Главное Маңызды
02 апр. 2026, 10:40
2829
Главный тренер «Актобе» Штефан Таркович прокомментировал своё назначение, вспомнил поражение от сборной Казахстана в Лиге Наций УЕФА во главе сборной Словакии и заявил, что перед командой стоят максимальные задачи, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
01 апр. 2026, 18:32
9150
Международная федерация футбольных ассоциаций (ФИФА) опубликовала новый рейтинг мужских сборных мира, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
31 мар. 2026, 22:52
1389
Главный тренер сборной Казахстана Талгат Байсуфинов дал комментарий после победы над Коморским Островами (1:0) в матче турнира FIFA Series, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:
31 мар. 2026, 19:47
1901
Главный тренер сборной Казахстана Талгат Байсуфинов прокомментировал победу над Коморским Островами (1:0) в матче турнира FIFA Series, сообщает корреспондент KazFootball.kz:
31 мар. 2026, 18:54
2817
Национальная сборная Казахстана в матче турнира FIFA Series обыграла Коморские острова со счетом – 1:0, сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Александр Бородюк: "Бізге жанкүйерлер алдында абырой жинау қажет"

03 сент. 2017, 22:50 | 1493
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Польша құрамасына қарсы ойын алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы Варшава қаласынан.

– Ертеңгі ойында Сізге қандай нәтиже жеткілікті болады? Астанадағыдай тең түссеңіздер жақсы ма?

– Польша өте қауіпті қарсылас. Біз бұл ойынға тыңғылықты дайындық жүргіздік. Бізге барлық қарсылас мықты болып көрінеді. Сондықтан, алаңда бар күшімізді сарп етеміз. Біз сапалы ойын өрнегін көрсетіп, әр матч сайын дами беруіміз қажет. 

– Польшаның Данияға қарсы ойынын көрдіңіз бе? 

– Біздің өзіміздің мақсатымыз бар. Өзге командалар ұтылып, жеңіліп жатқанымен бізге қарсы барлығы да толықтай күшеніп шығады. Сондықтан, бұл біз бас ауыртатын шаруа емес. 

– Черногорияға қарсы ойында Ғафуржан Сүйімбаев пен Дмитрий Шомконы бір қапталға қойып, екеуіне де орын тауып беріп едіңіз. Екеуінің тандемі көңіліңізден шықты ма?

– Бұл жайында Черногория бапкері жақсы жауап берді деп есептеймін (күледі). Ол сол қапталдан көп қиындық көргенін айтты. Дмитрий мен Ғафуржанның қаптал арқылы жасаған шабуылдары жақсы болды. Демек, менің бұл шешімім өз жемісін берді деген сөз. Ертеңде екеуін алаңға бірге шығарамын. 

– Польша құрамасының бапкері "Қазақстанға қарсы қатты дайындалдық, 100 пайыз жеңіске жетеміз" деп уәде берді. Сіз бұған байланысты не айтасыз? Қазақстан футболшыларына бұл психологиялық шабуыл болды деп есептемейсіз бе?

– Психологиялық тұрғыда біздің дайындығымыз жақсы. Ал, Польша өз бетімен дайындала берсін. Бізге бәрібір. Өз алаңымызда Черногориядан жеңілгеннен кейін, кез-келген қарсыласпен 100 пайыз күш көрсетіп ойнауға тырысамыз. Бізге жанкүйерлер алдында абырой жинау қажет. 

– Ертеңгі ойында Сергей Хижниченко ойнауы мүмкін бе? Ол Астанадағы ойында екі гол соғып еді ғой. 

– Ойыншылар құрамын қазір айта алмаймын. Дегенмен, өткен ойынмен салыстырғанда бірнеше жаңа футболшыны шығарып, құрамды кішкене өзгертемін. Өзгелерге де мүмкіндік беріп көрейін деп шештім. Жастар арасынан мұндай мықты ойындарда өнер көрсете алатын кім бар екенін байқамақшымыз. Ротация жасағаннан еш ұтылмаймыз. 

– Дания бапкері "Польша құрамасы қорғанысқа көшкен кезде қатты шашырап кетеді екен" деп айтты. Сіз сонымен келісесіз бе?

– Енді ол бір ойыннан кейінгі ойы шығар. Мен өзге бапкердің айтқанына ештеңе дей алмаймын. Әркімнің өзінің пікірі бар. 

– Польшаның Даниядан жеңілгені Сіздерге қол болып тұр деп айта аласыз ба?

– Бізге тағы да қайталап айтайын - бәрібір. Польшаның ұтылып қалғаны ол өздерінің мәселесі. Жеңсе де, жеңілсе де олар Қазақстанға қарсы бар күшті салып, үш ұпай алу үшін алаңға шығады. Сондықтан, олардың Даниядан жеңілгені ертеңгі ойынға соншалықты қатты әсер етеді деп ойламаймын. 

Ермұхамед Мәулен

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Астана 3 6-1 7
2 Ордабасы 3 6-2 7
3 Оқжетпес 3 6-3 7
4 Қайрат 3 2-0 7
5 Елімай 3 6-3 5
6 Қызылжар 3 4-4 4
7 Ұлытау 3 2-2 4
8 Ертіс 3 5-5 3
9 Атырау 3 1-1 3
10 Ақтөбе 3 5-6 3
11 Алтай 3 1-2 2
12 Жеңіс 3 1-3 2
13 Қайсар 3 1-3 2
14 Жетісу 3 3-6 2
15 Каспий 3 2-5 1
16 Тобыл 3 3-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген
Полузащитник Жартылай қорғаушы
8
Поиск по сайту
Наверх