Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургта жаттығу өткізуде
Бұл оқу-жаттығу жұмыстарынан кейін футболшыларымыз жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Достастық Кубогы халықаралық турниріне қатысады. Жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Әбдуәлиев оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Михаил Голубничий («Астана»), Станислав Павлов («Ақтөбе»), Дмитрий Колбунцов («Спартак»).
Қорғаушылар: Григорий Сартаков («Ертіс»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Әнуар Агайсин («Тобыл»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Павел Халезов («Ертіс»), Антон Куксин («Оқжетпес»), Александр Соколенко («Қызылжар»), Олег Лебедев («Оқжетпес»), Саят Жұмағали («Ақтөбе»);
Жартылай қорғаушылар: Әлішер Сүлей («Тараз»), Мирас Төлиев («Оқжетпес»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Ринат Хайруллин («Астана»), Дидар Жалмұқан («Ақтөбе»), Владимир Воменко («Ертіс»), Иван Антипов («Ақжайық»), Абзал Таубай («Тараз»), Максим Гладченко («Бәйтерек»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Темірлан Әлмұрзаев («Тобыл»).
Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылар құрамы: аға жаттықтырушы – Серік Әбдуәлиев, жаттықтырушының көмекшілері – Игорь Свечников, Александр Москаленко, қақпашылардың жаттықтырушысы – Тимур Оразов, дәрігер – Сергей Елиссев, массажшы – Александр Шапкин, менеджер – Сергей Андрейко, әкімші – Максим Шауберт.
Қазақстан жастар құрамасы Достастық Кубогында «А» тобында Беларусь, Қырғызстан және Молдова құрамаларымен бір топта ойнайды. «В» тобында Ресей, Латвия, Тәжікстан және Эстония құрамалары кездеседі.
Сурет: kff.kz
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |