Главное Маңызды
19 апр. 2024, 12:30
214
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Второй лиги после второго тура.
19 апр. 2024, 10:59
177
Казахстанский полузащитник «Гомеля» Абинур Нурымбет рассказал об играх в условиях Рамадана, целях по голам на сезон и адаптации в новом клубе, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sport5.by.
17 апр. 2024, 16:03
601
Экс-нападающий сборной России и «Кайрата» Андрей Аршавин вспомнил о матче на «Энфилде» и о времени проведенном в «Арсенале», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Спорт-Экспресс».
15 апр. 2024, 19:06
5310
Исполняющий обязанности главного тренера карагандинского «Шахтера» Андрей Финонченко подвел итоги матча 1/8 финала Кубка Казахстана с семейским «Елимаем» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 апр. 2024, 18:37
760
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после 1/8 финала.

Ерзат Кенбаев: "Қазақстанда жарақаты бар футболшы ешкімге керек емес"

20 дек. 2016, 06:30 | 4058
Тараз футболы талантты ойыншыларға бай деп айтудан еш жалықпаспыз. Солардың бірі – Ерзат Кенбаев. «Барселонаның» тасқамал қорғаушысы Жерар Пикенің қателігін пайдаланып, «Арсеналдың» қорғаушысы Начо Монреальға жеткізбей кетіп, «Вильярреалдың» қақпашысы болып жүрген Серхио Асенхоға гол соққан футболшы кезінде Қазақстан жастар құрамасы сапында жарқырап көрінген еді. Қазір бұл ойыншы немен айналысып жүр, алдағы уақытта қандай жоспарлары бар екенін білу жөнінде KazFootball.kz порталының тілшісі Ерзатпен әңгімелескен еді.

– Ерзат әңгіменің басын Сіздің «Жетісу» сапында жүрген кезіңізден бастасақ. Тәп-тәуір өнер көрсетіп жүрген кезіңіз еді...

– Иә, «Жетісуда» жақсы ойнап жүрдім. 2008-2009 жылдары Талдықорғанда нәтижем жақсы болатын. Алайда командамен келісім-шартым аяқталып, ол жақтан кетуге мәжбүр болдым. Сосын, өзімнің туған командам «Таразға» қайта оралдым. Ол 2010-шы жылдың басы еді. Нұркен Мазбаев команда тізгінін ұстап, сол кісі шақырды. Кезінде керемет шабуылшы болған ағамыз шақырып тұрғанда еш ойланбастан келістім. Оның үстіне «Тараз» командасы - мен үшін өте ыстық. Өз үйім ғой. Командада 2010-2013 жылдар аралығында өнер көрсеттім. Бұл аралықта сербиялық бапкер Любко Петрович шет елден легионерлер шақыртты да, мені «Лашын» командасына жалға берді. Бір айналым сонда жүріп, қайта командаға келдім. Ал, келесі маусымда тағы да «Лашынға» көмектесуге келдім. Айналым ортасына қарай бапкер ауысып, Петровичтің орнына Арно Пайперс келді.

– Бұл бапкер кезінде Ұлттық құраманы жаттықтырып тұрған кезінде өнеріңізді көрген болар?

– Иә, біз жастар құрамасында жүрген кезде ол кісі ойындарымызды тамашалап тұратын. Сол кезде көзіне түссем керек, «Лашыннан» бірден командаға қайтарып алды. Қайтадан бастапқы қалпыма келіп, гол соға бастаған едім, жарақат алдым. Амалсыз емделуге тура келді. Сосын келесі маусым басында бапкерлер штабы тағы өзгерді. Ал, мен клубпен бірге оқу-жаттығу жиынына бара алмадым. Қазақстанда жарақаты бар футболшы ешкімге керек емес. Біраз, жеке өзім жаттығып, қалпыма келдім. Сосын, ойын тәжірибиесін жоғалтпайын деп «Махтаарал» командасына бардым. 2015 жылы ол командаға мені Шайзидин Кенжебаев шақырды.

– Өткен жылы бір көргенімде заң саласында жүрдіңіз ғой.

– Футболдан көңіл қалып, біраз ойландым. Өзім Тараз мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірдім. Сосын, әскери билет алып, біраз курстарды оқыдым. Былайша айтқанда футболдан демалдым. Бірақ, футбол мені жібергісі келмегендей. Есеп және статистика комитетінде қызметте жүрген шағымда басшылар менің кезінде футболшы болғанымды біліп, комитеттің әуесқой командасын жасақта деп тапсырма берді. Сосын өзімді бапкер ретінде сезініп, команда жасадым. Кәдімгідей жаттығулар өткізіп, командамен өзім де ойнап тұрдым. Тараздағы әуесқой командалар арасындағы чемпионата бірінші орын алдық. Бірақ, күнделікті жұмысқа барып, заң қызметкері болудың өзі де ұнамай кетті. Бәрібір де жүрек футбол деп соғып тұрды. Қайтадан, үлкен футболға оралғым келді. Енді міне, бәрін тастап, күнде жаттығу жасаудамын. Кросс-фитке қатысып, жеңіл атлетиканың бапкерлерінен сабақ алып жүрмін. Физикалық тұрғыда өз бабыма келдім. Енді тек ойын тәжірибиесі ғана қажет.

– Сонда келесі 2017 жылды «Тараз» командасында өткізгіңіз келеді ма?

– Иә, қазір аға бапкер Сергей Тагиев мені оқу-жаттығу жиындарына шақырды. Қаңтар айында «Таразбен» Түркияға барып, жаттығу жұмыстарын жасасам деймін. Мен футболдағы соңғы сөзімді әлі айтқан жоқпын.

– «Тараздың» әлі Премьер-лигада қалуы белгісіз. Оның үстіне өткен жылғы маусымды футболшылар сәтті өткізді дей алмаймыз. Жанкүйерлердің командадан көңілі қалды деп есептемейсіз бе?

– «Тараз» командасы - бұл тарихы бай ұжым. Мұнда негізгі басымдылық жергілікті футболшыларға қойылатын. Әлі де солай. Соның арқасында емес пе, Тараз жерінен талай талантты аяқдопшылар шықты ғой. Клуб басшысы Махамбет Дүйсембаев мырза қолынан келгеннің барлығын жасап жатыр. Себебі, «Тараздың» жанкүйерлері бар. Кезінде чемпион болған команда қазір төмен жүрмеуі тиіс. Бірақ, биылғы бапкерлер легионерлерді дұрыс таңдамаған секілді. Ал, оған басшылықтың не қатысы бар? Облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев мырза болса командаға керекті жағдайдың барлығын жасап беріп жатыр. Енді 2017 жылы «Тараз» биылғы қателікті қайталамайды деп сенемін. Жанкүйерлер алдында клубтың абыройын қалпына келтіруге тырысамыз.

– Жастар құрамасында ойнаған кезіңіздегі қарсыластарыңыз қазір Еуропаның алпауыт командаларында ойнап жүр. Қарап жүретін шығарсыз.

– Алматыдағы «Орталық» стадионда Испаниямен ойнағанбыз. Сол ойынды қайталап көре бергім келеді. Серхио Асенхо қақпасына гол соқтым. Юрий Логвиненко қорғаныстан шығарған доп Жерар Пикеге келіп қалған. Бір кезде қарасам Жерар әріптесіне пас беремін деп тұрып, допты өткізіп алды. Әр қателікті аңдып жүрген маған бұл бір сый болды. Допты алып, тұра ұмтылдым. Начо Монреаль қуып жете бергенде 16-ның сызығынан алыстан көзді жұмып тебе салдым. Бір қарасам гол екен. Бұл менің карьерамдағы әзірге мықты голдардың бірі. Оған дейін Ақтөбеде Грузия қақпасына екі доп соқтым. Азат Нұрғалиев қалған екеуін ұрды. Одан бөлек Ресеймен ойнаған кезде ағайынды Комбаровтар, Дзюба, Файзуллин секілді футболшылар қарсылас болды. Оларды да сол кезде әбден қыстық, састырдық. Испанияда Мата, Кркич, Кальехон секілді футболшылар ойнады. Жалпы сол топта төрт гол соғып, сұрмергендердің бірі болдым.

– Бас бапкер Бернд Шторктың өзі де Венгриямен "ЕURO-2016" турнирінде сенсация жасады ғой.

– Футболда мені толығымен ашқан кісі - Бернд Шторк. Ол кісі керемет бапкер еді. Маған қай жерде, қалай ойнау керектігін түсіндірді. Үнемі негізгі құрамда ойнадым. Сосын бас командаға бапкер болғанда мені шақырды. «Уэмблидегі» Англияға қарсы ойында алаңға шығуым да мүмкін еді. Ойынның 65-70-ші минуттарында Сергей Остапенконың орнына шығасың деді. Қатты дайындалып жүрдім. Бірақ, матч алдындағы жаттығуда жарақат алып қалдым. Футбол болған соң амал жоқ, көнесің.

– Сұқбатыңызға рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 4-2 8
2 Қызылжар 4 8-2 7
3 Ордабасы 4 8-3 7
4 Ақтөбе 3 7-2 7
5 Тобыл 3 6-2 7
6 Елимай 4 4-4 7
7 Астана 4 4-2 6
8 Туран 4 2-3 4
9 Жетісу 3 1-2 4
10 Атырау 4 2-3 3
11 Шахтер 4 1-8 3
12 Женис 4 1-9 3
13 Қайсар 3 1-7 0
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх