Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
534
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2426
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
587
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
630
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
421
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Қолда тұрған жеңіс еді...

11 янв. 2017, 18:50 | 2519
"Гранаткин мемориалы" турнирінде Қазақстан U19 құрамасы екінші ойынын өткізді. Әзірбайжан құрамасын 2:1 есебімен жеңіп тұрған құрамамыз, 83-ші минутта өз қақпасына байқаусызда доп жіберіп алды. Енді топтан шығу мүмкіндігіміз қиындай түсті. Алайда, ойын барысында көзге түскен жағымды оқиғалар жеткілікті.

Табриз Гасанов шәкірттері ойын басталысымен допқа көбірек иелік етті. Қазақстан әдеттегідей басымдылықты қарсыласқа беріп, қарымта шабуыл кезегін күтті. Аракідік бұрыштама доптарын ойнатты. Қақпа алдындағы қауіпті жағдайлар кезінде қорғаушыларымыз допты беталды алысқа тебе берді. Сондай жағдайдың бірінде доп шабуылшы Еркебұлан Сейдахметке келді. Алайда, ол бір қорғаушыны алдап көремін деп доптан айырылды. Есесіне доп өзіміздің ойыншымыз, белсенді қимылдайтын сол қапталдағы Жанәлі Пайрузға келді. Ол қайтадан допты шабуылшыға берді. Міне, осы тұста екінші мүмкіндікке ие болған Еркебұлан жылдам қимылдарымен екі бірдей қорғаушыны қапыда қалдырып, айып алаңына сытылып енді. Үшінші болып жетіп келген қорғаушының өзі Сейдахметке жете алмас еді. Аяқты соза допқа ұмтылды. Бірақ, шапшаң қимылдайтын Еркебұлан допты алға сырғытып өтіп бара жатқанында қорғаушының аяғына шалынып құлады. Төреші еш шүбәсіз қолын нүктеге көрсетті. Тіпті, пенальтидің анық болғандығы соншама Әзірбайжан ойыншыларының өзі төрешімен дауласуға дәті бармады. Пенальтиді орындаған команда капитаны Дінмұхамед Кәшкен тура ортаға соққы жасап, кездесудің есебін ашты.

Таблодағы көрсеткіш сенімділік берген соң отандастарымыз өте сабырлы, салқынқанды ойнай бастады. Өздерін еркін сезініп, әлгі ойынды одан әрі жалғай берді. Қорғаныстан шыққан допты көбінесе қос қапталмен ала қашып, болмаса ортадағы жалғыз шабуылшы арқылы ойнатты. Осы ортада допты тамаша қабылдаған Сейдахмет бір ғана қорғаушымен қалды. Үлкен жылдамдықта тамаша финт көрсетіп, қорғаушыны алдап өткен ол, атып шыққан қақпашының қасынан соққы бағыттады. Алайда, бос қақпаға кетіп бара жатқан соққыны тағы бір қорғаушы келіп қайтарып үлгерді. Осы эпизодты қайталап қарасақ, біздің шабуылшымыз өте тамаша өнер көрсеткеніне көз жеткізер едік. Ол еш ойланбастан алдындағы қорғаушыны әдемі алдап өтті. Сосын ортаға жылжып, тамаша позиция алғанымен қоймай, қақпашыға қарсы бағытта, ыңғайсыз соққы бағыттады. Тек екінші қорғаушы келіп үлгерді. Егер осы доп қақпаға енгенде онда сөзсіз турнирдің үздік голдарының бірі болар еді. Қазақстандық шабуылшының тамаша дриблинг жасап, Әзірбайжан қорғаушыларын алдап өтіп жатқаны біздің көңілімізге медеу болды. Шабуылшы дәл осылай прогресс жасаса сөзсіз алдағы уақытта негізгі құрамаға да алынуы ықтимал. Әрине, оған дейін ол 21-ге дейінгі жастар құрамасына алынуы тиіс.

Тайм соңына қарай шабуылды үдеткен Әзірбайжан ойыншылары қорғаушының қателігін пайдаланып кетті. Айып алаңына асырылған пас аса қатты қиындық тудырмағанымен, қақпашы Даниил Устименко тосамын деп қателесті. Оның қолынан шыққан доп тура әзірбайжандық ойыншыға түсті. Ол таразы басың теңестірді. Бұл ойынның 45-ші минуты еді. Тайм соңында гол жіберіп алған қазақстандықтардың көңіл-күйлері бұзылып кетті. Алайда, екінші тайм басталысымен бұрыштамадан көтерілген допты Еркебұлан Сейдахмет баспен бос бұрышқа бағыттай салды. Есеп 2:1.

Матчтың үздік ойыншысы - Еркебұлан Сейдахмет

Араға 15 минут салып дәл осы Еркебұлан қақпаға қарай бір қорғаушыны жармастырып бетпе-бетке келе жатты. Алайда, соңғы сәтте қорғаушы аяқтағы допты жұлып шығарды. Негізі, допқа дейін қорғаушының аяғы шабуылшымыздың аяғына тигеніне байланысты ойын тәртібі бұзылып еді. Алайда, төреші екінші мәрте пенальти белгілеуге дәті бармады. Осы кезде соғылған гол болғанда онда матч тағдыры шешілер еді.

Ал, матч соңына қарай қазақ футболының қара күйесі болып жағылған синдром басталды. Яғни, 80-ші минуттың ішінде біздің командалар әдеттегідей гол жіберді. Болмашы бір шабуылдың кезінде қарсылас ойыншысы Нәбиев жерлете соққы бағыттап, алыс бұрышты әлсіз соққымен дәл көздеді. 2:2. Ойынның екі қаһарманы Сейдахмет пен Нәбиев екі қос құрама сапындағы үздік ойыншылар болып саналды. Енді Александр Кузнецов шәкірттері 13-ші қаңтар күні топтағы соңғы ойынын өткізеді. Қарсыласымыз – Литва жастары.

P.S

Мақала соңында өз ойымызды қоса кетсек. Әшейінде ойыншыларды жиі алмастыратын Кузнецовқа бұл жолы не болғаны түсініксіз. 70-ші минуттарда футболшыларды аямай шығару керек еді. Бұл турнирде 6 футболшыны алмастыруға болады. 60-шы минуттан бастап біздің футболшылар есепті ұстауға кірісіп, келген допты берекесіз алға қарай шығара берді. Соңында, допсыз көп ойнағандықтың кесірінен жастар шаршап қалды. Бұл жас бапкердің қателігі десек артық емес. Енді соңғы ойында Литвадан ұпай алуымыз керек. Ол үшін Литва бүгін Словакияны жеңсе, топта екінші орын алып, плей-офф сатысына шығуға мүмкіндігіміз арта түседі.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх