Главное Маңызды
16 окт. 2026, 01:00
2391
Главный тренер алматинского «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч первого тура общего этапа Лиги Конференций против латвийской «Риги» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 окт. 2026, 12:30
1784
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после перенесенных матчей 14-го и 18-го туров.
15 окт. 2026, 09:23
1303
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин на предматчевой пресс-конференции прокомментировал предстоящий матч первого тура общего этапа Лиги Конференций против «Риги», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба.
15 окт. 2026, 09:10
2490
Главный тренер «Елимая» Андрей Карпович прокомментировал перенесенный матч 14-го тура Премьер-лиги против «Атырау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
14 окт. 2026, 22:41
2006
Главный тренер «Атырау» Самат Смаков дал комментарий после перенесенного матча 14-го тура Премьер-лиги против «Елимая» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Вахид Масудов: "Алпысыншы минуттарда ойыншылар шаршап қалды"

25 мар. 2016, 21:51 | 1691
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Вахид Масудов ойыннан кейіңгі баспасөз мәслихатында:

- Өте ауыр кездесу өтті. Біздің ойлағанымыздың барлығы іске аспады. Ойыншыларды дайындауға менде аз уақыт болды. Бірнеше мүмкіндіктер болды, бірақ біз оны голға айналдыра алмадық. Ал, жалпы, мен жігіттердің өнеріне қанағаттанамын. 

- Физикалық тұрғыда жігіттер нашар көрінді. Екінші таймда тіпті шаршаңқылықтары байқалып тұрды. 

- Лимит ережесі алынып тасталғаннан кейін жігіттер ойын тәжірибиесінен айырылды. Соның кесірі ойынға әсерін тигізді. 

- Бұл ойында біз бір ұпай еншіледік пе, әлде екі ұпай жоғалттық  па?

- Біз жеңіске дайындалдық. Шабуыл жағы ойымыздағыдай болмады. Ал, қалғаны көңілге қонады. Допты көбірек ұстап, матч тізгінін өзіміз ұстадық. 

- Матч барысында футболшыларымыз көп жаға-жыртысқа барып жатты. Оның сыры неде? 

- Жастар өз-өздерін көрсеткісі келеді. Ойынның өзі де тартысты өтті. Футболшылар алаңның әрбір бұрышында допқа таласып жатты. Ал, Макаев жылдамдығы бар ойыншы еді. Бірақ, қызбаланып кетті. Әйтпесе, ол ойынды күшейтуі тиіс еді. 

- Максим Фединді алмастыруға тура келді. Жартылай қорғаушының аяғы қайта-қайта тартыла берді. Ол ойынға толықтай дайын болмады ма?

- Максимнің де соңғы кездері ойын тәжірибиесі жоқ болып шықты. Федин Сербияда өзінің командасында ойынға көп шығып жүрген жоқ. Мысалға 20-шы Наурыз күні өткен матчта тіпті ойыншылар тізіміне түспеген. Бірақ, ол мінезді жігіт. Сонысымен де, ол мені қатты таңғалдырды. Айтқанның барлығын істеп, алға қарай ұмтылып тұратын аяқдопшы. Болашақта үлкен футболшы болып өсетін шығар деп ойлаймын. 

- Осы ойында Сізге шәкірттеріңіздің көрсеткен ойынынан не ұнады?

- Бізде ең бастысы допты көп ұстау пайда болды. Бірақ, толықтай ойлағанымыз іске аспады. Алпысыншы минуттарда тіпті ойыншылар шаршап қалды. Ал, алаңнан бір ойыншымыз қуылғаннан кейін тіпті қиын жағдайға түстік. Орталықтағы ойыншылар қорғанысқа түсіп үлгермей жатты. 

- Қарсылас команда көңіліңізден шықты ма?

- Жоқ. Мүлде. Мен Босниядан бұдан мықты ойын күтіп едім. Бірінші ойында тіпті қатты ойнаған команда секілді еді. Мен бейнежазбаны үш рет қайталап көрдім. Алғашқы матчтағы команда мен бүгінгі Босния екеуі екі түрлі команда.  

- Енді қалған ойындарда біздің командада қандай мақсат болады?

- Іріктеу турнирінде кем дегенде екінші орын алу үшін өте үлкен күш қажет. Ондай шама бізде жоқ екені түсінікті. Десе де, Швейцария мен Норвегия, әрі Англия секілді командаларға қарсы ойындарда барынша көп ұпай алуға тырысамыз, әрі келесі іріктеуге дайындықты бастаймыз. 

- Шабуылдау кезінде көңіліңізге не жақпады?

- Қаптал арқылы жақсы жүріп келдік те, айып алаңына пас көтеруді ұмыттық. Осы жағы қынжылтты. Матч басталмас бұрын осы бір тұсқа біршама тоқталған едім. Алайда ойыншылар ойын барысында қапталдан допты көп көтермеді. Жалпы бүгінгі ойын үшін жігіттерге қатты сөз айтпадым. Футбол мұнымен бітпейді деп жігер беруге тырыстым. Өйткені, олар жастар. Барлығы да жеңіске жете алмағандықтарына қатты қынжылып отыр. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 27 55-19 64
2 Қайрат 27 52-20 60
3 Астана 27 44-27 51
4 Ақтөбе 27 41-32 45
5 Оқжетпес 27 41-37 45
6 Елімай 27 38-37 41
7 Тобыл 27 35-36 37
8 Ұлытау 27 26-32 35
9 Жеңіс 27 27-34 32
10 Каспий 27 29-37 32
11 Қызылжар 27 28-40 27
12 Атырау 27 21-31 26
13 Ертіс 27 26-37 26
14 Алтай 27 27-38 25
15 Қайсар 27 23-37 24
16 Жетісу 27 26-45 22
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх