Эдди Исрафилов Қазақстанға қарсы ойынға қатыспайды
Бұл жайында Әзірбайжан футбол қауымдастығының ресми сайты мәлімдеді. Испанияның "Сегундо" лигасында өнер көрсететін "Кордова" командасының ойыншысы Эдди Исрафилов 21-27-ші наурыз аралығында Түркияның Анталья қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатыспайтын болды. "Кордова" командасының бас бапкері Әзірбайжан футбол қауымдастығынан Исрафиловты шақырмауын сұранған. Ал, Әзірбайжан құрамасының бапкері Роберт Просинечки бұл өтінішті қабыл алып, Қазақстанға қарсы өтетін жолдастық ойынға Эддиді шақырудан бас тартты.
Айта кететін болсақ, Эдди Исрафилов жартылай қорғаныста өнер көрсететін ойыншы. Шешесі әзірбайжандық болса, әкесі анголалық азамат. Ол 2015-жылдың қаңтар айында Әзірбайжан құрамасына ойнауға келісімін берді. Одан бері 4 кездесуде алаңға шығып үлгерген.
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |