Главное Маңызды
17 апр. 2024, 16:03
468
Экс-нападающий сборной России и «Кайрата» Андрей Аршавин вспомнил о матче на «Энфилде» и о времени проведенном в «Арсенале», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Спорт-Экспресс».
15 апр. 2024, 19:06
5169
Исполняющий обязанности главного тренера карагандинского «Шахтера» Андрей Финонченко подвел итоги матча 1/8 финала Кубка Казахстана с семейским «Елимаем» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 апр. 2024, 18:37
622
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после 1/8 финала.
15 апр. 2024, 15:38
1384
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Первой лиги после второго тура.
15 апр. 2024, 11:37
599
Главный тренер «Актобе» Дмитрий Парфенов прокомментировал матч 1/8 финала Кубка Казахстана против против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:

Эрфан Зенели: "ХИК"-пен салыстырғанда "Шахтерда" шамалы жоғары жалақы аламын"

22 февр. 2016, 14:10 | 1931
Қарағандының "Шахтер" клубы биылғы маусымға қызу дайындық жүргізіп жатыр. Бүгінде команда қатарына алыс-жақын шет елдерден бірнеше футболшы қосылды. Солардың бірі – Эрфан Зенели. 28 жастағы шабуылшы қазақ жанкүйерлеріне өте жақсы таныс. Өткен жылы ол Чемпиондар лигасында "ХИК" сапында "Астанаға" қарсы кездесуге қатысқан. Тек қатысып қана қоймай, біздің қақпаға финляндиялық клубтың үшінші голын соғып, жанкүйерлердің зәре-құтын алған болатын.

Дәл сол футболшы енді "Шахтер" клубын өрге сүйрейтін футболшылардың қатарына қосылды. Осы орайда Kazfootball.kz порталы Зенелимен сұқбаттасып, біраз сауалдардың жауабын алған болатын.

—  Эрфан, Қазақстанға қош келдіңіз. "Шахтермен" қанша уақытқа келісім-шарт жасадыңыз?

— Рақмет. "Шахтермен" бір жылдық келісім-шартқа қол қойдым.

—  Жаңа командаңыздың қатарына қашан келдіңіз?

— Жұма күні келіп қосылдым. Қазір командамен біргемін. Бірнеше жаттығу жұмыстарын жасап үлгердім.

—  Командаластарыңыз Сізді қалай қабылдады?

— Жақсы. Менің байқауымша "Шахтер" қазір жаңа команда жинап жатыр. Алдағы маусымға жоспарлары да жақсы. Бұйырса, сол жоспарларды орындауға менің де көмегім тиеді деп ойлаймын. Командаға көмектесу үшін қолдан келгеннің барлығын аямаймын.

—  "Шахтер" осыдан екі-үш жыл бұрын Қазақстандағы ең күшті командалардың бірі болған. Тіпті Қазақстан тарихында Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған тұңғыш команда атанды. Командаға келер кезде бұл туралы білдіңіз бе?

— Шынымды айтсам, білмедім. Дегенмен, қазір ақырындап біліп келе жатырмын. Қарағанды қаласы туралы. Клубтың тарихы туралы команда қатарында бұрыннан ойнап жүрген футболшылардан сұрап жүрмін.

— Қарағандыға жолыңыз қалай түсті?

—  Менің 2015 жылдың соңында "ХИК"-пен келісім-шартым аяқталды. Содан кейін еңбек демалысымды өткізіп жүргенмін. Ақпан айының ортасында агентім хабарласып, қазақстандық клубтан ұсыныс түскенін айтты. Сөйтіп, клубтың бапкерлерімен, басшыларымен келіссөздер жүргіздік. Соңында бір бітімге келдік.

—  Сонда Сіз басқа футболшылар секілді бапкерлердің бақылауынан өткен жоқсыз ба?

—  Өттім әрине. Бірақ, ұзақ уақыт дей алмаймын. Келіссөздерді жүргізуге келгенде командамен 2-3 күн болдым. Келісімге келгеннен соң үйге барып, қайта келдім.

—  Егер құпия болмаса "Шахтер" клубында қанша жалақы аласыз?

—  Кешірім сұраймын. Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Қаржылық құпия.

—  Ал, "ХИК" сапында жүргенде қанша алатын едіңіз?

—  Бұл сұраққа да жауап бере алмаймын. Бірақ, "ХИК"-пен салыстырғанда "Шахтерда" шамалы жоғары жалақы аламын.

—  Сіздің өткен жылы "ХИК" клубымен Қазақстанға келгеніңізді білеміз. Оған дейін біздің елде болған ба едіңіз?

—  Жоқ. Болғаным жоқ. Тек "ХИК" клубымен ғана бір рет келдім.

—  "Шахтер" сапына өткен кезде кіммен ақылдастыңыз? Жалпы, Қазақстанда ойнайтын достарыңыз бар ма?

—  Бірінші кезекте отбасыммен ақылдастым. Одан кейін агентіммен. Дәл қазір менің Қазақстанда ойнап жүрген достарым жоқ. Алайда, бұрын ойнаған бір-екі футболшыны танитын едім. Солар Қазақстан туралы аз-кем айтып берді.

—  "Шахтер" сапында бірнеше жаттығу да өткізіп үлгердіңіз. Қазақстан мен Финляндия футболының арасындағы қандай ерекшеліктерді байқадыңыз?

—  Көп айырмашылық бар деп айта алмаймын. "ХИК"-те біз физикалық дайындыққа ерекше көңіл бөлетін едік. "Шахтерда" да көбіне физикалық дайындыққа ден қояды екен.

—  Айтпақшы, "ХИК"-пен бірге келгеніңізде "Астана" қақпасына үшінші голды соғып, біздің клубты Чемпиондар лигасынан шығарып жіберуге шақ қалдыңыз. Сондықтан, Сізді Қазақстанда құшақ жайып қарсы алады деп ойламаймын ...

— Иә, ол жағын білемін. Бірақ, мен ол кезде "ХИК" ойыншысы едім. Мен тек өз жұмысымды істедім. Енді "Шахтердің" биік белестерді бағындыруы үшін тынбай жұмыс істеймін. Жанкүйерлер маған түсіністікпен қарайды деген ойдамын.

— Сұқбат бергеніңізге рақмет. Жаңа клубыңызда сәттілік тілеймін!

— Сізге де рақмет!

Уалихан Қосанбай

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 4-2 8
2 Қызылжар 4 8-2 7
3 Ордабасы 4 8-3 7
4 Ақтөбе 3 7-2 7
5 Тобыл 3 6-2 7
6 Елимай 4 4-4 7
7 Астана 4 4-2 6
8 Туран 4 2-3 4
9 Жетісу 3 1-2 4
10 Атырау 4 2-3 3
11 Шахтер 4 1-8 3
12 Женис 4 1-9 3
13 Қайсар 3 1-7 0
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх