Брендан Роджерс: "Бізді қиын матч күтіп тұр"
- Біз «Астананың» мықты тұстарын да, осал жерін де білеміз. Қазақстандық ұжым «Жальгириспен» кездесіп, шеберлік танытып, жеңісті жұлып алды. Қазақстан чемпионаты нағыз қызған шағында екенін ескерсек, қарсылас команда өз бабында болу тиіс. Сондықтан, бізді қиын матч күтіп тұр. Бірақ, өткен кезеңдегідей менің футболшыларым барын салып жақсы ойын көрсетеді. Мен оған толықтай сенімдімін. Әрине, «Астана-Аренадағы» төсеніш біз ойнап үйренген алаң емес. Дегенмен, бұл бізге қиындық туғызбас.
- «Шахтёрге» қарсы үш жыл бұрын орын алған жеңіліс команданың есінде ме?
- Алдымен, Қазақстанға келгенімізге өте қуанышты екендігімізді айтқым келеді. Стадиондағы алаңға бой үйрету үшін жаттықтыру жұмыстарын өткіздік. Бір-екі футболшы сол матч жайлы еске түсірді. Бірақ, ертең мүлде басқа ойын болмақ. Тиімді нәтижені алу үшін барынша тырысамыз.
- Команданың үйренген ойын жүйесі 4-4-2 болса да, соңғы матчтарда 3-5-2 сызбасын қолданып жүрдіңіз. Ертеңгі ойынға жоспарыңыз қандай?
- Дәл сол жүйемен, дәл сол футболшылармен өнер көрсетеміз (күліп).
- Коло Туре Глазгодағы матчқа толық дайын бола ма?
- Біз соған үміттіміз. Қатарға жақында қосылғандықтан, командаға бой үйрету үшін біршама уақыт керек.
Уалихан ҚОСАНБАЙ
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 4 | 4-2 | 8 |
2 | Қызылжар | 4 | 8-2 | 7 |
3 | Ордабасы | 4 | 8-3 | 7 |
4 | Ақтөбе | 3 | 7-2 | 7 |
5 | Тобыл | 3 | 6-2 | 7 |
6 | Елимай | 4 | 4-4 | 7 |
7 | Астана | 4 | 4-2 | 6 |
8 | Туран | 4 | 2-3 | 4 |
9 | Жетісу | 3 | 1-2 | 4 |
10 | Атырау | 4 | 2-3 | 3 |
11 | Шахтер | 4 | 1-8 | 3 |
12 | Женис | 4 | 1-9 | 3 |
13 | Қайсар | 3 | 1-7 | 0 |