"Атырау" Қостанайға ұшып кетті
06 мар. 2017, 17:15
|
1118
Түс қайта Қазақстан Премьер-лигасының бірінші туры аясындағы "Тобылға" қарсы матчқа қатысу үшін команда Қостанай қаласына ұшып кетті. Ертең команда ойын өтетін "Затоболец" стадионында матч алдындағы жаттығуын өткізеді деп күтілуде.
Бүгінгі жаттығуда қақпашы Жасұр Нәрзіқұлов пен жартылай қорғаушы Алмас Арменов жалпы топтан бөлек жаттықты. Ал, жарақаты бар Әлішер Сүлей жаттығуға мүлде қатысқан жоқ.
8 наурыз күні "Тобылға" қарсы өтетін матчтың ертесіне "Атырау" ФК елордаға ұшады, әрі қарай Шымкентке аттанады деп жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, "Атырау" командасы екінші тур аясындағы матчты шымкенттік "Ордабасыға" қарсы сырт алаңда өткізеді.
Турнирная таблица
Турнирлік кесте
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |
Футболист недели
Апта үздігі
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту