Главное Маңызды
02 июл. 2026, 14:00
203
Воспитанник «Кайрата» и будущий игрок «Челси» Дастан Сатпаев в интервью пресс-службе клуба рассказал о первых шагах в футболе, просмотре в лондонском клубе, матчах против «Реала» и «Интера», чемпионском сезоне с алматинцами и мечте проложить путь в Европу для нового поколения казахстанских футболистов, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
29 июн. 2026, 15:05
1542
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
29 июн. 2026, 14:54
963
Генеральный директор «Астаны» Алтай Даумов в интервью корреспонденту KazFootball.kz прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (2:2).
29 июн. 2026, 10:01
2231
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 15-го тура.
29 июн. 2026, 09:40
6522
Главный тренер «Алтая» Вахид Масудов прокомментировал матче 15-го тура Премьер-лиги против «Тобола» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Александр Бородюк: "Мұртазаев соққан гол есептелгенде, ойын тіпті өзгеше жалғасар еді"

05 сент. 2017, 02:20 | 1632
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Польша құрамасына қарсы өткен (0:3) ойын туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталының тілшісі Варшавадан:

– Таблодағы есеп ойынның өзімен сәйкес емес. Біз гол соқтық. Сол доп есептелгенде бәлкім біз басқаша өнер көрсетер ме едік?! Дегенмен, бәрі-бір Қазақстан құрамасына үлкен жылдамдықта ойнап үйрену керек. Көп аудиторияда ойнап машықтанғанымыз да жөн. Өйткені, трибунадан қатты қысым болды. Менің ойымша осындай жеңілістерден кейін командамыз күш алуы тиіс. Жігіттер, барынша күресті. Бірақ, жекелей шеберлік жетіспей жатты. Бірнеше футболшының жеке шеберлігі нашар екенін көрдік. Демек, жақын арада жастар құрамасынан жаңа футболшылар алуымыз керек. Халықаралық тәжірибиесі бар футболшыларға қарсы ойнаудың өзін де меңгергеніміз жөн болады. 

– Қазақстан екінші таймның басында 20 минуттай тамаша ойнады. Неге команда соңына дейін шыдай алмайды?

– Ең алдымен бұл жерде физиологияны есептеу керек. Сағат айырмашылығы, ішкі чемпионаттың деңгейі әсерін берді. Еуропадағы мықты құрама командаларға қарсы ойнап үйреніп жатырмыз. Олар үш күн сайын алаңға шығып үйреніп алған. Олардың денелері үйреніп кеткен. Бізге де соны үйрену керек. Қазақстан құрамасында ең бастысы - мінез бар. Психологиялық тұрғыдан жігіттер жалпы, жаман емес. Барлығы алаңға ұмтылып тұр. 

– Роберт Левандовскиді әдейі арнайылап ойнатпауға тырыстыңыздар ма? Ол бүгін ойын кезінде гол соға алмады ғой.  

– Біз бүгін өзгеше сызбамен ойнадық. Дегенмен, біздің құрамамыздың қалыптасу кезеңі өтіп жатыр. Сондықтан, жастар прогресс жасап жатса, ол біз үшін жақсы. Ал, Левандовскиді жабу қорғаныстың міндеті. Оған қатты мән берген жоқпыз. Бірақ, ол пенальтиден гол соқты. 

– Қазақстан құрамасы соңғы үш ойынын Польша, Дания және Черногория секілді лидерлерге қарсы ойнады. Осы үш команданы қалай салыстырасыз?

– Үшеуі де Әлем чемпионатына шыққысы келетін құрамалар. Деңгейлері жоғары. Салыстырайын десең, әрқайсысының ойын мәнері әр түрлі. Оны арнайы мамандар, статистикамен айналысатындар салыстыра берсін. Менде бас қатыратын басқа шаруалар өте көп.  

– Серікжан Мужиков негізгі құрамда неге өнер көрсетпеді?

– Серікжан Мужиков жарақат алғанына байланысты алаңға шықпады. Оның деңгейі жақсы. Бауыржан Исламхан мен Серікжан Мужиковтың жоқтығы ортаны қатты әлсіретті. Алайда, бізге басқа да футболшыларды ойлау керек. Кез-келген футболшы допқа таласа алатын жағдайда болып, ортаны ұстай алуы қажет.

– Гафуржан Сүйімбаев пен Дмитрий Шомконы қайтадан екі қапталға қоюыңыздың себебі неде?

– Польша құрамасының қапталдағы ойыншылары жылдам болғандықтан, біз Шомко мен Сүйімбаевты екі қапталға қойдық. Себебі, өздеріңіз байқадыңыздар алаң иелерінің қос қапталы бізді қатты қыспаққа алды. Менің ойымша Ғафуржан да, Дмитрий де қолдарынан келгенше қорғанып үлгерді. 

 Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 15 27-9 37
2 Қайрат 17 29-12 36
3 Оқжетпес 15 21-16 27
4 Елімай 15 23-19 23
6 Астана 15 21-17 23
6 Ұлытау 15 13-14 23
7 Ақтөбе 15 18-14 22
8 Атырау 15 11-11 18
9 Жетісу 15 20-22 18
10 Жеңіс 15 13-18 18
11 Қайсар 16 13-19 17
12 Қызылжар 16 17-24 15
13 Тобыл 15 16-23 15
14 Каспий 15 10-19 11
15 Ертіс 15 14-21 10
16 Алтай 15 10-18 10
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх