Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1012
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1479
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1577
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2548
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
1780
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Асхат Тағыберген: "Басқа клубтардан ұсыныстар түсті, бірақ мен "Тобылды" таңдадым"

16 мар. 2017, 20:20 | 2144
"Тобыл" футбол клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген "Оқжетпеске" қарсы өтетін ойын алдында қостанайлық команданың баспасөз қызметіне сұхбат берді, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.

- Қостанайлық команданың оқу-жаттығу жиынына соңғы күндері ғана қосылдыңыз. Жігіттермен алаңда түсінісу жағы қалай? Командаға келген жаңа ойыншылар туралы өз ойыңызбен бөліссеңіз? 

- Әрине, Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын толықтай қорытындылай алмаймын. Бар білетінім – «Тобыл» бұл маусымға толыққанды дайын. Команда құрамы жаңарды. Қазақстан чемпионатында бірінші жыл жүрген жоқпын, сол себепті жігіттерді бұрыннан танимын. Олармен тез тіл табысып кеткен сыңайлымын. Құрамға қосылған жаңа ойыншылардың барлығы өз ісінің шеберлері. Ең бастысы, олар команданың жетістіктеріне өздерінің елеулі үлестерін қосады деген ойдамын. Менің мақсатым да осы. 

- Қанша дегенмен, жаңа клуб, жаңа қала, «Тобыл» құрамына қосылмас бұрын өзіңізге қандай мақсат қойдыңыз? Мүмкін бапкердің жеке тапсырмасы бар шығар? 

- Алдыңғы жылдың соңында ауыр жарақат алып, қатардан шығып қалдым. Жарақаттан толық айыққан соң бірден «Тобылды» таңдадым. Себебі, ойын тәжірибиемді қайтадан бір арнаға салуым керек болды. Қай кезде де ұлттық құраманың намысын абыроймен қорғау – басты міндет. Ал, «Тобыл» - бұл ретте маған көмектесе алатын команда. Басқа да клубтардан ұсыныстар түсті. Алайда, менің таңдауым астықты алқапқа түсті. Мен де өз кезегімде қостанайлық клубты өрге сүйреуге тырысамын. 

- Алғашқы екі турды қорытындыласақ, әсіресе, «Тобылдың» ежелгі қарсыласы «Ақтөбемен» өткен кездесу қиынға соққан секілді. «Ақ-қызылдар» сізге бөтен емес. Құрам жігіттерінің айла-тәсілдерін білесіз дегендей... 

- Бірінші ойында «Атыраумен» кездестік. Қобалжу болды. Бірақ бапкердің ақыл-кеңесі арқылы оны жеңе білдік. Жанкүйерлер үшін маусымдағы алғашқы үш ұпай да осылай келді. Әрине, «Ақтөбе» - Қазақстандағы мықты ұжымдардың бірі. Бұл ойында сәл шаршаңқы көрінген болармыз, әйтеуір бірдеңе жетпей тұрды. 

- Үшінші турда Сіздерге сырт алаңда «Оқжетпес» қарсылас атанады. Команданың қарым-қабілеті қандай? 

- Қарап отырсам, «Оқжетпес» командасының дені – жастар. Олардың бапкері мықты. Сондықтан, «Астана-Аренада» бізді оңай ұжым күтіп тұрған жоқ. Не болса да, барлығын ойын көрсетеді. Жанкүйерлер үшін тағы бір үш ұпай әкелуге әзірміз. 

"Тобыл" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх