Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1019
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1485
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1581
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2551
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
1784
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Рафкат Аслан: "Тобылға" қарсы ойынға ерекше ынтаммен шықтым"

13 мар. 2017, 13:24 | 1422
"Ақтөбе" футбол клубының қорғаушысы Рафкат Аслан қостанайлық "Тобылға" (0:0) қарсы өткен ойын жайлы клубтың баспасөз-қызметіне өз пікірін білдірді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

- Рафкат, ойын жайлы өз пікіріңіз қандай? 

- Психологиялық жағынан да, физикалық жағынан да ойын біз үшін оңайға соққан жоқ. Бірінші турда жеңілген соң, командаға жаңа серпіліс керек болды. Біз бұл ойынға тек жеңу үшін шықтық. Екінші жағынан, «Тобыл» менің үш жыл бойы доп тепкен командам, яғни, өзімнің бұрынғы командама қарсы ойнадым. Сондықтан, мен бүгінгі ойынға ерекше ынтаммен шықтым. Есеп теңбе-тең, бірақ қалай да үш ұпай олжалауымыз керек еді.  Бұл есепке көңіліміз аса тола қоймады. 

- «Тобыл» жанкүйерлері тарапынан сізге ерекше «ыстық ықылас» болды ма? Яғни, ысқырып, қысым көрсететіндей, арандататындай әрекеттерді байқамадыңыз ба? 

- Жоқ, ондай әрекеттерін көрмедім де, естімедім. Мені жанкүйерлер әрқашан сыйлайтын. Сондықтан, ондай қысымшылықты сезінбедім. Сөздің орайы келіп тұрғанда айтайын, шалғай Ақтөбеден келіп, бүгін бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерімізге рахметімді айтамын. Барша ақтөбелік жанкүйерлерге зор алғыс.

- Бір аптадан соң өз алаңдарыңызда алғашқы ойынды өткізесіздер. Қарсылас – шымкенттік «Ордабасы». Үш ұпай олжалай аласыздар ма?

- Әрине! Бастысы, бас бапкердің нұсқауларын дұрыс орындасақ, жеңіске жету үшін сол жеткілікті деп ойлаймын. Себебі, бапкер команданың әлсіз және мықты тұстарын әбден зерттеп, бізге дұрыс бағыт беріп отырады. Ертеңнен бастап сол ойынға дайындалатын боламыз.

«Ақтөбе» ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх