Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
657
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2588
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
747
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
704
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
485
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Сенімнен гөрі күдік басым

10 нояб. 2016, 21:52 | 1242
Байсуфиновтан тәлім алатын Ұлттық құраманың електік сындағы келесі қарсыласы - Дания. Үш тур қорытындысы бойынша бізден бір ұпай ғана артық олжалаған солтүстік еуропалықтар қарсыласты оңдырмаймыз деп алақан ысқылап отыр. Футболшыларымыздың түздегі соңғы ойынын да, оның нәтижесін де еске алғымыз келмейді. Бұл жолы қонақта қандай қарсылық танытады?

 Даттармен бұрын да жолымыз түйіскен

Скандинавия түбегіне қазақстандық футболшылар осыдан он бір жыл бұрын алғаш барған. Германияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу аясында Сергей Тимофеев баптайтын Ұлттық құрама Данияда 0:3 есебімен жеңіліп қайтқан еді. Ол кездесуге қатысқан бір футболшы ертең алаңға шығуы мүмкін. Ол - Мақсат Байжанов. Копенгагендегі 2005 жылдың наурыз айындағы кездесуде алаңға екінші таймның басында шығып, қырық минуттай доп тепкен. Алматыдағы қарымта матчта да есе жібердік. Қонақтардың Юрий Новиков қақпасына соққан қос добына, отандастарымыз Александр Кучманың дәл соққысымен ғана жауап қатты.

Топтағы жағдайы қалай?

Қазақстан Ұлттық құрамасы Польша және Румыниямен өз алаңында тең түсіп, екі ұпайға қол жеткізді. Топтағы алғашқы ойында поляктарға қарсы ерлесек, кейін Подогорицада Черногориядан ірі есеппен ұтылдық. Үшінші турда «Астана-Аренада» румындармен ұпай бөлістік. Даттардың да жағдайы келісіп тұрғаны шамалы. Поляктарға қонақта жеңілді. Топ аутсайдері армяндарға бір доп соғып басым түсті. Скандинавиялықтар үшін соңғы матчтың нәтижесі ауыр тиді. Өз алаңында Черногорияға ұтылып қалды. Қазір топта төртінші орында тұр. Соққан голдары үшеу, өткізгені төртеу.

Бас бапкерінің «тағдыры» осы ойынның нәтижесіне байланысты

Дания жаңа ғасырда екі мәрте ғана бапкер ауыстырыпты. Әлем футболында жоқ үрдіс. Былтыр шешуші ойында Швецияға жол беріп, Франциядағы құрлық додасына жолдама алып бере алмаған Мортен Ольсен он бес жыл атқарған қызметінен өз еркімен кеткен еді. Ал, отыз жылдық жаттықтырушылық мансабында дат, швед, норвег клубтарын және Норвегия Ұлттық құрамасын 2003-2008 жылдары баптаған 63 жастағы Оге Фритьоф Харейде оны алмастырды. Әйткенмен, соңғы нәтижелері көңіл көншітпейді. Іріктеуде үш ойыннан үш ұпай ғана алғанын жоғарыда айттық. Оның үстіне, команда екі матчты өз алаңында өткізді. Егер, Қазақстанға қарсы кездесуде Дания жеңіске жетпесе, қызметінен қуылады деген ақпарат бар.

Кімдерден сақ болуымыз қажет?

Дания құрамасы сапында ағылшын Премьер-лигасынан төрт, неміс Бундеслигасынан үш, испан Премьерасынан бір футболшы бар екен. АПЛ-дың былтырғы маусымдағы чемпионы, команданың негізгі қақпашысы Каспер Шмейхель «Лестер» сапында қолын сындырып алыпты. Қазақстанға қарсы ойынға алаңға шықпайды. Оны неміс клубы «Майнцте» қақпа күзететін Йонас Лослль алмастыруы мүмкін. Ал, қорғаныс шебіндегі «Челсиға» тиесілі, алайда менхенгладбахтық "Боруссияда" жалда ойнап жүрген Андреас Кристенсен де жарақат алып, бұл матчтан шет қалды. Қорғаныстағы ең атақты футболшы - түрік командасы «Фенербахченің» қатарында доп тебетін Симьон Кьер. Осы маусымда түрік Суперлигасында сегіз ойын өткізіп, бір доп соққан екен. Даттардың ең мықты тұсы - орталық алаң. Ойын «Тоттенхэмның» жейдесінде жасындай жарқырап жүрген, бар-жоғы 19 жасында Данияның үздік футболшысы атанған Кристиан Эриксеннің айналасында өрбиді. Лондондық клубпен былтыр қолаға қол жеткізген Кристиан армяндарға қарсы ойында жеңіс алып келді. Реті келсе, бұл шебердің жолын алаңның кез келген бөлігінде тұсау керек. Алыстан жойқын соққы бағыттайтыны бар. Стандартты сәтті орындаудан алдына жан салмайды. Пастары дәл. Онымен қоса, «Саутгемптонның» аяқдопшысы Пьер-Эмиль Хойбьерг, жергілікті "Копенгагенның" намысын қорғайтын Томас Дилейни, Уильям Квиста сынды футболшылар бар. Шабуылдағы Николай Йоргенсеннның осы маусымда қарқыны мықты. Командасы «Фейеноорд» Нидерланды чепмпионатында көш бастап тұр. Өзі біріншіліктің үздік сұрмергені. Алайда, іріктеу барысында мергендік таныта қоймады. Поляктармен болған ойында бас бапкер бірінші таймнан кейін алып тастады. Қаратаулықтарға қарсы матчта соңында ғана шықты. Сондай ақ, дат футболының болашағына баланып отырған «Аякстың» дарынды футболшысы Каспер Дольбергті де атап өткен жөн. 19 жастағы жас талант ішкі чемпионатта бес доп, Еуропа лигасында екі доп тоғытқан екен.

Тас қамал болмасақ...

Қаратаудағы қақпамызға кірген бес доптан кейін, Копенгагендегі ойын алдында сескеніп отырғанымыз жасырын емес. Қонақтағы матчтар Байсуфинов командасы үшін сәтсіз өтіп жүр. Оның үстіне, алаңға сары қағазды «жинап алған» Исламбек Қуат пен жарақат алып қалған Абзал Бейсебеков қатыспайды. Екеуі де Талғат Маруанұлының командасында маңызды рөлді атқаратын футболшылар. Абзалсыз ойын жүйесін өзгертуге тура келуі мүмкін. Команда сапында «Астана» футболшысынан басқа ешкім оң қапталда латеральдың қызметін атқара алмайды. Қуаттың жанкешті футболшы екені дүйім жұртқа мәлім. Өзің де, өзгені де аямайтын батырдың арқасында кейбір матчтарда орталық алаңда беріктік болған. Сондықтан, Скандинавия түбегіндегі ойын Ұлттық құрама үшін оңайға соқпас. Ашық футбол ойнаудың қажеті шамалы. Алғашқы жиырма бес минуттағы алаң қожайындарының қарқынына төтеп беру керек. Мысалы, армяндар он жетінші минутта гол өткізіп алып, матчты құтқара алмады. Армяндардан емес, Копенгагеннен үш ұпайды қоржынға салып кеткен Черногория футболшыларынан үлгі алса, тиімді нәтижеге қол жеткізуге болады.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх