Главное Маңызды
05 окт. 2026, 17:50
469
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча четвертого тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Фарерских Островов, сообщает корреспондент KazFootball.kz:
04 окт. 2026, 10:31
1236
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после товарищеского матча против «Елимая» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
03 окт. 2026, 10:20
865
36-летний защитник «Ордабасы» Сергей Малый в игре Лиги Наций против сборной Молдовы (1:2) сыграл свой 76-й матч в составе Национальной сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
02 окт. 2026, 22:19
2226
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
01 окт. 2026, 17:33
1673
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы, сообщает корреспондент KazFootball.kz:

«Ақтөбе» келешегі қалай болмақ?

05 янв. 2016, 17:10 | 2072
Қазақстан футболын Еурокубоктарда жақсы таныстырып жүрген «Ақтөбе» өткен маусымда қиын жағдайға тап болды. Тоқырауға түскен топ командамызды тобығынан толқын соғып, аяққа жөнді тұра алмай қалды. 2015 жылғы маусым соңғы 10 жылдағы «Ақтөбенің» ең нашар жылы десек қателеспейміз. Команданы баптаған Владимир Газзаев басын тамаша бастап келе жатқандай еді, бірақ орта жолда тұралап қалды. Еліміздегі ең қызу қанды жанкүйерлері бар «Ақтөбенің» ақсаңдап қалуына не себеп болды?

Чемпионат басталар тұста аса қатты ештеңе ойға келмеген. Барлығы бәз қалпымен жүріп жатты. Команда оқу-жаттығу жиындарын жүргізіп, командаға жаңа футболшылар алынды. Сантана, Неколарға Аделейе, Данило, Дяк секілді мықты футболшылар тізбегі келіп қосылды. Көптеген жылдар бойы жанкүйер жүйкесін жұқартқан қақпашы Андрей Сидельников командадан кетіп, оның орнына жас талант Стас Покатилов алынды. Бұл Владимир Газзаевтың оң шешімінің бірі деп бағаланды. Жартылай қорғанысты мықтап ұстайтын Маркос Пизеллиге литвалық Артурас Жулпа келіп жұп құрды. Шабуыл өтінде бразилиялық Данилоға Хижниченко күш үстіне күш беретін. Болмай бара жатса оларға жергілікті Дидар Жалмұқан мен Абат Айымбетовтер көмектесер деп қабылданды. Қорғанысты Ұлттық құрамадағы Юрий Логвиненко мен Дмитрий Мирошниченко күшейтпек еді. Команда ойыншылары әжептеуір деңгейлі, тәжірибиелі жігіттер болатын.

Алайда, алғашқы ойындарда «Ақтөбе» дені дұрыс ойын көрсете алмай, жанкүйерлердің наразылығын тудыртып жүрді. Бірақ, жүре келе ақтөбеліктер керекті ұпайларына қол жеткізіп жүрді. Бірінші айналым аяқталар тұста Қазақстан чемпионатында әзірге жеңіліп көрмеген жалғыз команда қалған. Ол – осы «Ақтөбе».

Осы аралықта команда Еуропа лигасындағы алғашқы іріктеу кезеңіндегі ойынын өткізуі тиіс болатын. Команданың негізгі стадионы әлі де болса ішкі чемпионаттың ойынын өткізіп көрмеген болатын. «Ақ-қызылдар» өз алаңындағы ойынды қосалқы стадионда өткізіп жүрді. «Қобыланды батыр» атындағы орталық стадионға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, спорт кешені Еуропа лигасын қабылдайтын жағдайдан алыс болатын. Әйтеуір, күллі қаланың наразылығын тудырған бұл жәйтқа облыс әкімі аралысып жатып, ойынның өтуіне үш күн қалғанда «Қобыландыға» жасыл алаң төселініп үлгерілді. Екі ойын қорытындысы бойынша Эстония елінің «Нымме Калью» командасы «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға шықты. Бұл ақтөбелік жанкүйерлер үшін барып тұрған сорақылық болып бағаланды. Еш ойланбастан басшылар тарапы Владимир Газзаевты орнынан босатты. Бұл арада команда ішіндегі жағдай ушыға түсті. Фанаттар тобы команданы әуежайдан күтіп алып, футболшылар мен бапкерге өз шағымдарын жеткізген видео қазақстандық ғаламтор айлағын жылдам арада жайлап алды.

Чемпионатта жеңіліп көрмеген «Ақтөбенің» мұнан кейінгі жағдайы тіпті құлдырап кетті. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы секілді күн сайын жағдай нашарлай бастады. 20-шы турда команда сырт алаңда «Ертіске» 1:0 есебімен жеңілді. 20 ойында алғаш рет ұпай ала алмаған ақтөбеліктердің көңіл-күйі 21-ші турда тағы түсті. Өз алаңында соңғы орында жүрген «Шахтерге» жеңілген олар, жаңа бапкердің қажет екендігін ұқтырды. Дегенмен, Андоне келіп команда сыртта «Атырауды» жеңді. Алғашқы алтылықтың додасы басталысымен ойын жақсара түсті. Командадағы легионерлер жаңа бапкер алдында ойын көрсете бастады. Қазақстан футболын жақсы білетін румыниялық бапкер негізгі бәсекелестерімен өткен ойында жеңіліс тауып жатты. «Ертіске» және «Астанаға» жеңілгеннен соң Андоне тарапына сын айтыла бастады. Команда Қазақстан кубогының жартылай финалынан жарысты аяқтады.

Сонымен қатар, «Ақтөбе» алматылық «Қайратқа» екі ойында да жеңілді. Әсіресе өз алаңында алматылықтарға 0:3 жеңілгені көпшіліктің жанына ауыр тиді. Дегенмен, «Ақтөбе» чемпионатты жүлдегерлер қатарында аяқтады. Қола жүлде дәл биылғы маусым барысындағы оқиғалардан кейін «жаман емес» деп бағалануы керек. Маусым аяқталысымен клуб басшылығы ауысты. Команданы облыс басшылығы жергілікті футболшылармен жасақтаймыз деп отыр. Жақсы легионерлер болмаса команда Еуропа Лигасында тәуір өнер көрсетуі қиын нәрсе. Көптеген легионерлер «Тобылға» ауысуы ықтимал.

Осындай жағдайлардан кейін, «Ақтөбенің» келер маусымдағы ойыны көрерменді қарық қылмайды-ау деген болжам шығады. Еурокубокта тәжірибиесі бар ұжымның бұлайша ел футболының көгінен жоғалғандығын ешкім де қаламас еді. Жергілікті футболшыларға сеніп отыра беретін команда «Тараз», «Ордабасы және «Қайсар» секілді команда емес. Соңғы жылдардың бедерінде Ақтөбе футбол мектебінен бірнеше ғана футболшы шықты. Логвиненко, Айымбетов, Жалмұқан секілді жігіттер ғана.

Ермұхамед МӘУЛЕН   

суреттер prosportkz.kz, vesti.kz,  diapazon.kz сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 26 51-18 61
2 Қайрат 26 51-20 57
3 Астана 25 42-25 48
4 Оқжетпес 26 41-35 45
5 Ақтөбе 26 38-31 42
6 Елімай 25 35-33 38
7 Тобыл 26 33-35 34
8 Жеңіс 26 26-32 32
9 Ұлытау 26 24-32 32
10 Каспий 26 27-36 29
11 Ертіс 25 26-34 26
12 Алтай 26 26-36 25
13 Қайсар 26 22-33 24
14 Қызылжар 26 26-40 24
15 Атырау 25 18-28 23
16 Жетісу 26 26-44 22
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Защитник Қорғаушы
23
Поиск по сайту
Наверх