Главное Маңызды
08 апр. 2026, 22:24
106
Наставник «Кайрат-Жастар» Жора Арутюнян прокомментировал матч 1/16 финала Кубка Казахстана против «Жайыка» (3:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
08 апр. 2026, 22:10
97
Главный тренер «Елимая» Андрей Карпович прокомментировал матч 1/16 Кубка Казахстана против «Турана» (4:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
08 апр. 2026, 21:45
74
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал мат 1/16 финала Кубка Казахстана против «Академии Оңтүстік» (4:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
08 апр. 2026, 20:17
423
Главный тренер «Жайыка» Вячеслав Невольников прокомментировал мат 1/16 финала Кубка Казахстана против «Кайрата» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
08 апр. 2026, 17:40
626
Главный тренер «Тобола» Нурбол Жумаскалиев прокомментировал матч 1/16 финала Кубка Казахстана против «Ансата» (0:8), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Тандем

27 мар. 2016, 12:42 | 1952
Қазақстан футболы соңғы 25 жыл бойы эксперимент алаңы болып келді. Келген-кеткеннің барлығы білгенін істеді. Тәжірибиеге арналған қоян немесе тышқан секілдіміз. Шторк келіп тест тапсыртқызды, құлақтан қан жинады. Беранек келіп қорғаныстан шабуылға шығуды үйретті. Пайперс нәтижеге қалай жетуге болатынын көрсетті. Красножан Кеңестік футболды алып келді. Әркім өз білгенін жасады.

Түркияда өткен Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы матчты тамашалап отырып түрлі ойға шомылдым. Қасымда отырған мен секілді көрерменнің біреуі “Бұлар адам болмайды” деп қойып қалды. Көзінде көзілдірігі бар Сэр Алекске пошымы келіңкірейтін егде тартқан бір кісі “шет елден дайын футболшылар сатып алғанымыз жөн” дей салды. Бұл осы күнгі Қазақстан футболына жанкүйерлердің сөзі.

Негізі бұл ойынды “КазСпорт” арнасынан біршама адам тамашалады. Өйткені, бұл жолы құраманың бапкерлері басқа адамдар еді. Яғни, қазақстандық жергілікті мамандар. Мұндай жағдай сонау 2005 жылдан бері болмаған. Талғат Маруанұлы Байсуфинов пен Нүркен Мәзбаев. Екеуінің де ел футболында алар орны бар, жас, болашағынан үміт күттіретін бапкерлер екені даусыз. Бұл кісілерге сенім артылып, ең болмаса мүмкіндік берілгеніне де қуаныштымыз. Егер тура қазір біздің құраманың бас бапкері Юрий Красножан болғанда, Қазақстан Әзірбайжанды 3:0 қылып анық ұта алмас еді. Жалпы, ойынды көрген болсаңыздар Красножанның кезіндегі құрама мен қазіргі құрамада аса қатты айырмашылық жоқ. Тіпті, қазіргі құрамада бір басымдылық бар. Ойынға деген маңыздылық. Футболшылардың барлығы өздерін жақсы сезініп жүр. Әрбір допқа талас жүргізуде. Ол әрине де жергілікті мамандардың әр футболшының миына құйған әңгімесінен.

Көп қазақстандық жанкүйер құрамада қазақтар көбейді деп қуануда. Ол әрине сөзсіз, жақсылықтың нышаны. Белгілі бір мөлшерде намыс пайда болды деген сөз. Бірақ, бізде бір ақаулы мәселе бар. Оған осы ойында көз жетті. Шабуылшы жоқ. Хижниченко мен Щеткин қашан гол салады екен деп, күтіп отыру өте қиын моральдық қысым екен. Әуелете берілген пастар мен жерлете келген қатты пастарға үн қататын кім бар деген ой келеді. Менің ойыма Джордже Деспотович түсті. Сербиялық шабуылшы егер Қазақстан құрамасының сапында болғанда біз кем дегенде 2:0 есебімен жеңер едік. Осы күнгі Еуропа футболында бір гол біраз тағдыр шешері анық.

Жартылай қорғанысқа тоқталайық. Көңілге ұнамай жүргені Бауыржан Исламханның “Қайратта” қапталға түскені. Құрамада да енді оны сол қапталда пайдалана бастады. Ал, негізі бұл ойыншының потенциалы ортада. Ол нағыз туа біткен плеймейкер. Әдемі берілген тамаша пастан ләззат алатын ойыншы. Пирло. “Таразда” солай етін. Жастар құрамасында да Ширмялис оны орнымен пайдаланды. Ойыншының ортада жүріп бағы ашылды. Кейіннен қапталға түсті. Ортада шабуылшылардың астында жүретін ойыншы еді ғой. Неге бұлай болды, түсініксіз.

Орысша айтқанда “опорник” яғни, ортадағы тірек ойыншылар дұрыс таңдалды. Байсуфинов пен Мәзбаевтың жаңашылығы осы. Смақов пен Байжанов. Әсіресе Мақсат Байжанов өте сауатты ойнады. Қарсыластың жылдам шабуылын тоқтату, ойынды бәсеңдету, қысқа пастармен шабуылға жол салу, осының барлығын аталған екі тірегіміз жасап берді. “Астанада” ойнайтын Максимович пен Каньяс сияқты. Мақсат шабуылға да тамаша араласып, гол соқты. Өйткені, оны арт жақта сенімді түрде Самат алмастырып тұр.

Серікжан Мұжықовтың кейбір әрекеттері ұнамады. Мойындау керек, ойыншының кейбір тұста бойының қысқалығы, физикалық әл-қуаты нашар екені байқалды. Ал, жалпы айтқанда Қазақстан құрамасының негізгі мықты сенім артатын аймағы – орта. Орадағы жартылай қорғаушылар ойынның тізгінін ұстады. Шабуыл нашар, ал қорғаныс ше?!

Қорғаныста бізде біркелкілік жоқ. Бұл бапкерлердің кінәсы емес. Ойыншылардың құрамы солай. Сол қапталда ойнайтын қорғаушыларға тоқталсақ: “Ордабасының” Сүйімбаевы, “Астананың” Шомкосы. Жалпы айтқанда, сол қапталдан еш қам жоқ. Ортаға Сергей Малый мен Юрий Логвиненко тұрды. Бұл жұпқа Смақов пен Байжанов қатты көмек көрсетті. Малый бойының ұзындығының арқасында әуелете келген доптың біршамасын шығарды. Оң қапталда Елдос Ахметов ойнады. Соңғы кезде “Ертіс” сапында гол соғып, қорғаныста сызықтың бойынан 100 пайыз соғылып тұрған голдарды шығарып жүрген Тараз футболының өкілі бұл матчта өзін жақсы қырынан көрсетті. Қосалқы құрамда оң қапталда ойнайтын Қуантаев пен Бейсебеков отырды. Ең бастысы қорғаныста енді бізде Гурман, Абдулин, Воротников секілді жайбасарлар жоқ.

Осы жолы ойыншылар құрамы жақсы таңдалды. Матчтан кейін Байсуфинов жігіттер осы күні еліміздегі ең мықты ойыншылар деп мәлімдеді. Қалып кеткен ешкім жоқ. Әрине, Бауыржан Жолшиев пен тағы бір мықты шабуылшы болса, жаман болмас еді. Бауыржан әрине, жақын арада құрамаға келіп қосылары анық. Ал, шабуылшыны қайтер екенбіз? Оны әзірге білмеймін.

Сөз соңында бапкерлер тандеміне тоқталсақ. Қазақстандық қос маман үйлесімді қызмет етіп, бір-бірін жақсы түсінсе, тіпті керемет болады. “Ақжайықтың” бас бапкері Талғат Маруанұлы Ұлттық құрама тізгінін ұстады, қасында көмекшілік қызметке Нүркен Мәзбаев тамаша жұп емес пе?! Кезінде Дмитрий Огай қайда барса да, қасынан Асқар Қожабергеновты тастамайтын. Ал, әлемдік футбол аренасында ондай мысалдар көп. Құраманы екі адам басқаруы жат дүние емес. Швецияның бапкері болған Ларс Лагербекті Томми Содербергсіз елестету қиын. Юрген Клинсман да кезінде Йоахим Левті “Ол жай көмекші емес” деп айтпап па еді?! Демек, Қазақстан құрамасының басында тамаша тандем пайда болды деген сөз. Ол Байсуфинов-Мәзбаев жұбы.

Қазақстан құрамасы енді Грузиямен кездеседі. Жігіттер, дем алып, тынығып, ол ойында да бәрін салары анық. Біздің үмітімізді енді қос маман ақтаса игі.

Ермұхамед МӘУЛЕН 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 6-0 10
2 Ордабасы 4 7-3 8
3 Елімай 4 7-3 8
4 Оқжетпес 4 7-4 8
5 Астана 4 6-5 7
6 Ертіс 4 6-5 6
7 Қызылжар 4 4-4 5
8 Ұлытау 4 3-3 5
9 Жетісу 4 4-6 5
10 Атырау 4 2-2 4
11 Ақтөбе 4 6-7 4
12 Жеңіс 4 2-4 3
13 Қайсар 4 1-3 3
14 Алтай 4 1-3 2
15 Каспий 4 2-6 1
16 Тобыл 4 3-9 1
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх