Главное Маңызды
23 июн. 2026, 15:46
3322
23 июня 2026 года прошло заседание Контрольного, дисциплинарного и этического комитета Казахстанской федерации футбола, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт КФФ.
22 июн. 2026, 18:57
2460
Бывший главный тренер сборной Казахстана Талгат Байсуфинов объяснил, что стало причиной его ухода с поста главного тренера сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sportarena.kz.
22 июн. 2026, 16:41
1958
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 14-го тура.
22 июн. 2026, 09:48
1236
Главный тренер «Актобе» Штефан Таркович прокомментировал матч 14-го тура Премьер-лиги против «Астаны» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
22 июн. 2026, 09:36
1154
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч 14-го тура Премьер-лиги против «Актобе» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Төртінші тур төңірегінде

09 апр. 2016, 08:23 | 1815
Қазақстан премьер-лигасының төртінші тур ойындары бүгін өтеді. Әдеттегідей ел клубтары өздерінің чемпионат басындағы қиын жағдайларын бастан өткеруде. Әр команданың өзіндік ақауы бар.

“Ордабасы” – “Тобыл”

Бұл ойын турдың негізгі кездесуіне баланып отыр. Сырт алаңда “Жетісуды” жеңгеннен кейін шымкенттіктер өз алаңында “Тобылды” да ұтуға тырысады. Алайда, қостанайлық ұжым соңғы турдағы ойынымен біраз жанкүйерлерді таң қалдырды. Дмитрий Огай командасы қауқарлы ұжымға айналып келе жатқандай. Демек, алғашқы алтылыққа ену деген негізгі мақсатты қостанайлықтар орындау үшін, қолдан келгеннің барлығын салатын секілді. “Ордабасы” сапында бұл ойынға Еркебұлан Тұңғышбаев қатыспайды. Талдықорғандағы кездесуде бұл футболшы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. Әрине, бұл жас ойыншының орнын жоқтатпайтын футболшы “Ордабасы” сапында баршылық. Осы кезге дейінгі нәтижелерді саралай отырсақ, сәл де болса алаң иелерінің басымдылығы болғанымен, ойын тең аяқталатындай болып көрінеді де тұрады.

“Шахтер” – “Ертіс”

Йозеф Вукушичтің командасы біріншілікті жақсы ойынымен бастағанымен, керекті нәтижелеріне қол жеткізе алмай келеді. “Кеншілерде” осы қазір небәрі бір ғана ұпай. Ал, “Ертіс” болса қарсылас біткеннің барлығын қоғадай жапырып жеп келеді. Қос команда турнирлік кестенің екі басында тұр. “Ертіс” көш басында, “Шахтер” топ түбінде. Алайда, қорғанысты мықтап ұстайтын қарағандылықтар “Ертістің” арынын тоқтатуы ықтимал. Әр тур сайын голды қарша боратып жүрген керекуліктердің шабуыл өтін тұсаулауға қарағандылықтардың шамалары жетер ме екен? “Ертіс” бұл ойында да гол соғары анық. Демек, кеншілерге тең нәтиже жаман болмас еді. Бірақ, фаворит “Ертіс” осы қарқынынан танбауға тырысады. Сонымен қатар, үш ойын бойы қатарынан өз қақпасына гол жібермеген екә команда бар. Ол – “Ертіс” пен “Тобыл”. Қақпашы Давид Лория шамасы Буффонның жақында ғана тіркеген ерлігін қайталағысы келіп жүрген шығар.

“Ақжайық” – “Оқжетпес”

“Ақжайық” өткен турда алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Өз алаңында алматының “Қайратын” жеңді. Осы ойыннан кейін Бородюк қызметінен кетті. Талғат Маруанұлының командасы енді оянған секілді. Жігіттердің өз күштеріне деген сенімі пайда болып, гол соға бастады. Әйтпесе, алғашқы екі турда қарсылас қақпасына гол соға алмаған болатын. Бұл жолы қонаққа Көкшетау қаласының “Оқжетпес” командасы келіп отыр. Байсуфинов пен Мұқанов сынды екі бапкердің теке тіресі тағы да орын алмақ. Екі команданың да қазіргі эмоционалды жағдайы жақсы. Жеңістен кейін нақ бір алға ұмтылып, желпінеді. Екі команда да бір-біріне гол соғады деген болжам да айтуға болады. Одан кейін ойға әлбетте тең нәтиже түсе кетпек.

“Астана” – “Тараз”

Жүз пайыздық нәтижемен келе жатқан екі команданың бірі елордалық “Астана”. Өз алаңында “Таразды” жеңетініне өте сенімді. Бұл елордалықтар үшін кері әсерін беруі ықтимал. Алайда Станимир Стойлов футболшыларды ешқандай босаңсытпайтын тамаша қасиеті бар. Сондықтан, бірауыздан жеңісті “Астанаға” беріп отырмыз. “Оқжетпеске” қарсы ойында алаңға шықпаған қорғаушы Олег Недашковский алаңға шығады. Және өз алаңындағы ойында өз-өзін көрсете білген Мәлік Мане де “Астана-Аренада” алаңға шығады деп күтеміз. Дегенмен, әулиеаталықтардың “Астананы” жеңетін шамасы аз.

“Атырау” – “Қайрат”

Су жаңа бас бапкер келе салып аса қатты ештеңе өзгертпесі анық. Осыған дейінгі қойылған ойынмен шыға салады. Грузиялық Кахабер Цхададзе өзінің ұлттық құрамасын баптаған шақта қарымта шабуылдарға көп иек артатын. Бұл жолы да бәлкім өзінің сүйікті мәнерінен бастайтын шығар. Алайда, командаға жаңадан бапкерлер келген кезде футболшылардың барлығы алаңда жалындап жанатынын да білесіздер. Өздерін толықтай жақсы қырынан көрсетіп, бапкер назарына іліну үшін алматылық футболшылар өздерін жұлып-жейтіні анық. Екеуі де жеңіске жетіп көрмеген командалар. Сондықтан, тең нәтиже тіркелсе таң қалмаймыз.

“Ақтөбе” – “Жетісу”

Командада негізгі шабуылшыға айналған Тоқтар Жаңғылышбайдан прогресс күтеміз. Өткен жылы қола жүлде алған команда, биыл алғашқы алтылыққа ене алмаса, жанкүйерлерге ауыр тигелі тұр. Ал, “Ақтөбенің” жанкүйерлері өздеріңіз білетіндей өте талапшыл келеді. Бұл жағдайды бапкерлер де, футболшылар да жақсы түсінуі тиіс.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 14 26-9 34
2 Қайрат 16 26-11 33
3 Оқжетпес 14 20-13 27
4 Ұлытау 14 13-13 23
5 Ақтөбе 14 18-13 22
6 Астана 14 19-15 22
7 Елімай 14 21-19 20
8 Атырау 14 11-9 18
9 Жеңіс 14 11-16 17
10 Жетісу 14 19-22 15
11 Қызылжар 15 17-22 15
12 Қайсар 15 11-18 14
13 Тобыл 14 13-22 12
14 Ертіс 14 13-19 10
15 Алтай 14 9-15 10
16 Каспий 14 8-19 8
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх