Главное Маңызды
04 мая 2026, 18:58
1065
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Елимая» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
04 мая 2026, 12:40
2303
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после восьмого тура.
04 мая 2026, 09:45
1293
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Актобе» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
04 мая 2026, 09:33
1506
Главный тренер «Тобола» Мирослав Ромащенко прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Жениса» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
04 мая 2026, 09:27
1440
Главный тренер «Актобе» Штефан Таркович прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Қайрат Төлеген: "АИК жанкүйерлері "Астана" командасына Чемпиондар Лигасында сәттілік тіледі"

30 мая 2017, 23:00 | 1470
"Астана" командасының екі жанкүйері - Қайрат Төлеген мен Нұрбек Мәдиев - Европа Лигасының финалдық кездесуін тамашалап қайтты, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Финалдық ойында ағылшындық «Манчестер Юнайтед» пен голландиялық «Аякс» командалары өзара кездескен болатын. Естеріңізге сала кетейік, Қайрат және Нұрбек «Астана» футбол клубы жанкүйерлері арасында ұйымдастырылған Европа Лигасының Стокгольм қаласында өтетін финалдық кездесуіне екі жолдаманы жеңіп алған еді. Елордалық клуб жеңімпаздарға барлық шығынды (Астана – Стокгольм – Астана бағытындағы ұшақ билеті, қонақ үйге орналастыру, трансфер, сақтандыру, визалық қолдау) өтеп берді. Осы орайда клубтың баспасөз қызметіне Қайрат Төлеген Европаға сапары туралы арнайы сұхбат беріп, қызықты сәттерімен бөліскен еді: 

- Қайрат, европаға сапарларыңыз қалай болды. Білуімізше шет мемлекетке алғаш рет шыққан екенсіздер? Қандай әсер алдыңыздар? 

- Ең алдымен осындай керемет мүмкіндік сыйлаған «Астана» футбол клубына ерекше алғыс білдіремін. Алғашында осы байқаудан жеңімпаз атанғаныма ешкім сенген жоқ. Тіпті, көпке дейін әзілдеп жүрді. Тіпті ұшаққа отырып, әуеге көтерілгенше өзім де сенген жоқпын (күледі). Саяхатымыз айтарға сөз жоқ, керемет болды. Стокгольм әуежайынан түскен сәттен бастап, нағыз футбол мерекесін сезіндік. Қаланың финалдық кездесуге ерекше дайындығы, ағылшын және голландиялық футбол фанаттарының шеруі, ойын атмосферасы... Бәрі-бәрі керемет әсер сыйлады. 

- Ойыннан кейін қаланы аралап, тарихи орындарды тамашалауға мүмкіндік болды ма? 

- Иә, әрине. Ойын аяқталғаннан кейін қалада керемет той болды. Европадағы футбол жанкүйерлерінің мәдениеті де өте жоғары екенін байқадық. Финалда өнер көрсеткен «Манчестер Юнайтед» пен «Аякс» командаларының фанаттары Стокгольмді бір сәтке өздерінің үйлеріне айналдырып жібергендей болды. Ал, келесі күні біздің еншімізде қосымша қыдыруға бір күн уақыт болды. Қаланың барлық тарихи-мәдени, ойын-сауық орындарына апаратын автобуспен Швеция астанасын араладық. Барша әлемге танымал ашық аспан астындағы «Скансен» мұражайына, Луна-парк Грена-Лунд атракционына, Ваза мұражайына және «Ескі қалаға» саяхат жасадық. Естен кетпес керемет сәттерге куә болдық. 

- Құпия болмаса финалдық кездесуде қай командаға қолдау білдірдіңіз? 

- Мен негізі бірінші кезекте «Астана» футбол клубының жанкүйерімін. Ал, шетелдік клубтардан осы жолғы финалда ойнаған «Манчестер Юнайтед»командасына жастайымнан болысатынмын. Өзіммен бірге осы сапарға ертіп барған Нұрбек досым керісінше «Аяксты» қолдады. Екі достың финалдық кездесуінде кубок ағылшындық командаға бұйырғанымен, біздің достығымыз сол қалпында қалды деп сеніммен айта аламын. 

- Көбіне шет елге алғаш шыққан адамдарда сапар барысында әр-түрлі қызық оқиғалар орын алып жатады. Сіздерде қандай қызықтар болды? 

- Саяхатымыз шынын айтсам қызыққа толы өтті. Қазақстаннан ұшқан сәтте ұшақта көп отандастарымыз болды. Солармен әңгіме барысында осы саяхатымызды «Астана» футбол клубы ұйымдастырып берді десем, ешкім сенбейді. Қолымыздағы ойын билетін, «Астана-Арена» стадионында жолдама ұтып алған сәтте түскен фотоларымды көрсету арқылы әрең сендірдім. Олар өздерінің таңданыстарын білдіріп жатты. Тіпті, арасында енді футболға қалмай барамыз дегендер де болды (күледі). Ең қызығы «Friends Arena» стадионында матч басталар алдында жергілікті «АИК» командасының бір топ жанкүйерлері келіп, бізге таңданыстарын білдіріп, «Астана» 2014 жылы Европа Лигасы аясында өз командаларын ойсырата жеңгенін ұмытпағандықтарын айтты. Тіпті, сол нәтижеден кейін біздің команданың ойындарын бақылап тұратындықтарын айтып, алдағы Чемпиондар Лигасының жаңа маусымында «Астанаға» сәттілік тіледі. 

- Ал, Сіздің «Астана» футбол клубына айтар тілегіңіз қандай? 

- Осындай тарихи сәтті көзбен көріп, тамашалап қайтуға мүмкіндік сыйлаған сүйікті командама айтар алғысым шексіз. «Астана» футбол клубына алдағы Чемпиондар Лигасында сәттілік тілеймін. Бәріміз білетіндей осы жылы елімізде ЕХРО халықаралық көрмесі өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен меймандар келетіні баршаға аян. Осы маусымда «Астана» өзінің нәтижелерімен қуантып, ЕХРО қонақтарына, қала тұрғындарына, елордалық команданың фанаттарына және жалпы Қазақстанға керемет футбол мерекесін сыйлайды деген сенімдемін. Барлық Қазақстандықтарды, Астаналықтарды еліміздің ең үздік клубына жанкүйер болуға шақырамын. Алға Астана!

"Астана" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 8 12-3 18
2 Ордабасы 8 14-6 18
3 Оқжетпес 8 12-8 15
4 Ұлытау 8 8-7 14
5 Елімай 8 12-8 13
6 Астана 8 11-10 12
7 Жетісу 8 9-9 12
8 Қызылжар 8 10-7 11
9 Атырау 8 6-5 10
10 Ақтөбе 8 8-10 10
11 Жеңіс 8 4-8 10
12 Ертіс 8 8-11 6
13 Қайсар 8 4-8 6
14 Тобыл 8 7-14 5
15 Алтай 8 3-7 4
16 Каспий 8 4-11 4
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх