Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1721
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2170
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2214
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3171
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2391
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Ордабасы" облыс әкімімен кездесті

10 мар. 2016, 20:10 | 1455
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов «Ордабасы» командасының ойыншыларымен жүздесіп, жаңа маусымға сәттілік тіледі. Облыс басшысы құрамаға алынған аяқ доп шеберлерінің әрқайсысымен жақын танысып, бас бапкермен бірге олардың мүмкіндіктерін саралады.

Сонымен қатар, шетелдік футболшыларға біздің елде табысты болуына тілектестік білдірді. «Ордабасының» биіктерге өрлеуіне ықпал ететін бұл футболшылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары, олардың қауіпсіздігі де назардан тыс қалмады. Кездесу барысында облыс басшысы футбол төңерегіндегі бірқатар мәселелерге кеңінен тоқталды. Бейбіт Бәкірұлы талай жылдан бері басты проблемаға айналып кеткен "Қажымұқан" атындағы орталық стадионның жарықтандыру жүйелерін толық шешетінін мәлімдеді.

«Ордабасы» футбол клубы облыстың бет-бейнесі. Осы команданың даңқы арқылы облысты бүкіл әлем таниды. Сондықтанда, командаға деген көзқарасты өзгерту керек. Облыстың әрбір тұрғыны, өз командасына қолдау жасап, ұдайы футболшылармен бірге тыныстап отыруы керек. Ол үшін қалаларда, аудан орталықтарында «Ордабасы» командасының көрнекіліктері, билбордтары, экипировкалары, атрибутикалар үшін арнайы орындар қарастырылуы шарт. Матч барысынан дайындалатын телерепортаждар ұйымдастырылып, көкрермендерге жеткізілуі керек. Жанкүйерлер футболға мерекедегідей көңіл-күймен толық келуін ұйымдастыру шараларымен, Еуропа лигасы ойындарын жоғары деңгейде өткізуге атсалысуды қамтамасыз ету мәселесі қолға алынады»- деді облыс әкімі.

Бұдан соң облыс басшысы команданың бас бапкері Бақтияр Байсейтовпен команданың биылғы мақсаты жайында пікір алмасты. «Ордабасының» жаңа маусымдағы мақсаты алғашқы айналымда, мықты алты команданың қатарына ену. Чемпионатты жүлделі орынмен аяқтау, Еуропа лигасы ойындарында топтық кезеңге дейін шығу міндеті қойылды. Жанкүйердің талабы бәрінен биік тұратыны да айтылды. Жиын соңынан футболшылар атынан команда капитаны Қайрат Әшірбеков сөз алып: «Ордабасы» командасы жаңа маусымға арналған жаттығуларын ойдағыдай өткізді. Құрамаға мықты футболшылар алынып жатыр. Олай болса облыс басшылығы мен жанкүйерлер қойған талапты орындау үшін бар күш-жігерімізді ортаға саламыз»-деді. Және футболшылар тарапынан өңір басшысына команданың бір мүшесі ретінде символикалық №1 жейде тапсырылды.

Әсерлі болып өткен кездесу барысында жанкүйерлер тарапынан «Сізде осы команданың бір бөлшегісіз»-деген фан-клуб жетекшілері, арнайы шарфтар мен экипировкаларды сыйға тартты.

Облыс басшысы бұл тартуға разылығын білдіріп, командаға жаңа маусымда жоғары нәиже көрсету үшін сәттілік тіледі. Өзі мүше болып қабылданған «Ордабасы» командасының толық құрамымен естелік суретке түсті.

«Ордабасы» чемпионаттың тұсаукесер ойынын 13-наурыз күні, "Қажымұқан" атындағы орталық стадионда «Ақтөбе» футболшыларымен бастайды. Бұл кездесу жексенбі күні сағат-15:00-ге белгіленді. 

"Ордабасы" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх