Бусурманов пен Жаңғылышбай мектеп-интернатта қонақта болды
2002 жылдың 25 сәуір күні Қазақстан УЕФА мүшелігіне қабылданған болатын. Осынау мерейлі датаға орай қостанайлық аяқ-доп шеберлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне кажеттілігі бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған №2 Қостанай арнайы мектеп- интернаты» мемлекеттік мекемесіне барып, қамкөңіл жандарға сый-сыяпат жасады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнаш Жақанованың айтуынша, балалардың көбі футболды ұнатады, әрі "Тобылға" жанкүйер. Мұғалімдер мен оқушылар Тоқтар мен Сұлтанның футболға қалай келгенін сұрады.
- Мен Қарағанды қаласында тұрдым. Мектеп уақытында футбол үйірмесіне барып тұрдым. Жас кезімнен "Шахтерге" жанкүйерлік таныттым. Қазір қостанайлық клубтың намысын қорғап жүрмін. Алдағы уақытта барлық жанкүйерлерді соққан голдарымызбен қуантуға тырысамыз, - деді Тоқтар Жаңғылышбай.
Содан соң футболшылар мектеп-интернаттың ішін аралады. Тәрбиеленушілердің ағаштан жасаған бұйымдары, зергерлік заттары мен қағаздан жасалған түрлі мүсіндеріне жоғары бағасын берді. Ал, "Тобыл" футболшыларымен суретке түскен балалардың көңілі жадыраңқы.
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |