Главное Маңызды
02 июл. 2026, 14:00
204
Воспитанник «Кайрата» и будущий игрок «Челси» Дастан Сатпаев в интервью пресс-службе клуба рассказал о первых шагах в футболе, просмотре в лондонском клубе, матчах против «Реала» и «Интера», чемпионском сезоне с алматинцами и мечте проложить путь в Европу для нового поколения казахстанских футболистов, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
29 июн. 2026, 15:05
1542
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
29 июн. 2026, 14:54
963
Генеральный директор «Астаны» Алтай Даумов в интервью корреспонденту KazFootball.kz прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (2:2).
29 июн. 2026, 10:01
2231
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 15-го тура.
29 июн. 2026, 09:40
6523
Главный тренер «Алтая» Вахид Масудов прокомментировал матче 15-го тура Премьер-лиги против «Тобола» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Адам Навалка: "Екінші таймның басында Қазақстан құрамасы жүйкемізді жұқартты"

05 сент. 2017, 02:49 | 1490
Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалка Қазақстан Ұлттық құрамасына қарсы өткен ойын (3:0) туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталының тілшісі Варшавадан:

– Нәтижеге қарамастан, ойын өте ауыр өтті. Тактикалық, физикалық арпалыс болды. Польша құрамасы Даниядан кейінгі нашар жағдайдан сенім тауып, бүгін үмітті ақтап берді. Ең бастысы - толық үш ұпайды алдық. Біз жанкүйерлер алдында еңсемізді тіктеп қалдық. 

– Құрама командада кім керемет ойнады? Кімді ерекше мақтап өтер едіңіз?

– Ойынның алдында бірнеше нұсқа болды. Бірнеше футболшыны алмастырып тастағым келген. Алаңға шығатын ойыншыны дәл таңдау деген ең қиын шаруа. Ең бастысы олар алаңда 100 пайыз ойнады. Барлығы мен үшін сәтті өтті. Біздің негізгі мақсатымыз - болашақтың командасын жасау. Қазірден бастап жастарды араластырып көріп, үйлесімді команда жасағым келеді. 

– Сіздің командаңыздың екінші таймның басын нашар ойнауының себебі неде? Менсінбеушілік болған секілді көрініп қалды. Себебі, Қазақстан құрамасы допқа көбірек иелік етіп, шабуылдар ұйымдастыра бастады. 

– Біз босаңсып қалдық деп айта алмаймын. Кішкене допты жоғалтқанымыз - бұл әр ойында болатын жағдай. Түгел 90 минут шапқылай берудің де қажеті шамалы. Ең бастысы - біз жеңіске жеттік. Қазақстан құрамасын да мақтай кеткім келеді. Олар өте жақсы ойнады. 

– Қазақстаннан кейін Сіздерді тағы да мықты құрамалар күтіп тұр. Қандай жоспарыңыз бар?

– Қазан айында бізді маңызды екі ойын күтіп тұр. Ең бастысы - біз бүгін жеңіске жеттік те, өз-өзімізге сенімділік алдық. Ең әдемі, нәтижелі ойынымызды жалғастыра берсек, діттегенімізге жетеміз. Дания мен Черногория құрамалары да осал емес. Олар да өз ойынын жеңіп келе жатыр. Сол құрамаларға қарсы соңғы күшімізді сарп етуіміз керек. 

– Аркадиуш Миликтің құрамаға қайта келгені халықты қуантты. Арменияға қарсы ойыннан кейін бірінші рет екі шабуылшы стилінде ойнадыңыздар.  Алдағы уақытта да солай бола бере ме?

– Иә, біз енді екі шабуылшымен ойнай алатын жағдайға жеттік. Аркадиуш Милик пен Роберт Левандовски бір-бірін жақсы түсінеді. 1 немесе 2 шабуылшымен ойнай алатын жағдайымыз бар. Бұл таңдаудың өзі бізді күшейте түсетіні анық. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 15 27-9 37
2 Қайрат 17 29-12 36
3 Оқжетпес 15 21-16 27
4 Елімай 15 23-19 23
6 Астана 15 21-17 23
6 Ұлытау 15 13-14 23
7 Ақтөбе 15 18-14 22
8 Атырау 15 11-11 18
9 Жетісу 15 20-22 18
10 Жеңіс 15 13-18 18
11 Қайсар 16 13-19 17
12 Қызылжар 16 17-24 15
13 Тобыл 15 16-23 15
14 Каспий 15 10-19 11
15 Ертіс 15 14-21 10
16 Алтай 15 10-18 10
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх