Главное Маңызды
05 окт. 2026, 17:50
282
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча четвертого тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Фарерских Островов, сообщает корреспондент KazFootball.kz:
04 окт. 2026, 10:31
1194
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после товарищеского матча против «Елимая» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
03 окт. 2026, 10:20
823
36-летний защитник «Ордабасы» Сергей Малый в игре Лиги Наций против сборной Молдовы (1:2) сыграл свой 76-й матч в составе Национальной сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
02 окт. 2026, 22:19
2187
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
01 окт. 2026, 17:33
1641
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы, сообщает корреспондент KazFootball.kz:

"Тобыл" жүлдеге қол соза ма?

07 мар. 2017, 12:00 | 2725
Өткен маусымда алғашқы алтылыққа ене алмаған қостанайлық "Тобыл" биыл биік мақсат қойып отыр. Міндет алғашқы үштікте болу. "Астана" мен "Қайраттан" ұпай алатын санаулы команданың бірі де осы - "Тобыл" деседі жұрт. Себебі, Түркия жағалауындағы дайындығы жақсы пысықталыпты, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.

Қақпа мен қорғаныс

«Арыстанның аузынан тіс түскенде, ақырған дауысымен күн көреді» демей ме?! Кезінде дүркіреген қостанайлық «Тобыл» сол жеңісті рухымен қайта оянуы мүмкін. Команда жаңа легионерлермен толықты. Қақпашы Дмитрий Непогодов украиналық «Динамоның» түлегі. Францияның «Марсель» ұжымына ауысқанда бұл жігітті Украинаның жастар құрамасы шақырады. Одан кейін, украинаның «Ворскла» командасының негізгі қақпашысы болған. Демек, бас бапкер Омари Тетрадзе негізгі қақпашыны тапқан секілді. Қосалқы құрамда Станислав Павлов пен Султан Бусурманов секілді жас қақпашылар бар. 

Қорғаныста легионерлерден орталық африкалық Фернандер Кассай мен хорватиялық Денис Главина бар. Бұл жігіттер өткен маусымнан келе жатқан команданың мығым бөлшегі. Ал, жаңадан Сергей Малый мен Григорий Сартаков келді. Малый Қазақстан Ұлттық құрамасының, Сартаков жастар құрамасының ойыншылары екендігін ұмытпайық. Сонымен бірге, басты командаға алынып жүрген Дмитрий Мирошниченко, Марк Гурман, Виктор Дмитриенколар бар. Қорғаныс «Тобылда» өте жақсы жасақталған.

Жартылай қорғаныс

Литва құрамасының жартылай қорғаушысы Артурас Жулпа «Тобыл» сапында тағы бір маусым өткізбекші. Томаш Шимкович пен Душан Савичсіз осы күні «Тобылды» елестету қиын. Ал, ортадағы ойынды күшейту үшін «Астанадан» ауысып келген Асхат Тағыберген бар. Ұлттық құраманың орталық ойыншысы осында келіп ойын тәжірибиесіне қарық болмақшы. Бұл құрама үшін де, футболшы үшін де жақсы трансфер деп топшылап отырмыз. Себебі, Асхат «Астанада» толық ашыла алмады. Сонымен бірге, Альмир Мухутдиновты де ұмытпауымыз керек. ЦСКА академиясының ойыншысы артқы жартылай қорғаныстың діңгегіне айналған. Ол да ұлттық құрамаға шақырту алып жүрген ойыншы. Жас футболшылар Самат Жарынбетов, Евгений Левин, Жасұлан Шубаев, Рауль Джалиловтардың  да жарқырайтын кездері жетті.

Шабуыл

«Тобыл» «Астананың» қосалқы фарм-клубына айналды деп жүргендерді түсінуге болады. Гурман, Малый, Тағыберген, Деспотович, Щеткин – бесеуі де «Астанадан» ауысқандар. Біреуі жалға, біреу басы бүтін ауысып жатыр. Енді келер маусымда Қазақстан құрамасының басым бөлігін «Тобыл» ойыншылары құрайын деп отыр. Қостанайлық клубтың елордалықтарға қарсы матчы өте тартысты өтеді деп сенеміз. Айтпақшы, шабуыл өтінде Тоқтар Жаңғылышбай мен Жасұлан Молдақараевтар Деспотович пен Щеткинмен негізгі құрам үшін таласады. Шабуылда бәсеке жоғары дей аламыз. Омари Тетрадзенің де діттегені осы болса керек. Команда ішінде бәсеке жоғары болса, алаңдағы ойынның да сапасы соншалықты болады ғой.

P.S. Команда үйлесімді өнер көрсетуі үшін футболшылар құрамын бірнеше жыл қатарынан ойнатуы қажет. Бір-бірін жақсы білетін легионерлер бір үйдің балаларындай әрекет етеді. "Тобыл" былай қарасаңыз легионерлерден тек Деспотовичті ғана алды. Оның өзі легионер дегенге ауыз бармайтын адам. «Тобылдың» жарты құрамы онымен бір командада ойнап үлгергендер. Демек, бұл команда биыл жоғары өрмелеуі мүмкін. «Тобыл» арнасынан тасып жатса, медальға да қол созып қалар...

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 26 51-18 61
2 Қайрат 26 51-20 57
3 Астана 25 42-25 48
4 Оқжетпес 26 41-35 45
5 Ақтөбе 26 38-31 42
6 Елімай 25 35-33 38
7 Тобыл 26 33-35 34
8 Жеңіс 26 26-32 32
9 Ұлытау 26 24-32 32
10 Каспий 26 27-36 29
11 Ертіс 25 26-34 26
12 Алтай 26 26-36 25
13 Қайсар 26 22-33 24
14 Қызылжар 26 26-40 24
15 Атырау 25 18-28 23
16 Жетісу 26 26-44 22
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Защитник Қорғаушы
23
Поиск по сайту
Наверх