Главное Маңызды
23 июн. 2026, 15:46
2567
23 июня 2026 года прошло заседание Контрольного, дисциплинарного и этического комитета Казахстанской федерации футбола, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт КФФ.
22 июн. 2026, 18:57
2201
Бывший главный тренер сборной Казахстана Талгат Байсуфинов объяснил, что стало причиной его ухода с поста главного тренера сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sportarena.kz.
22 июн. 2026, 16:41
1804
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 14-го тура.
22 июн. 2026, 09:48
1186
Главный тренер «Актобе» Штефан Таркович прокомментировал матч 14-го тура Премьер-лиги против «Астаны» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
22 июн. 2026, 09:36
1097
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч 14-го тура Премьер-лиги против «Актобе» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

"Қайрат" қатарынан екінші рет Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

05 мар. 2017, 00:50 | 2962
Биылғы Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойын жалпы еліміздегі кезекті маусымның тұсаукесері болды. Қазақстандағы екі үздік командалар "Астана" мен "Қайраттың" қарымын білгіміз келді. Бар сауалға жауап таптық. Екеуі де бабында. Алайда, жеңіске "Қайрат" жетті. Есеп 2-0. Еурокубоктарда Қазақстан намысын қорғайтын қос командамыздың матчынан не түйдік? KazFootball.kz порталы осы тақырып жөнінде әңгіме тарқатпақ.

Бірінші тайм

Ойынның алғашқы бөлігі аса қатты шабуылға толы өтті дей алмаймыз. Қос команда бір-бірін аңдумен жүрді. Негізі, алғашқы таймды «Астана» жеңді деуге болады. Себебі, Станимир Стойловтың командасы допты көбірек ұстады, шабуылды да көбірек жасады. Екі команданың кем дегенде бір голдан соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ, ойыншылар өз мүмкіндіктерін жіберіп алды. Әсіресе «Астана». Жарко Марковичтің қателігін пайдаланған Джуниор Кабананга бір қорғаушыны айналып өтіп, қақпаға жойқын соққы бағыттады. Алайда, сәл қиыс кетті. Ал, «Қайрат» сапынан Исаэль Шомконы жылдам лыпып өтіп, қақпаға соққы бағыттады. Бұл тұста Эрич құтқарды. Бірінші таймда сонымен қатар, есте қалғаны бұрыштама доптары. «Қайрат» тоғыз, «Астана» бес бұрыштама көтерді. Бір тайм ішінде 14 бұрыштама көтеру кейбір ағылшындық командалардың қолынан келмесі белгілі. Демек, Цхададзе де, болгар бапкері сияқты команда ойынын осы матчта көбінесе стандарттық жағдайларға икемдеген. Айып добы, бұрыштама, мүмкін болып жатса пенальти. Матч тағдырын осындай бір қатып қалған футбол элементі шешетін шығар деп күттік. Себебі, 1-тайм осылай 0-0 аяқталды.

Енді жаңа футболшыларға тоқталсақ. Бірінші таймда Иван Маевскийге көзіміз түсті. Ол ортаны ұстап, Максимовичтің ойынына ұқсас мәнер көрсетті. Жалпы, орталық жартылай қорғаушы жаман емес секілді. Ал, ортада жүрген Аздрен Лулаку қатты бір байқала қойған жоқ. Бәлкім албан шабуылшысы әлі командаға сіңісе алмаған да шығар. Абзал Бейсебековтың ортаға ойысуы таңқаларлық оқиға емес. Ол осыған дейін осы позицияда өнер көрсетіп жүрген еді. Шамасы, маусым бойы енді Бейсебеков ортада ойнайды. Ал, «Қайрат» бірінші таймда жаңадан алған ойыншыларын шығарған жоқ. Тегіс өткен жылғы жігіттер. Тек Елдос Ахметов қана. Георгий Жуковтың алаңға шығуы жанкүйерлер тарапынан сұранып-ақ тұрды.

Екінші тайм

Екінші таймда тізгінді алматылықтар өз қолдарына алды. Допты көбірек ұстап, толықтай басымдылық танытты. «Астан» футболшылары бұлай болады деп ойламаса керек. Тіпті, қарымта шабуылға шығуларының өзі қиындап кетті. Алғашқы таймда бұрыштамалар саны 9-5 болып аяқталған. Ал, одан кейінгі бұрыштама кездесудің 76-шы минутында бір-ақ орын алды. Оны алаң иелері орындады. Стандарттық жағдай еш мүмкіндік бермеген соң бәрібір де доп Исламханға қайта айналып келді. Ол шамамен айып алаңына допты асыра салды. Юрий Логвиненконың аяғынан сусып өткен доп, Эричтің де саусақтарына сүйкеніп Сесар Арсоның аяғына тап келді. Есеп 1-0. Испаниялық қорғаушы матч тағдырына өте қатты әсер еткен гол авторы атанғанын анық сезді. Айтпақшы, бұл гол соңғы үш суперкубок финалында негізгі уақытта соғылған алғашқы гол еді.

Германияның «Гамбург» сапында ойнаған Иво Иличевич алаңға Андрей Аршавинді алмастырып енді. Қазақстан футболында демек, тағы бір танымал ойыншы пайда болды дей беріңіздер. Кезінде бундеслигада дүркіреген хорват футболшысы жартылай қорғаныста жақсы қимылдап жүрді. Ең бастысы тәжірибиесі мол ойыншы еш шіміркпестен, сенімді ойнай алатынын көрсетті. Ортадағы ойынды күшейтетін тағы бір ойыншы Георгий Жуков алаңға 88-ші минутта Исаэльдің орнына шықты. Демек, биыл Цхададзе жартылай қорғанысты қатты күшейтіпті. Ал, матчтың нүктесін Исламбек Қуат қойды. Толық құраммен алға қарай лап қойған елордалықтар қорғанысты ұмытты. Иво Иличевичтен пас алған Исламбек тіке тартып, ешқайда да бұрылмастан, қақпа алдына келіп есепті еселеді. Қуанғанынан жейдесін шешіп, екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Бірақ, Исламбек Қуат бұл үшін мүлде ренжіген де жоқ. Себебі, одан кейін Артем Кучин соңғы ысқырығын шалып, ойын аяқталды. 

Сонымен, алматылық "Қайрат" қатарынан екінші рет Қазақстан Суперкубогының иегері атанды!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 14 26-9 34
2 Қайрат 16 26-11 33
3 Оқжетпес 14 20-13 27
4 Ұлытау 14 13-13 23
5 Ақтөбе 14 18-13 22
6 Астана 14 19-15 22
7 Елімай 14 21-19 20
8 Атырау 14 11-9 18
9 Жеңіс 14 11-16 17
10 Жетісу 14 19-22 15
11 Қызылжар 15 17-22 15
12 Қайсар 15 11-18 14
13 Тобыл 14 13-22 12
14 Ертіс 14 13-19 10
15 Алтай 14 9-15 10
16 Каспий 14 8-19 8
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх