Главное Маңызды
24 окт. 2026, 13:15
697
Защитник «Ордабасы» Сергей Малый в поединке 23-го тура против «Актобе» (3:1) провёл свой 300-й матч в казахстанской Премьер-лиге, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 окт. 2026, 10:00
416
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 23-го тура.
22 окт. 2026, 22:41
2875
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч второго тура Лиги Конференций против «Панатинаикоса» (1:5), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
22 окт. 2026, 22:23
1356
Главный тренер «Панатинаикоса» Якоб Нееструп подвел итоги матча второго тура общего этапа Лиги Конференций против «Кайрата» (5:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz.
21 окт. 2026, 15:50
1671
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал предстоящий матч второго тура общего этапа Лиги Конференций против греческого «Панатинаикоса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба.

Адам Навалка: "Дания бізді сабамызға түсірді"

03 сент. 2017, 21:20 | 1301
Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалка Қазақстан құрамасына қарсы оный алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталының тілшісі Варшавадан:

– Польша құрамасының Данияға 0:4 есебімен жеңілгеннен кейін физикалық және психологиялық жағдайы қалай?

– Барлығын сөйлестік, ақылдастық. Копенгагенде біздің жолымыз болмады. Ол ойынды ұмытып, келесі матчты ойлауымыз керек. 

– Бұрын Қазақстан Польшамен кездескен кезде стадионда жарық өшіп қалған еді. Осы жолы сондай жағдай болуы мүмкін бе?

– Бұл жолы ондай келеңсіз ешқандай оқиға болмайтын шығар деп сенеміз. Мына жаңа стадионда сондай арнайы функция бар. Егер кенеттен жарық сөнетін болса қосымша генератор іске қосылады. 

– Сіз бапкер болғалы бері Польша құрамасы бірінші рет жеңілді. Даниядан жауапсыз төрт гол жібердіңіздер. Алғашқы жеңіліс қалай әсер етті? Сіз бапкер болғалы бері ондай жағдай болмап еді ғой. 

– Жеңіс деген жақсы, бірақ жеңілістің де қатар жүретінін ұмытпауымыз керек. Әр жеңілістің пайдасы бар. Ол бізге жақсы сабақ болды. Сол матчта жіберген қателіктерді енді қайталамауымыз керек. Футболшылар барлығын жақсы қабылдады. 

– Футболшыларды көтермелеу керек пе, әлде сабырға шақыру қажет пе?

– Қорытынды шығардық. Біз енді бұдан да үйлесімді өнер көрсетуіміз керек. Дания бізді сабамызға түсірді. Болар іс болды, енді тек Қазақстанды жеңіп, жағдайды қалыпқа келтіреміз. Одан басқа бізде өзге ой жоқ. 

– Даниядағы жеңілістен кейін, командада мінез жоқ секілді көрінді. Сіз осы оймен келісесіз бе?

– Аз күннің ішінде барлығын ойлап шықтық. Санамызға түрлі себеп-салдар келіп шықты. Ол ойында байқап қарасаңыздар кейбір футболшыларымыздың қолы жүрмеді. Кездейсоқ жеңілдік деп те айта алмаймыз. Футболда анық ештеңе жоқ, дегенмен ертең біз Қазақстанға қарсы олай ойнамауыз керек.  

– Қарсылас команданы қалай бағалайсыз?

– Жыл бұрын қарулы қарсыласты күттік. Олардың алаңдары бізге ыңғайсыз болды. Ескі жасанды алаңда ойнадық. Бірінші таймда жақсы дайындалып барғанымыз көрінді. Алайда, екінші таймда түк істей алмадық. Енді біз сол кеткен есені қайтарып, үш ұпайды алсақ деп отырмыз. Одан басқа ойлап табатын ештеңе жоқ. Әрине, қарсыласты сыйлаймыз, олар оңай берілмесі анық. Дегенмен, бізге қазір ұпай ауадай қажет. 

– Қазақстан Польша футболы үшін ыңғайсыз деп ойламайсыз ба? Өткен жылы ұпай жоғалттыңыздар, биыл «Астана» «Легияны» айналып өтті... 

– Біз ертең қазақтардан жақсы қарсылық көреміз. Ешкім оңай жеңіле салмайды. Дегенмен, өз күшімізді білеміз, жеңіске жетуге тырысамыз. Қазақстан құрамасы, жалпы қазақстандық футбол командалары бізге ыңғайсыз қарсылас деп ойламаймын. Әр ойынның өзіндік себептері бар. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 28 58-20 67
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 28 42-37 48
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 28 39-38 40
8 Ұлытау 28 27-34 35
9 Каспий 28 31-39 33
10 Жеңіс 28 29-38 32
11 Атырау 28 22-32 27
12 Қызылжар 28 28-41 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 28 28-46 25
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх