Главное Маңызды
28 мар. 2024, 14:50
198
Чемпион мира в составе сборной Италии, победитель Лиги чемпионов и пятикратный чемпион Италии с миланским «Интером» Марко Матерацци посетил детскую футбольную школу ФК «Астана», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
27 мар. 2024, 14:06
380
Как стало известно корреспонденту KazFootball.kz, сборная Казахстана в случае прохода в финальную часть ЕВРО-2024 в рамках подготовки к турниру могла сыграть командой из ТОП-10 рейтинга ФИФА.
27 мар. 2024, 10:27
462
Главный тренер Национальной сборной Казахстана Магомед Адиев прокомментировал выездной товарищеский матч против Люксембурга (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
26 мар. 2024, 23:41
482
KazFootball.kz представляет Вашему вниманию стартовые составы команд на товарищеский матч Люксембург – Казахстан.
26 мар. 2024, 13:53
403
ФИФА опубликовала новый рейтинг сильнейших женских сборных мира, сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Жартылай финалға жолдама алдық

16 янв. 2017, 23:30 | 2717
«Гранаткин Мемориалы - 2017» турнирінің ширек финалында Қазақстан U19 құрамасы өздерінің Словениядан келген құрдастарымен кездесті. 2:0 есебімен жеңіске жеткен жерлестеріміз турнирдегі сенсацияны тіркеді. Себебі, біздің командадан мұндай нәтижені ешкім күтпеген болатын.

Негізі Словения құрамасының бұл кезеңге жетпей қалуы әбден ықтимал болған. Топтық кезеңнің соңғы ойынында олардың бағы жанды. Қалай дейсіздер ғой? «Зенит» командасы 6 ұпай алып, топтағы алғашқы орынды 100 пайыз алатын болғаннан кейін, соңғы ойынға қосалқы құрамды шығарды. Ал, екінші бәсекелес Иран Молдованы 5:0 қылып тас-талқан етті. Екінші орынды Иран құрамасы алмағанын тіледік. Себебі, Парсы түбегінің футболшыларының қарқыны тым күшті еді. Сүйретіліп, әзер шыққан Словенияны Иранға қарағанда осал деп санадық. Былайша айтқанда ойлағанымыз болды. Біздің бұл пікірімізбен құраманың футболшылары да, бапкерлері де келіскендей болды. Олар да Ираннан гөрі Словения қарсылас болғанын күтті.

Словения сапында 10 нөмердегі қорғаушы Александр Паламар Голландия біріншілігіндегі «Херенвен», 12 нөмердегі қақпашы Видовшек Матевич Италияның «А» сериясындағы «Аталанта» командаларының жастар құрамасының ойыншылары. Міне, осының өзі біраз жайтты айтады. Команданың соншалықты осал еместігін осыдан-ақ бақылауға болатындай. Ал, қалған ойыншылары бізге жақсы таныс «Марибор», «Домжале», «Браво» командаларында өнер көрсетеді. Бесінші нөмердегі жартылай қорғаушы Яка Бийоль 3 ойында 2 гол соққан құраманың маңызды ойыншысы. Оны Словениялық мамандар болашақ «жұлдыз» деп жүр. Сонымен қатар, ойын алдында белгілі болғандай осы екі команданың жеңімпазы жартылай финалда Грекиямен кездесер еді. Олар кеше Латвиямен болған теке тіресте пенальти сериясында жеңіске жетті. Топтық кезеңде 8 доп соққан элладалықтар осы турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады.

Сонымен қош делік, ойынға тоқталсақ. Матч басталысымен оң қаптал арқылы жақсы бір шабуыл жасадық. Жанәлі Пайруз қақпашыны қателесуге мәжбүрлеп, есеп ашты. Бірінші таймның өзінде басымдылық танытқан қазақстандықтар қарсыластың мысын басып тастады. Және өздері де словениялықтардан еш жерлері кем еместігін анық ұқты. Себебі, қарсылас команда ойыншылары бір-біріне пас беру кезінде жиі қателесіп, түсініспей жатты.

Екінші таймда жерлестеріміз допты көбірек ұстап, матчтың 60-шы минутына дейін жетіп алуды ұйғарды. Одан кейін таза қарымта шабуылдарға иек артты. Бұл біздің команданың негізгі ойын мәнері ғой. Қарсыласқа допты беріп қойып, қателігін аңдып жату. Сегізінші нөмердегі Сұлтанбек Астановты айып алаңының тура сызығының үстінде құлатқаны үшін төреші пенальти белгіледі. Бұл жолы 11 метрлікті капитан Дінмұхамед Кашкен емес, Айдос Орал орындады. Қақпашы доптың ұшу бағытын дәл аңғарғанымен, тоса алмады. Есеп 2:0. Бұл ойын тағдырының шешілгендігінен хабар берді. Себебі, бұл кезде матчтың 62-ші минуты өтіп жатты. Қалған минуттарда бапкер Александр Кузнецов ойыншыларды алмастырып, шаршаңқы қалған позицияларды жаңартып отырды. Комбинациялық ойын көрсетіп, қарсыластан тактикалық тұрғыдан да басым болған Қазақстан жастары жеңіске жетуге лайық еді. Ойын аяқталысымен біздің команда сапында Айдос Орал үздік ойыншы атанғанын естідік.

Енді Қазақстан құрамасы турнирдің жартылай финалында 18-ші қаңтар күні, Астана уақытымен 19:30-да Грекия құрамасымен кездеседі.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Тобыл 2 6-2 6
2 Астана 2 4-0 6
3 Ордабасы 2 6-1 4
4 Қайрат 2 2-1 4
5 Қызылжар 2 4-2 3
6 Ақтөбе 1 3-1 3
7 Женис 2 1-2 3
8 Атырау 2 1-1 2
9 Елимай 2 2-4 1
10 Туран 2 0-2 1
11 Жетісу 1 0-2 0
12 Қайсар 2 1-6 0
13 Шахтер 1 0-6 0
Футболист недели Апта үздігі
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Ислам Чесноков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
9
Поиск по сайту
Наверх