Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1717
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2165
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2210
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3168
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2386
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Тараз" өз алаңында "Ақтөбемен тең түсті"

19 мар. 2016, 21:40 | 1567
Премьер-лига ойындарының екінші турында өз алаңында Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары "Ақтөбе" футбол командасын қабылдаған Жамбылдық команда 1:1 есебімен тең түсті. Тараз қаласындағы орталық стадионда өткен ойынға 6500 футбол жанкүйері қатысып, сүйікті командаларына қолдау білдірді.

Ойынның бірінші таймы тартысты сәттермен басталды. Тараздықтар сапында Игорь Зенькович пен Бауыржан Байтана қонақтар қақпасына тура соққылар жасағанымен, оның бірі қиыс кетіп, енді бірі "Ақтөбелік" тас қамал қорғаушылардан өтпей жатты. Қонақтар да қарап қалмады. Жиі шабуылдар ұйымдастырып, Тараз командасының айып алаңына бірнеше рет кірді. Алайда, осы сәтте "Тараз" футбол командасының ойыншысы Дмитрий Евстигнеевтің Ақтөбелік шабуылшымен допқа таласы тәртіп бұзумен аяқталып, ойынның бас қазысы Тараздықтар қақпасына айып добын белгіледі. Бұл ойынның 11-ші минуты болатын. Мүмкіндікті мүлт жібермеген "Ақтөбе" футбол командасының капитаны Самат Смақов осылай есеп ашты.

Бірінші тайм аяқталуға санаулы секундтар қалған кезде, яғни 45-ші минутта "Тараз" командасының шабуылшысы Игорь Зенькович қонақтар қақпасына өзінің тамаша голын соқты. Бауыржан Байтананың әуелетіп көтерген керемет пасын баспен ұрған Зеньковичтің бұл голына көпшілік қол соқты.

Екінші таймда да қызықты сәттер көп болды. Әсіресе қорғанысқа жамбастап жатып алған "Ақтөбеліктердің" қорғаушыларын алдап өту тараздық командаға оңай соққан жоқ. Бірақ реті келгенде "Тараз" командасының жартылай қорғаушысы Мақсат Әмірханов өзінің тамаша соққыларымен көзге түсті. Матчтың 69-минутында ойын барысында сәл салқынқандылық танытқаны үшін "Тараз" командасының ойыншысы Олег Недашковскийға бас қазы Александр Гаузер қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Алайда, он ойыншымен қалған жамбылдықтар қарсыластардың үдей түскен шабуылына төтеп бере алды. Ойынның негізгі уақытына төреші үш минут уақыт қосқанымен, есеп өзгермеді. Ойын 1-1 есебімен тең нәтижемен аяқталды.

Енді "Тараздықтар" келесі ойынды көкшетаулық "Оқжетпес" командасына қарсы өткізеді. Ойын алдағы сәуір айының үшінші жұлдызында Тараз қаласындағы орталық стадионда өтеді. 

"Тараз" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх