми көріскен жоқпын. Бүгін кешкі жаттығуда бапкерлер ресми таныстыратын шығар.

— Ел біріншілігінің соңғы турында «Қайрат» ұпай жоғалтты, «Астананы» тағы ұзатып алайын деп тұр. Қалай ойлайсыз, жалпы биыл «Қайрат» елордалық команданы қуып жете алады ма?

— Футболда жұрт күтпеген дүниелер көп болып жатады. Мысалы, осы Еуропа чемпионатында Исландия ширек финалға шығады деп кім ойлаған. Менің ойымша, «Қайрат» «Астананы» қуып жете алады. Әлі екінші айналым аяқталған жоқ. Одан кейін екі алтылыққа бөлінеміз. Мүмкіндік бар. Тек соны дұрыс пайдалана білу керек.

— Былтыр «Қайрат» Еуропа лигасының топтық кезеңіне түсу үшін сынық сүйем жетпей қалған еді. Биыл бұл белесті бағындыру мүмкін бе?

— Өмірде мүмкін емес нәрселер сирек кездеседі. Ниет түзу болса, барлығына жетуге болады. «Қайрат» басшылары клубтың Еуропа алаңдарында ойнауы үшін барлық жағдайды жасап отыр. Құрамды да күшейтті. Енді сенімді ақтап, Еуропа лигасының топтық кезеңіне қалай да өту керекпіз.

— Әңгімеңізге рақмет. Алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Тобыл 2 6-2 6
2 Астана 2 4-0 6
3 Ордабасы 2 6-1 4
4 Қайрат 2 2-1 4
5 Қызылжар 2 4-2 3
6 Ақтөбе 1 3-1 3
7 Женис 2 1-2 3
8 Атырау 2 1-1 2
9 Елимай 2 2-4 1
10 Туран 2 0-2 1
11 Жетісу 1 0-2 0
12 Қайсар 2 1-6 0
13 Шахтер 1 0-6 0
Футболист недели Апта үздігі
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
9
Поиск по сайту
Наверх