Главное Маңызды
16 окт. 2026, 01:00
2391
Главный тренер алматинского «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч первого тура общего этапа Лиги Конференций против латвийской «Риги» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 окт. 2026, 12:30
1784
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после перенесенных матчей 14-го и 18-го туров.
15 окт. 2026, 09:23
1303
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин на предматчевой пресс-конференции прокомментировал предстоящий матч первого тура общего этапа Лиги Конференций против «Риги», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба.
15 окт. 2026, 09:10
2490
Главный тренер «Елимая» Андрей Карпович прокомментировал перенесенный матч 14-го тура Премьер-лиги против «Атырау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
14 окт. 2026, 22:41
2006
Главный тренер «Атырау» Самат Смаков дал комментарий после перенесенного матча 14-го тура Премьер-лиги против «Елимая» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Дарко Нестерович: "Қазақстан құрамасы маған қатты ұнады"

25 мар. 2016, 22:00 | 1690
Босния және Герцеговина жастар құрамасының бас бапкері Дарко Нестеровичтің ойыннан кейіңгі баспасөз мәслихаты:

- Біріншіден, Қазақстан жастар құрамасының өте жақсы команда екенін айта кетейік. Бірінші таймда Қазақстан көбірек допқа иелік етті. Бірлі жарым гол соғатын да мүмкіндігі болды. Ал, екінші тайм қарама-қарсы бағытта өтті. Өзімізге тоқталар болсақ, бірінші таймда аса қатты гол соғатын ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Екінші таймда Босния көбірек шабуылға иелік етті. Бір-екі тамаша гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Бірақ, біз өз мүмкіндіктерімізді жіберіп алдық. Қазақстандық жанкүйерлерге рахметімді айтқым келеді. Қазақстан құрамасы маған қатты ұнады. 

- Сіздің шәкірттеріңіз өрескел ойнады. Көптеген жағдайда қауіпті түрде ойын тәртібін бұзып жатты. Ойын алдында осындай мақсат қойып па едіңіз?

-  Ойынға қарайтын болсақ, олай деп айта алмаймын. Жігіттер сақ, әрі тәртіпті ойнады деп есептеймін. Футболшыларыма ондай тапсырма берген емеспін. 

- Шабуыл шебіндегі футболшыларыңызға наразылығыңыз бар ма? Жалпы, мүмкіндіктерді мүлт жіберген сәттеріңізде не кедергі болды деп есептейсіз. 

-  Біздің құрамада бірнеше мықты футболшы болған жоқ. Ең бастысы оларды алмастырған ойыншылар жақсы ойнай білді. Ал, негізі жастар құрамасының мықты футболшылары бұл матчқа қатыспады. Бұл футбол. Мұнда голдар сәт сайын салына бермейді. Сондықтан, аса қатты ештеңе жоғалтқан жоқпыз. Ал, жалпы ойынның нәтижесіне  қанағаттанбаймын. 

- Бірінші ойында Федин ұнады дедіңіз. Осы ойында кімді көзге шалып қалдыңыз?

- Федин өте жақсы ойыншы. Бірақ, бұл ойынға шаршаңқы келгені көрініп тұр. Одан өзге ойыншыларды байқамадым. 

- Қазақстан чемпионаты жайлы не білесіз?

- Қазақстан чемпионатында менің жақын достарым жұмыс істеді. Мысалға, "Шахтерда" ойнаған Алдин Джидич. Ол кезінде қарағандылық командада ойнаған кезде үнемі мақтап жүретін. Ал, өзім Қазақстан премьер-лигасының ойындарын көріп жүрген жоқпын. Сондықтан, нақты ештеңе айта алмаймын. 

- Босния жастар құрамасының ойыншыларының ішінен қай футболшылар жақын арада басты командаға өтуі мүмкін? 

- Біздің командадан осы жақында басты командаға алынуы мүмкін деп Дамир Садикович, Армин Ходжич, Смайл Превляк секілді ойыншыларды айта аламын. Алғашқы екеуін бүгінгі матчта көрдіңіздер. Ал, Превляк бұл ойынға қатыса алмады. Ол "Аустрия" командасының сапынан келе алмады.  

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 27 55-19 64
2 Қайрат 27 52-20 60
3 Астана 27 44-27 51
4 Ақтөбе 27 41-32 45
5 Оқжетпес 27 41-37 45
6 Елімай 27 38-37 41
7 Тобыл 27 35-36 37
8 Ұлытау 27 26-32 35
9 Жеңіс 27 27-34 32
10 Каспий 27 29-37 32
11 Қызылжар 27 28-40 27
12 Атырау 27 21-31 26
13 Ертіс 27 26-37 26
14 Алтай 27 27-38 25
15 Қайсар 27 23-37 24
16 Жетісу 27 26-45 22
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх