Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1003
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1468
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1574
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2541
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
1777
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Мардан Төлебек: "Үздік үштік үшін таласуға дайынбыз"

29 мар. 2017, 21:00 | 2756
Үш турдан соң уақытша тоқтатылған Премьер-лига ойындары жұмада қайта жалғасады. Павлодарда «Ертіс» «Ақтөбені» қабылдайды. Көш басындағы «Қайсар» Алматыда «Қайратпен» күш сынасады. Ал, төртінші турдың алғашқы ойыны Шымкентте өтеді. Жергілікті «Ордабасы» «Оқжетпестің» осал тұсын тауып көрмек. Матч алдында алаң иелерінің ойыншысы Мардан Төлебекпен KazFootball.kz порталының тішісі аз-кем тілдескен болатын. «Ордабасының» ойыншысы биылғы маусымда екі нәтижелі соққымен көзге түсіп үлгерді. Әсіресе, «Астана» қақпасына соққан голын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ.

– «Ордабасы» биылғы біріншілікті өте жақсы бастады. Оған оқу-жаттығу жиындары да себеп болған шығар? Команданың жаңа маусымда алға қойған мақсаты қандай?

– Біз Түркияның Анталия қаласында үш оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Күніне екі мезгіл жаттықтық. Бірнеше жолдастық кездесу өткіздік. Менің ойымша, биылғы чемпионатта үздік үштік үшін таласуға дайынбыз.

– «Астана» соңғы үш жылда чемпиондықты уысынан шығарар емес. Осы жылы да олардың тек бірінші орын үшін ойнайтындары белгілі. Биыл астаналықтардан бөлек алтынға кімдер таласады деп ойлайсыз?

– Иә. Дұрыс айтасыз. «Астана» қатарынан үшінші жыл чемпион болып келе жатыр. Өте мықты команда. Үш жыл бойы чемпиондыққа лайық команда болды. Биыл чемпиондыққа «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Ақтөбе» таласады деп ойлаймын.

– «Ордабасы» құрамына жаңадан бірнеше ойыншының қосылғанын білеміз. Олар жайлы не айта аласыз? Жаңа футболшылар өздерін көрсете алды ма?

– Барлық жаңадан келген ойыншылар бізге өз көмектерін тигізеді деп үміттенеміз. Жаттығуларда, ойындарда бұл футболшылар тырысып, өздерін жақсы жағынан көрсетіп жатыр. Алла қаласа, жеңістеріміз алда деп үміттенеміз.

– Шымкент футболының түлегісіз. Ел өзіңізді «Ордабасының» төл футболшысы ретінде таниды. Дегенмен, алдағы уақытта клуб ауыстыру жоспарыңызда бар ма?

– Клуб ауыстыру жоспарда жоқ. «Ордабасымен» үш жылға келісім-шартқа қол қойдым. Әзірге, ойымның барлығы сол. «Ордабасыммен» үздік үштікке кірсек деген ниетім бар.

– Десек те,  маусымаралық үзіліс кезінде басқа командалардан ұсыныс болған шығар?

– Маусымаралық үзілісте ұсыныстар болды. Бірақ клуб басшылары да, жанкүйерлер де, жанұям мен достарым да «Ордабасы» клубында қалғанымды қалады. Өзімнің де қалауым сол.

– Рахмет. Алдағы ойындарда сәттілік тілейміз.

– Рахмет.

Нұршапағат Несіпбаев

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх