Главное Маңызды
28 мар. 2024, 14:50
53
Чемпион мира в составе сборной Италии, победитель Лиги чемпионов и пятикратный чемпион Италии с миланским «Интером» Марко Матерацци посетил детскую футбольную школу ФК «Астана», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
27 мар. 2024, 14:06
291
Как стало известно корреспонденту KazFootball.kz, сборная Казахстана в случае прохода в финальную часть ЕВРО-2024 в рамках подготовки к турниру могла сыграть командой из ТОП-10 рейтинга ФИФА.
27 мар. 2024, 10:27
363
Главный тренер Национальной сборной Казахстана Магомед Адиев прокомментировал выездной товарищеский матч против Люксембурга (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
26 мар. 2024, 23:41
407
KazFootball.kz представляет Вашему вниманию стартовые составы команд на товарищеский матч Люксембург – Казахстан.
26 мар. 2024, 13:53
331
ФИФА опубликовала новый рейтинг сильнейших женских сборных мира, сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп

27 дек. 2016, 17:20 | 4780
Мешін жылы Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін сәтті болды деп айта алмаймыз. Бірақ, сәтсіз де болмады. Өтіп бара жатқан 2016 жылы біздің басты құрамамыз 8 кездесу өткізді. 2 кездесуде жеңіске жетсе, 3 кездесуде қарсыластарымен тең ойнап, 3 кездесуде жеңілді, деп жазады KazFootball.kz порталы.

Дау жоқ, ұлттық құрамамыз үшін биылғы жылдың басты жаңалығы — бас командамыздың тізгінін Талғат Маруанұлы Байсуфиновтың ұстауы болды. Қазақ бапкерінің құрамаға келуін жанкүйерлер аттай 11 жыл күткен еді. Сол сенім ақталды ма, жоқ па білмейміз. Бір білеріміз Талғат Маруанұлының келуімен құрама сапында қазақ ойыншылары санының көбейгені.

Сөзіміз дәлелді болсын. Биыл Қазақстан Ұлттық құрамасы өткізген 8 ойынға 28 футболшы қатысыпты. Оның 15-і, яғни жартысынан көбісі қазақ жігіттері.

Одан бөлек, биыл Владимир Плотников (Грузияға қарсы кездесу), Роман Муртазаев, Альмир Мухутдинов (екеуі де Қытайға қарсы кездесу), Еркебұлан Тұңғышбаев (Данияға қарсы кездесу), Жасұлан Молдақараев (Қырғызстанға қарсы кездесу) сынды 5 футболшымыз құрама сапындағы алғашқы кездесулерін өткізді.

Қазақ футболының аңызға айналған футболшыларының бірі — Самат Смаков үшін де биылғы маусымды жақсы өтті деуге негіз бар. Себебі, Румынияға қарсы кездесуде капитанымыз ұлттық құрама жейдесінде 75-ші мәрте алаңға шығып, 7 жыл сақталып келген Руслан Балтиев орнатқан рекордтың мұртын бұзды. Содан соң құрамамен қош айтысатынын мәлімдеді.

Ал, Сергей Хижниченко Данияға қарсы ойында ұлттық құрама жейдесінде алаңға 41-ші мәрте шығып, Давид Лорияның көрсеткішін жаңартып, құрама сапында ең көп ойнаған футболшылардың қатарында 6-шы орынға көтерілді. Үздік бестікке ену үшін шабуылшыға енді небәрі бір ғана кездесу өткізу керек.

Юрий Логвиненко да Давид Лорияны қуып жетті. Екі футболшының еншісінде де 40 ойыннан бар. Бұрнағы күні 7-8 орындарды екеуара бөлісіп отыр.

Мешін жылын Талғат Маруанұлы шәкірттері наурыздың 26-сы күні Антальяда азулы Әзірбайжан құрамасына қарсы кездесумен бастаған еді. Бұл ойын біздің пайдамызға аяқталды. Матчтағы жалғыз голды Мақсат Байжанов соқты. Мақсат үшін бұл құрама сапындағы алғашқы голы болды.

Араға үш күн салып Тбилисиде Грузияға қарсы тең ойнадық. Бұл кездесуде Азат Нұрғалиев мергендігімен көзге түскен еді.

Одан кейін құрамамыз 3 айдай үзіліске кетіп, маусымның 7-сі күні Қытайдың Далянь қаласында сол елдің ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойында тағы да Азат Нұрғалиевтің соққан голының арқасында жеңіске жеткен едік. Алайда, аталған ойынды жанкүйерлер есінде жеңіске жеткеніміз үшін емес, Ұлан Қонысбаевтың ауыр жарақат алуымен сақтайтын шығар. Матчтың 45-ші минутында «Атыраудың» аяқдопшысы аяғын сындырып, ауыр жарақат алған еді. Соның салдарынан да маусымның қалған бөлігін құрамамызға да, командасына да көмектесе алмады.

Ұлттық құрамамыз жаңа бапкердің бастамасымен үш ойында жеңілмей келе жатқан. Бірақ, біз күтпеген нәтиже Бішкекте тіркелді. Тамыздың 30-ы күні құрамамыз «айыр қалпақты ағайынымыз» Қырғызстан құрамасымен ойнаған еді. Бұл ойынға бұған дейін өнер көрсетіп жүрген футболшылар шақырту алды. Дегенмен, Бішкектің «Спартак» стадионында салымыз суға кетті. Кичин мен Мурзаевтың Лория мен Покатилов қақпасына соққан голдарынан біз 0:2 есебімен есе жібердік.

Бірақ, бұл нәтиженің кездейсоқтық екенін құрама жігіттері арағы бір жұма салып дәлелдеді. Қыркүйектің 4-і күні Қазақстан Ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирін бастады. «Астана-Арена» стадионында соңғы кездері қарсылас біткенді пысқырмай келген Польша құрамасын қабылдады.

Адуынды Аркадиуш Милик пен «Баварияның» бетке ұстар футболшы Роберт Левандовский бастап келген польяктарға қарсы құрамамыз керемет ойнады. Рас, бірінші таймнан кейін Талғат Маруанұлының тәлімгерлері 0:2 есебімен ұтылып жатқан. Бірақ, екінші таймда Сергей Хижниченко соққан қос голдың арқасында есепті теңестіріп, іріктеудегі алғашқы ұпайды қоржынға салдық. Орайы түскенде айта кетейік, бұл Сергейдің ұлттық құрама сапындағы үшінші дубльі еді. Осылай қыркүйек айында Польшамен тең ойнап, төбеміз көкке бір жеткен болған еді. Бірақ, қазанда бұл қуанышымыз су сепкендей басылды.

10-ші қазан күні құрамамыз іріктеудің екінші ойынын сырт алаңда Черногория құрамасына қарсы ойнады. Подгорицада өткен ойында құрамамыз 0:5 есебімен тізе бүкті. Қазақстан құрамасы тарихында мұндай есеп бірінші рет тіркелген еді. Алайда, біздің жігіттер бұған дейін де Беларусь, Англия құрамаларынан бес гол жіберген. Бірақ, ол кездесулерде қарсылас қақпасына бір болса да гол соққан еді.

Қазақ футболшы үшін «Астана–Арена» құтты мекенге айналғандай. Өйткені, бұл стадионда «Астана» клубы да, Қазақстан Ұлттық құрамасы да биыл ұтылған жоқ.

Румынияны елорда төрінде қабылдаған Қазақстан тең нәтижені ұстап қалды. Сөйтіп, іріктеу турниріндегі екінші ұпайымызды алдық. Әйткенмен де, 2016 жылды Қазақстан құрамасы сәтсіз аяқтады.

Копенгагенде Дания құрамасымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді. Бұл ойындағы Гафуржан Сүйімбаевтың голы әлі күнге дейін жанкүйерлердің жадында шығар. Реннов қақпасына соққан гол, Гафуржанның ұлттық құрама сапындағы бірінші голы еді.

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 4 кездесу өткізіп, 2 рет тең ойнап, 2 рет ұтылған Қазақстан құрамасы «Е» тобында 2 ұпаймен көш соңында келеді. Дегенмен, келер жылы жағдайымызды дұрыстаймыз деген ойымыз да жоқ емес.

Биыл Қазақстан құрамасы қандай тактикамен ойнады? Енді осы сауалға аз-маз тоқталып кетсек. Бұрындары біздің ұжым 4-5-1 жүйесімен жиі ойнайтын. Талғат Байсуфиновтың келуімен біз 5-4-1 жүйесіне ауыстық. Яғни, үш орталық қорғаушы, оларға екі қапталдан тағы екі қорғаушы көмектеседі, екі тіреуіш жартылай қорғаушы, екі қапталда екі жартылай қорғаушы, бір еркін суретші (көбіне Исламхан) және бір шабуылшы. Осы тактиканы бас бапкеріміз барлық ойындарда қолданды.

Бірақ, Қазақстан құрамасы өткізген 8 ойынға да бірде-бір ойыншы түгел қатыспады. Сергей Хижниченко, Серікжан Мужиков, Сергей Малый және Дмитрий Шомколар 7 ойыннан өткізген.

Бұл төрттіктің ішінде тек Малый ғана 7 ойынды басынан аяғына дейін өткізген. Яғни, 630 минутпен биыл ұлттық құрама сапында ең көп уақыт өткізген футболшы атанып отыр. Одан кейін Дмитрий Шомко (545 минут), Сергей Хижниченко (532 минут), Юрий Логвиненко (520 минут) және Серікжан Мужиков (515 минут) келеді.

Міне, биылғы біздің құраманың көрсеткіші осындай. Осы нәтижелерге қарап, өтіп бара жатқан жылға өкпе жоқ дейміз. Енді алдағы тауық жылында тілегіміз көп. Оның бастысы, құрама көрсеткішінің жақсаруы мен іріктеуден өтуі. Яғни, келер жылдан үміт көп...

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Тобыл 2 6-2 6
2 Астана 2 4-0 6
3 Ордабасы 2 6-1 4
4 Қайрат 2 2-1 4
5 Қызылжар 2 4-2 3
6 Ақтөбе 1 3-1 3
7 Женис 2 1-2 3
8 Атырау 2 1-1 2
9 Елимай 2 2-4 1
10 Туран 2 0-2 1
11 Жетісу 1 0-2 0
12 Қайсар 2 1-6 0
13 Шахтер 1 0-6 0
Футболист недели Апта үздігі
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
9
Поиск по сайту
Наверх