Дарко Нестерович: "Қазақстан - жақсы футбол көрсететін команда"
- Босния және Герцеговина жастар құрамасына турнир алдында қандай мақсат қойылды?
- Босния жастар құрамасының іріктеу турниріндегі негізгі мақсаты - жастарды даярлау. Оларды еліміздің негізгі құрамасына дайындап беру. Ал, турнирлік кестеде аса бір қатты мақсат қойылған жоқ.
- Қазақстан құрамасы сапынан қай ойыншылар ұнады?
- Максим Федин ұнады. Сараевода өткен алғашқы ойында ол өзін жақсы көрсетті. Жақсы деңгейдегі футболшы болатыны көрініп тұр.
- Қазақстан жастар құрамасының көптеген ойыншысы жарақат алып қалды. Бұл жағына қалай қарайсыз?
- Жарақаттары жайлы естіген жоқпыз. Бірақ Қазақстанның бапкері мықты екендігін білдік. Қазақстан құрамасы ертеңгі ойында бізге тосынсый жасауы мүмкін. Қазақстан - жақсы футбол көрсететін команда.
- Сараевода өткен алғашқы кездесуде жеңіліп қалдыңыздар. Сол алғашқы ойында Сіздердің тараптарыңыздан немқұрайлылық болды ма?
- Сараеводағы ойында Қазақстан бізді толығымен жеңді. Бізде немқұрайлы қарау деген мүлде жоқ.
- Сонда ертеңгі ойында Cіздер жеңіліп қалсаңыздар ешқандай трагедия болмай ма?
- Ешқандай да трагедия болмайды. Біздің құрамада жас талантты ойыншылар бар. Олардың төрт-бесеуі басты құрамаға алынуға лайықты.
Ермұхамед МӘУЛЕН
фото: ҚФФ
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 27 | 55-19 | 64 |
| 2 | Қайрат | 27 | 52-20 | 60 |
| 3 | Астана | 27 | 44-27 | 51 |
| 4 | Ақтөбе | 27 | 41-32 | 45 |
| 5 | Оқжетпес | 27 | 41-37 | 45 |
| 6 | Елімай | 27 | 38-37 | 41 |
| 7 | Тобыл | 27 | 35-36 | 37 |
| 8 | Ұлытау | 27 | 26-32 | 35 |
| 9 | Жеңіс | 27 | 27-34 | 32 |
| 10 | Каспий | 27 | 29-37 | 32 |
| 11 | Қызылжар | 27 | 28-40 | 27 |
| 12 | Атырау | 27 | 21-31 | 26 |
| 13 | Ертіс | 27 | 26-37 | 26 |
| 14 | Алтай | 27 | 27-38 | 25 |
| 15 | Қайсар | 27 | 23-37 | 24 |
| 16 | Жетісу | 27 | 26-45 | 22 |