Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 11:21
100
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:
23 нояб. 2024, 10:21
126
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян рассказал об ожиданиях от финального матча Кубка Лиги против «Жениса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:
22 нояб. 2024, 16:42
738
Решением Судейско-экспертной комиссии арбитры матча десятого тура Чемпионата Казахстана по футзалу АФК «Кайрат» – «Атырау» (1:0) отстранены на два месяца, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт АФК.
22 нояб. 2024, 15:48
441
Во время турнира по футболу среди школ города Рудного арбитр поднял на ребенка руку за русский мат, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «HALYQSTAN».
21 нояб. 2024, 20:40
592
Депутат Мажилиса Павел Казанцев оправдал наставника сборной Казахстана Станислава Черчесова после провала в Лиге Наций и эмоционально обратился к болельщикам, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Sportnews.kz»:

Еуропаның ірі чемпионатында доп тебетін тұңғыш қазақ баласы

15 сент. 2016, 06:30 | 4110
Аладопта асығы алшы түскен аймақ Еуропа болып табылады. Кәрі құрлықтың құрамалары болсын, клубтары болсын әлемнің алдыңғы қатарында тұрады. Содан да болар, кез-келген футболшының арманы Еуропада өнер көрсету екені сөзсіз. Әлемнің қай түкпірінде туылса да аладоптан алар еншісі бар әрбір азамат Еуропа асып доп тебуге асығады. Мейлі ол әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилияда тусын, мейлі, теңбіл допта терезесі өзгелермен енді ғана теңесе бастаған Қазақстанда тусын бәріндегі бір арман - Еуропа футболын бағындыру.

Бүгінгі әңгімеміз сол қарт құрлықта өнер көрсету мүмкіндігіне ие болған қазақ баласы жайлы болмақ. Осыдан екі жыл бұрын Қытайдың Тарбағатай аймағының тумасы Ержет Ерзатұлы атты қандасымыздың Еуропаға арман қуып аттанғаны жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған болатын. Ол 2014 жылы қаңтарда Португалияның үшінші лигасында бақ сынайтын “Гондомар” командасының жейдесін киді. Жақында Пиреней түбегінен тағы бір қуанышты хабар жетті. Сол Ержет бауырымыз енді Португалия супер лигасының командасы “Пасуш де Феррейраға” ауысыпты. Бұл дегеніңіз енді Еуропаның ірі чемпионатының бірінде қазақ баласы доп тебеді деген сөз. Осы жаңалықты естіген бетте Ержеттің өзімен хабарласып, ой бөліскен болатынбыз. Алыста арман қуып жүрген қандасымызбен шұрқыраса амандасып болысымызбен бірден әңгімеге кірістік.

— Ержет, Сіз алғаш Еуропаға аттанғанда қуанып, сапарыңызға сәттілік тілеген едік. Ол кезде Португалияның төменгі лигасына барған болатынсыз. Жақында Сізді сол елдің супер лигасында өнер көрсететін “Пасуш де Феррейра” клубына ауысты деген хабар алдық. Осы екі трансфер жайлы айтып өтсеңіз, “Феррейра” командасына ресми ауыстыңыз ба?

— Осыдан екі жыл бұрын Қытай супер лигасындағы бірнеше командадан түскен ұсыныстарға қарамай, Португалияның үшінші лигасында ойнайтын “Гондомар” командасына келгенмін. Мені мұнда жетелеп келген “Еуропада доп тепсем” деген бала күнгі арманым болатын. Енді міне осы елдің ең жоғары лигасында ойнайтын “Пасуш де Феррейра” клубына ауысып жатырмын. Бұл команда былтыр Еуропаның ең мықты чемпионаттарының бірі саналатын Португалия біріншілігінде жетінші орын алған мықты команда. Бұрындары Еуропа лигасында да өнер көрсеткен. Осындай ірі чемпионатқа, танымал командаға келгеніме қуаныштымын. Өзімнің бағындарған тағы бір белесім деп есептеймін.

— Осы керемет жетістігіңізбен құттықтаймыз! Енді Сіз кәрі құрлықтың топ чемпионатында доп тебетін тұңғыш қазақ баласы атанғалы отырсыз ғой ...

— Еуропаның ірі чемпионатының бірінде доп тебу бұрыннан бергі арманым болғандықтан, осы мүмкіндікке ие болғанымды мақтаныш сезінемін. Мен ірі чемпионатта өнер көрсететін тұңғыш қазақ баласымын, әрі Қытай елінен құрлық асып бақ сынайтын тұңғыш қақпашы саналамын.

— “Пасуш де Феррейра” командасында негізгі қақпашы Рафаэль Дефенди екен. Одан бөлек, Мариу Фелгайреш, Жоау Пинью сынды жергілікті қақпашылар тіркеліпті. Команда Сізді нешінші қақпашы ретінде шақыртып отыр, осылардың арасынан суырылып шығып, негізгі құрамда ойнауға мүмкіндігіңіз бар ма?

— Рафаэль Бразилиядан келген, тәжірибиелі қақпашы. Мариу да мықты қақпашы, оны бұрыннан жақсы білемін, “Спортинг" Лиссабонда жүргенде чемпиондар лигасында ойнаған. Ал, Жоау болса ол да төменгі лигадан келген, өзім байқасам мен одан мықтырақ көрінемін. Соған қарағанда команданың үшінші қақпашысы болатын шығармын деп ойлаймын. Ал, алдыңғы екеуінен үйренерім көп, олармен бірге дайындалу маған жақсы жағынан әсер етеді деп сенемін. Бірақ, олардың мықтылығын мойындағаным өзімнің үнемі үшінші қақпашы болып қалатынымнан дерек бермейді. Бапкерлер орай бергенде соны мықтап ұстап, негізгі құрамнан орын алуға тырысатын боламын. Тырысып өзімді жақсы қырынан көрсете алсам бапкерлердің де көз жұма қарамайтыны сөзсіз. Талпынсаң бағынбайтын биік жоқ деп ойлаймын.

— Сіздің ұзақ уақыт Қытай жастар құрамасында ойнағаныңызды білеміз, бірақ, ересектер арасындағы құрамға шақыртыла қоймадыңыз. Қытай бапкерлері Қытай біріншілігінде өнер көрсететін қақпашыларына сенім артып келеді, алда Сіздің Қытай елінің құрамасына шақыртылу мүмкіндігіңіз бар ма?

— Әрбір футболшы үшін өз елінің намысын қорғаудан артық арман жоқ. Мен де мүмкіндік болса Қытай ұлттық құрамасында өнер көрсетіп, қазақтан шыққан Қытай ұлттық құрамасының жейдесін киген тұңғыш футболшы атанғым келеді.

— Қытай құрамасында осы күнге дейін әлі өзге ұлт футболшысы өнер көрсетіп көрген жоқ. Сіз де қытай ұлтынан болмағаныңыз үшін ұлттық құрамаға шақыртылмай қалам деп ойламайсыз ба?

— Мен олай деп есептемеймін. Егер шынымен сондай саясат болса, мен жастар құрамасының сапында үш жыл бойы негізгі қақпашы болмас та едім. Жастар құрамасында жүргенде бапкерлер де, балалар да маған жақсы көзқараста болды. Менің мұсылман екенімді ескеріп ас-су жағынан да тиімділіктер жасап тұрды.

— Сіз Еуропаға аттанғалы қазақ баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар шықты. Қазақ еліндегі жанкүйерлер де Сіз жайлы азды-көпті хабардар. Қытайда туылып, шетелдік команданың намысын қорғап жүрсеңізде қазақ жанкүйерлері сіз үшін қуанып, қолдап отырады. Өзіңіз қазақ футболы жайлы қаншалықты хабардарсыз? Қазақ елінде араласып тұратын немесе таныс футболшыларыңыз бар ма?

— Шетелде туып, шетте өссем де Қазақстан дегенде бір бүйрегім бұрып тұрады. Қазақ футболынан да хабарым бар. “Астананың” жеткен жетістігіне қуаныштымын. Қазақ елінен де жақсы футболшылардың көптеп шығып, Еуропада атой салуына тілектеспін. Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайтын Азат ағамен (Нұрғалиев) жақсы таныспын, хат-хабар алмасып, сөйлесіп те тұрамыз. Маусым айында Қытай құрамасының қақпасына бір гол соғып, командасын жеңіске жетелеген болатын. Ол кісіден басқа “Қайрат” командасында ойнаған Виталий Лимен де байланысым жақсы. Жақында “Ертіске” ауысты деп естідім. Виталидің де жаңа командасында сәтті өнер көрсетуіне тілектеспін. Одан бөлек қазіргі командаласым Сисеруді айтсам болады. 2013/2014 жылдары “Астана” командасында ойнаған. Ол Астана қаласында тұрғандықтан, екеуміз жақсы түсінісіп кеттік. Қазіргі командаластарымның ішінде сол Сисерумен қатынасым жақсы. Өйткені, мен де Астанада болғам, “Астана-Аренада” жарыстарға қатысқам.

— Өзіңіз айтып отырғандай 2009 жылы Астана қаласында өткен “Президент Кубогында” жақсы өнер көрсетіп, қазақстандық бірнеше клубтың назарын аударған едіңіз. Егер шақырту түссе қазақ футболына келу ойыңызда жоқ па?

— Ия, сол кезде қазақстандық командадан ұсыныс болғаны шын. Сол секілді мен Португалияға кетпес бұрын Қытай біріншілігіндегі көптеген клубтар да ұсыныс тастаған. Бірақ мен Еуропада доп тебуді қаладым. Өйткені, қазір жаспын, жас кезімде Еуропа футболынан тәлім алып, өзімді жетілдіре түскім келеді. Қазірше Қытайға да, Қазақстанға да қайтуды ойластырмадым. Осы жақта өзімді жетілдіре түскім келеді.

— Енді бұрынғы командаңыз жайлы айтсаңыз. “Гондомор” сапында қалай өнер көрсеттіңіз, негізгі құрамда болдыңыз ба? Командамен бірге қандай жетістікке жеттіңіз?

Әңгімеміздің басында айтқанымыздай “Гондомор” командасы Португалияның үшінші лигасында бақ сынайды. Ол жерде мен екі жылдан артық уақыт ойнадым, әрі көбіне негізгі құрамда өнер көрсеттім. Бірақ, мен әр жолы қытай жастар құрамасының жарыстарына қатысып қайтып келгенде орынымды жоғалтып қоятынмын, сөйтіп, қайтадан негізгі құрам үшін күресуге тура келетін. Командамен жеткен жетістігіміз, былтыр бір саты жоғары лигаға өтуге таласатын топта болдық. Бірақ, қосымша ойындардың нәтижесінде екінші лигаға көтерілудің сәті түспеді.

— Еуропа футболы Сізге не берді, не үйретті? Өзіңіздің кемшілігіңіз бен артықшылығыңыз не деп ойлайсыз?

— Қазір жоғары дәрежелі бапкерлердің қақпашыға қоятын талабы өте ауыр. Бүгінде жақсы қақпашы болу үшін қолмен ғана жақсы ойнау жеткіліксіз болып саналады. Бұған Гвардиоланың “Манчестер Ситидің” тізгінін ұстай сала Джо Хартты жолға салғанын мысал етсек болады. Сол секілді бұнда келгелі бапкерлер менен де екі аяқпен де сәтті ойнауды талап етті. Мен негізі сол аяқпен жақсы ойнайтынмын, соңғы кездері оң аяғымды да көп машықтандырып жүрмін. Ал, өз еркшелігім жайлы айтсам, мен аласа доптарға жақсы тосқауыл бола аламын. Бойым сәл аласа болғандықтан, тым биік доптардың ырқыма бағынбай қалатыны бар, кемшілігім сол шығар деп ойлаймын. Ол кемшілігімді түзетуге тырысып да жүрмін.

— Әлемдегі әйгілі қақпашылардан кімді үлгі тұтасыз?

— Маған Икер Касильяс ұнайды. Бала күннен өнеріне тәнті болып өстім. Кейде өзімді Икерге ұқсататыным да бар, екеумізде сол аяқпен ойнаймыз. Бой биіктігіміз де қарайлас. Менің тілегіме орай ол қазір мен ойнайтын Португалия чемпионатында өнер көрсетеді. Сәті түсіп бір ойында кездесіп жатсақ, қолын алып, киім алмастырғым келеді.

— Португалияға алғаш барғанда тілден қаншалықты қиындық көрдіңіз?

— Иә, алғашында тіл мәселесі қиын болды. Бірақ, мен тілді тез үйреніп кете аламын. Қытай, ағылшын тілінен бөлек ұйғыр, түрік тілдерінде де сөйлей алатынмын. Сол секілді португал тілін де осында келген соң үш ай көлемінде үйреніп алдым.

— Бәріміз білетіндей жазда Португалия құрамасы Еуропа чемпионатында топ жарды. Осы жеңістің Португалия футболына, жанкүйерлеріне қандай да бір әсері болды ма, өзгеріс сезіне алдыңыз ба?

— Португалия ежелден футболы дамыған ел болғанымен, осы күнге дейін ірі турнирлерде топ жарып көрмеген. Осы жолғы ірі жеңістері елде зор дүмпу туғызды. Ұлттық құрама ойыншылары 11 милион халықтың алақанына бөленді. Оларды қарсы алып алған халық мереке күніндегідей әсер қалдырды. Еуропа чемпиондарының елінде доп тебу бізге де оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

— Соңғы жылдары қазақ елінде де футболға деген қызығушылық артып келеді. Осы күнде баласын футболға бергісі келетін ата-ана, футболшы болуды армандайтын балалар көп. Осындай доп тепкісі келетін інілеріңізге не ақыл айтар едіңіз?

— Бауырларыма айтарым, арман болса қуу керек. Арманға қусаң ғана жетесің. Бірақ кәсіби футболшы болу үшін тек доп тебу ғана жеткіліксіз. Алдымен адам болуды үйрену керек, тұрмысқа төзуді білу керек. Ең маңыздысы тіл үйренуге көңіл бөлу керек. Тіл білмесе сыртқа шығып футбол тебу қиын осы күнде.

— Сұқбат беріп, ой бөліскеніңізге көп рахмет. Алдағы мансабыңызға сәттілік тілейміз, чемпион болыңыз!

— Өзіңізге де рақмет. Мені елеп-ескеріп есіне алған жалпы жанкүйер қауымына алғысым шексіз. Қазақ футболына үлкен табыс тілеймін, ел жүгін көтерер азаматтар көп болсын!

Қуаныш ҚАППАС

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх