Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1035
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1501
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1594
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2561
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
1790
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Атырау" клубының басшылығы клуб жанкүйерлерімен кездесті

02 мар. 2017, 12:33 | 1186
Кеше кешкісін «Атырау» футбол клубының басшылығы жаңа маусымда командадан 9 ұпайды шегеру жөніндегі шешімге түсініктеме беру үшін клуб жанкүйерлерімен кездесті. Кездесуге клуб атынан команда директоры Тимур Нигимов, заңгер Марал Байденова мен спорттық директор Драган Джурджевич қатысты, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.

«Атырау» клубы черногориялық экс-бапкер Зоран Филиповичтің алдында қарыз емес. Мұны растайтын тиісті құжаттарымыз бар. Дәл соның кесірінен біз 6 ұпайдан қағылайын деп отырмыз. Біз, әрине, мұнымен келіспейміз. Сол себепті де Швейцарияның Лозанна қаласындағы спорттық арбитраждық сотқа осы мәселе бойынша апелляциялық шағым түсірдік», - деп түсіндіріп өтті кездесу басында сөз алған клуб директоры. Ол сондай-ақ, экс-футболшы Рикардо да Костаның қарызы расымен өтелмегенін атап көрсетті. Осы бағытта ойыншының өзімен аталған қарызды жабу үшін қаржы қарастыру бойынша келіс-сөздердің жүріп жатқанына тоқталды.

«Ең бастысы, қазір бұған команда аса зейін аудармай, өз ойындарына көңіл бөлгені жөн. Себебі, бұл психологиялық тұрғыдан соққы болмауы тиіс. Ал, біздер бұл мәселемен айналысып жатырмыз», - деп толықтырды ол.

Жанкүйерлердің сауалдарына жауап берген клуб заңгері экс-бапкер үшін алынғалы тұрған 6 ұпайды қайтаруға мүмкіндіктің көп екенін, ал экс-футболшы Рикардо да Коста Джонатас үшін шегерілгелі тұрған 3 ұпайды тек футболшының алдындағы қаржылай қарыз төленгенде ғана кері қайтару ықтимал болатынын жеткізді. «Егер Джонатастың қарызын өтейтін болсақ, ол ФИФА-ға қарыздың өтелгендігін айтып, арызын кері алуы керек. Сондай ымыраластық жағдайында ғана арбитраждық сот біздің арыз-апелляцияларымызды қанағаттандырып, үш ұпайымызды қайтаратын болады. Алайда, бұл ұзақ, әрі күрделі процесс. Былтыр естеріңізде болса, «Алтай» футбол клубын да қарыздары үшін ФИФА ұпайларынан айырған болатын. Бірақ ақыр соңында чемпионат аяғына дейін қарастырылған мәселе оң шешіліп, ұпайлар қайтарылды. Біз қазіргі таңда сол істе «Алтайдың» құқығын қорғаған спорттық заңгермен және тағы да басқа білікті мамандармен жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол.

Клуб басшылығы туындаған мәселенің шешімін табу бойынша тынбай жұмыс жүргізіп жатқанын және көп ұзамай жақсы жаңалықтың болатынына үмітті екенін жеткізді. Кездесу мүмкіндігіне ие болған жанкүйерлер басты мәселеден тыс, өздерін қызықтырған өзге де сұрақтарға жауап алды.

ФК "Атырау"

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх