Станимир Стойлов Хасково қаласының құрметті тұрғыны атанды
"Астана" клубының бас бапкеріне бұл құрмет футболда жеткен жетістіктері мен футболдың дамуына қосқан үлесі үшін көрсетілген. Айта кетейік, бұған дейін спортшылар арасында Хасково қаласының құрметті тұрғыны атағын 2014 жылы теннисші Григор Димитров алған.
49 жастағы Стойлов Болгарияның оңтүстігінде орналасқан Хасково қаласында дүниеге келіп, сол қалада өскен. Футболдағы алғашқы қадамдарын ол 1985 жылы жергілікті "Хасково" қаласында бастаған. "Хаскова" сапында Стойлов 100 кездесуге қатысып, 64 гол соққан. Одан кейін бірнеше жыл "Левски" клубының намысын қорғаған.
Ал, "Астана" сапына болгариялық маман 2014 жылы келіп, сол уақыттан бері елордалық клубты жаттықтырып келеді. "Астана" клубымен бірге Станимир Стойлов екі мәрте ел чемпионы атанып, Қазақстан футбол тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |