Главное Маңызды
20 нояб. 2026, 16:03
584
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов рассказал о работе в талдыкорганском клубе, оценил прошедший сезон и поделился мнением о лимите на легионеров, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sport-hub.kz.
18 нояб. 2026, 16:29
1784
Насколько серьёзным тренерским приобретением стал шотландский специалист Питер Левен для «Елимая», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
18 нояб. 2026, 09:35
1867
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Суперлиги по футзалу после 14-го тура.
17 нояб. 2026, 16:48
7503
62-летний нидерландский специалист Джон ван ’т Шкип покинул должность главного тренера национальной сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
17 нояб. 2026, 14:33
3689
Что изменилось в казахстанском футболе после прихода иностранных специалистов на ключевые должности в КФФ и насколько оправдались ожидания от их работы, сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Жасыл алаң - ел футболының айнасы

12 мая 2017, 06:30 | 3828
Қазақстан футболында жыл сайын қайталана беретін мәселелер өте көп. Соның бірі - жасыл алаң. Премьер-лига клубтарының жасыл алаңдары сапасыз болып шығып жатыр. Бірнеше командаға өздерінің стадиондарында футбол ойнауға тиым салынды. Жалпы, айтқанда бұл мәселе қашан өз шешімін табады? Осы сұраққа KazFootball.kz порталы жауап іздеп көрмек!

Қазақстан футбол Федерациясы мен Кәсіпқой футбол лигасы осы мәселені бұрыннан бері қадағаламай, чемпионат басталып кеткеннен кейін бас көтерді. Бұрыннан бері, бас жарылып, көз шығатындай талай оқиға болған. Жасыл алаңдардың сапасын көтеретін ешқандай да сыни әңгіме қозғамаған Одақ басшылығының түстен кейін маңырағаны, ақсақ қойдың жүрісін меңзейді. Ауруын жасырған өледі дейді ғой қазақ. Сол ауруды бұрыннан бері жасырып келдік. Футболымыздың халі мүшкіл.

Еуропаның кез-келген біріншілігіне барсаңыз мынандай мәселенің баяғыда, 90-жылдары шешіліп кеткенін айтады. Шет елдік журналистермен тілдессеңіз де еститін жауабыңыз осы. Енді, қараңыз, «Каспий» футбол клубы өзінің ойындарын Шымкентте өткізіп жүр. Күлеміз бе, жылаймыз ба? Қысылғаннан қыз болдық дегендей, амалсыз осындай жағдайға жеттік.

Енді «Ордабасы» командасының басқа алаңға барып телміргені тіптен ұят болды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның да жасыл майсасы футбол ойнауға келмейді екен. Көктемі ақпан айында келетін, бәйшешегі ерте гүлдейтін шырайлы шым қалада қалайша табиғи шөп өсіруге болмайды?! Бұл бір жағынан күлкілі, бір жағынан адам түсіне алмайтын парадокс.

«Оқжетпес», «Шахтер» секілді клубтардың жағдайы түсінікті. Олар әркімнің есігін бір жағалап жүрген, бос стадион болса, сонда ойнай салатын нағыз көшпелі командалар. Мысалы, «Оқжетпестің» өз алаңындағы матчтарын бір маусымда 4-5 стадионда ойнайтын әдеті бар. Кейде «Оқжетпес» пен «Шахтер» ойнап жатса, алаң иелері кім екенін білмей қаламыз. Өйткені, «Астана-Арена» барлығының ортақ үйіне айналғалы қашан. «Тарлан-Арена» секілді стадиондар көп командаға ортақ.

Жасыл алаңдары табиғи шөптен тұратын және сапасы сын көтеретін Тараз, Ақтөбе, Алматының стадиондары ғана. Қалғандарында шөптерінің ортасы ашық, төбеден қарағанда шұрқ тесік, қырық жамау. Жасыл алаң – ел футболының айнасы.

Осыны қадағалайтын Футбол Федерациясында бұл мәселемен айналысатын адамдарды табу қиын. Одаққа хабарласып, қазақ тілінде жауап алу мүмкін емес. Тіпті, чемпионатты ұйымдастыратын Кәсіпқой футбол лигасының да жасыл алаңдарға бас ауыртып жатқаны шамалы. Премьер-лига клубтарының ойындары университеттердің стадионында ойналып жатқанда ел футболы қайдан дамысын. Стадион әкімшілігі футбол клубының балансына өтпей, бұл мәселе жөнделмейді. Себебі, клуб бөлек, стадион бөлек. Екеуінің басшылығы екі бөлек. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх