Главное Маңызды
02 февр. 2026, 14:30
947
Главный тренер петропавловского «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал товарищеский матч на учебно-тренировочных сборах против ташкентского «Локомотива» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 февр. 2026, 09:47
2111
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин подвел итоги товарищеского матча против северомакедонской «Шкендии» (1:1) и рассказал о подготовке к сезону, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
31 янв. 2026, 18:37
2812
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин в интервью «Чемпионату» подвёл итоги выступления команды в Лиге Чемпионов, рассказал о стажировке тренерского штаба в «Челси», впечатлениях от матча с «Арсеналом», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
29 янв. 2026, 17:39
981
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин подвел итоги матча восьмого тура общего этапа Лиги Чемпионов против лондонского «Арсенала» (2:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
29 янв. 2026, 16:20
1097
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов казахстанских клубов в еврокубках сезона 2025/2026 гг.

Айтпай Жамантаев: "Елімізде қыздар футболы жоғалып кетуі мүмкін"

16 сент. 2017, 20:00 | 2101
Қазақстан мен Уэльс әйелдер құрамалары арасындағы ойынның алдында баспасөз мәслихаты өтті. Қыздар футболының да ішкі мәселелерінің біршамасы көрініп қалды. Елімізде неге қыздар командасы аз екенін де білдік. "Астана-Аренада" қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу ойынында кім фаворит? Осы және тағы басқа сұрақтарға KazFootball.kz порталының тілшісі жауап іздеп көрді.

Уэльс әйелдер құрамасының бас бапкері Джэйн Лэдлоу: "Біздің қыздар Бэйл мен Рэмзидан кеңес алады".

– Өткен жолы Қазақстанмен ойнаған кезде жасыл алаң басқаша еді. Бұл жолы жасанды алаңда ойнаймыз. Бізге шынын айтқанда бәрібір. Кез-келген алаңда ойнауға дайынбыз. Мындағы жасанды алаң өте сапалы екен. Ертеңгі ойында алаңда ешқандай мәселе туындамауы тиіс. 

– Қазақстан құрамасы жайлы не айтасыз?

– Жеңіп жүрген командамыз. Бірақ, менсінбеушілік жоқ. Оның үстіне Уэльс құрамасы қазір буын алмасу кезеңін бастан өткеріп жатыр. Бір ескертетіні, біздің команданың қыздары арасында ер азаматтармен бірге жаттығу жасайды. Бэйл, Рэмзи секілді мықтылардан ақыл-кеңес алады. Бұл біздің қыздарға тек қана пайда әкеледі. Ал, Қазақстан құрамасынан бірнеше ойыншыны ерекшелеп айта аламын. Сіздердің құрамаларыңызда алдыңғы шепте бірнеше техникасы мықты ойыншы бар екен. 

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтпай Жамантаев: "Елімізде қыздар футболы жоғалып кетуі мүмкін".

– Былтырғы жылдары Уэльсте екі рет кездестік. Өте беделді командаға қарсы ойнау қиын. Команда ойыншылары өздерін жақсы сезінеді. Техникалық деңгейі күшті. Алаңда өзінің таңбасы бар команда. Олар сөзсіз күшті. Бізде де көптеген жастар алынып отыр. Командамызда бес негізгі ойыншымыз жоқ. Мадина Жанатаева жарақат алды, Айгерім Әйтімова допингтің кесірінен екі жылға кетті, Саша Гребенюк жанұясына байланысты осы матчтарға қатыса алмайды. Ал, Мария Ялова өзінің спорттық ғұмырын аяқтады. 

– Ертеңгі матчта қандай мақсат қойып отырсыздар?

– Жеңілеміз деп шықпаймыз. Қарсыласымыз қандай команда болса да, біз - жеңіс үшін ойнаймыз. Олар әрине рейтингте бізден жоғары тұр. Дегенмен, өз алаңымызда ойнаған соң намысқа тырысып, жанкүйерлер алдында жерге қарамауға тырысамыз. Мақсатымыз - жеңіске жету. Қалғанын ойын көрсетеді. Қиындықтар бар, 30 адамнан таңдау жасаған жақсы емес. Елімізде кәсіпқой деңгейде екі ғана клуб бар. Солардың ішінен таңдап алып, құрамаға аламыз. Бізде таңдау өте аз. 2003 жылдан бастап біз осы мәселені айтып келеміз. Премьер-лига клубтарына қыздар командасын да ашсын деп ұсыныс тастадық. Сол жоба іске аспай келе жатыр. Командалар ашылса, қаншама қазақтың қызы осы футболмен айналысатын еді. Жан-жаққа жарысқа барып, тәжірибие жинайтын еді. Сондай жағдай болмаған соң, құрама командамыздың да жағдайы сол. Жергілікті әкімдіктер осы жағдайды қарасытырып, мәселені шешуі тиіс. Қыздар командалары арасындағы чемпионаттар кейбір мемлекеттерде бірнеше лигаларға бөлінеді. Бұл мәселені мемлекеттік тарапта қарамаса, қыздар футболы жоғалып кетуі мүмкін. 

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева: "Қыздардың футбол ойнауына жағдай жасалынса екен деймін".

– Командада қандай көңіл күй бар?

- Бапкеріміз айтып кеткендей, құрамамыз жас қыздармен толығып отыр. Ешқандай да бір жеңуге мүмкін емес дейтіндей қарсылас емес. Жас қыздар болса да олардың ынтасы керемет. Ең бастысы - өзімізге деген сеніміміз мол. 

– Уэлсьтен келген қарсыластарыңыз жайлы не айтасыз?

- Уэльс құрамасымен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңілген едік. Ойынның бейнеқайталауларын тамашалап шықтық. Қателіктермен жұмыс істедік. Ол командада мықты ойнайтын бірнеше футболшы бар. Себебі, олар Англия чемпионатында ойнайды. Солардан қауіп күтеміз. Дегенмен, біздің де ойын алдында құрып отырған жоспарымыз да жоқ емес.  

– Қазақстанда қыздардың футбол ойнағанына қарсы болып жататын ер азаматтар бар. Сіздің құрбыларыңызда ондай мәселе жоқ па? Әке-шешесі қарсы болмай ма?

- Жоқ, ондай мәселе туындап жатқан жоқ. Қайта, керісінше көптеген қыздар келе бастады. Футбол ойнағысы келетін құрбыларымыздың, сіңлілеріміздің қатары көбейіп келеді. Семей мен Оралда қыздар командалары бар екенін білемін. Футболда шектеу жоқ. Ол әлемдегі нөмірі бірінші спорт. Жас қыздардың ынталары бар. Демек, олардың футбол ойнауына жағдай жасалынса екен деймін. Бапкерім айтып өткендей, еліміздің әр қаласындағы футбол клубтарының ішінде қыздар командалары да ашылуы тиіс. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 26 53-19 59
2 Астана 26 66-30 57
3 Тобыл 26 45-25 54
4 Елімай 26 47-31 48
5 Ақтөбе 26 39-29 43
6 Жеңіс 26 37-30 36
7 Ордабасы 26 37-28 35
8 Оқжетпес 26 37-43 35
9 Қызылжар 26 25-32 27
10 Ұлытау 26 20-41 23
11 Қайсар 26 24-42 22
12 Жетісу 26 19-43 21
13 Атырау 26 22-45 19
14 Тұран 26 25-58 16
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
77
Поиск по сайту
Наверх