Главное Маңызды
20 июл. 2026, 10:38
868
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч 18-го тура Премьер-лиги против «Елимая» (3:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
20 июл. 2026, 10:17
783
Ассистент главного тренера «Елимая» Евгений Коструб дал комментарий после матча 18-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 июл. 2026, 10:00
700
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч 18-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 июл. 2026, 09:41
2096
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов Премьер-лиги после 18-го тура.
19 июл. 2026, 20:13
1376
Ассистент главного тренера «Актобе» Ернар Жалбыров прокомментировал матч 18-го тура Премьер-лиги против «Алтая» (4:2). сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Мұрат Өнал: “Арманым Ұлттық құрамада доп тебу”

07 янв. 2016, 16:00 | 2823
Атақоныс атамекенді аңсап келген Мұрат Өнал «Қыран» командасы сапында Қазақстан бірінші лигасының үздік сұрмергені атанды. Нидерланды азаматы болып саналатын қандасымыз 16 гол соқты. Енді келер маусымда бұл футболшы премьер-лигада өнер көрсеткісі келетінін жасырмайды. Қазақстан футболында екі маусым өткізіп, бойын үйреткен шабуылшыға осы күндері шымкенттік «Ордабасы» қызығушылық танытып отыр екен. Осы орайда біз демалысын Голландияда өткізіп жатқан Мұратты азды-кем әңгімеге тартқан едік.

- Мұрат, былтырғы маусымдағы ойыныңыз жайлы қандай пікірдесіз?

- Былтырғы маусым мен үшін сәтті өтті деуге болмайды. Чемпионат басталмас бұрын Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүргенімде тіземнен жарақат алып қалдым. Аяғыма ота жасатылды. Бірақ, бір айда тез қалпыма келіп алдым. Сонымен, біріншіліктің алғашқы 4-5 ойынына тіпті шыға да алмадым. Дегенмен, кейінірек алаңға оралып, футбол ойнай бастадым. Мен үшін қуаныштысы көп гол соғып, мергендер тізіміне қосылғаным. Әйтпесе, одан өзгесіне аса риза емеспін. Өзімді толықтай аша алмадым деп есептеймін. Жарақат алып қалсам да, маған сеніп алаңға шығарған бапкерлерге, көп көмек жасаған клуб ұжымына рахметімді айтқым келеді.

- Мұрат, Сіздің қазақстанда футбол ойнауыңыз отбасыңызға кері әсерін тигізбей ме? Ата-анаңыз, туыс-бауырларыңыз Сізді 7-8 ай бойы көрмейді ғой.

- Иә, ол жағы да бар. Мен чемпионатта ойнап жүргенде Голландияға көп бара алмаймын. Дегенмен, ғаламтор арқылы жиі хат алмасып, хабарласып тұрамыз.  Туыстарым менің Қазақстанға барып жүргеніме қуанады. Қанша дегенімен біз-қазақпыз. Шетте жүргенде елді аңсайсың. Шет елдегі қазақтардың көбісі отанға оралғысы келіп тұрады. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда баспана, жұмыс мәселесі қиындау. Мен де өзім жанұямды Қазақстанға алып келсем бе деп ойланып жүрмін.

- «Ордабасы» командасы тарапынан жақсы ұсыныстар түсіп отыр деп естідім. Жақын арада сол ұжыммен оқу-жаттығу жиынына барасыз ба?

- Қазір нақты ештеңе деп айта алмаймын. Бірақ, егер «Ордабасы» командасы шақырып жататын болса, мен ешқандай да бас тартпаймын. Менің мақсатым, өзімді Қазақстан футболына толықтай таныстыру. Премьер-лигада ойнасам одан әрі жолым ашылар еді деп ойлаймын. Ал, негізі мұнда келген себебім, түбі Ұлттық құрама сапында доп тебу. Бұл менің арманым десем де болады.

- Сіздің ойыныңыздың осындағы шабуылшылардан қандай айырмашылығы бар? Қандай басымдылығыңыз бар? Сіз енді қанша дегенімен Еуропада жаттығу жасадыңыз ғой?

- Менің жеке басымның Қазақстандағы футболшылардан аса қатты көп ерекшелігім жоқ та шығар. Бәлкім. Мен ол жағын көп байқай алмаймын. Оны сырттан қараған адам біле жатар. Ал, жаттығу үрдісіне келер болсам, Қазақстан мен Еуропадағы футболдың жаттығулары біркелкі ұқсас. Жалпылама айтқанда. 1-2 жаттығу ғана шығар айырмашылық беретін. Қалғаны сол күйі ғой.

- Голландиядағы адамдардың Қазақстан футболы туралы ой-көзқарасы қалай?

- Оларда көп ақпарат жоқ. Тек өткен жылы Голландия құрамасы Қазақстанмен бір топқа түскеннен соң, Амстердамдағы ойыннан соң кішкене біле бастады. Ал менің достарым Қазақстан деген ел туралы да, мұндағы мен ойнап жүрген футбол жайлы да көп сұрастырып жатады.

- Қазақстанда футбол маусымы аяқталысымен көптеген футбол мамандары жыл үздігін анықтайды. Сіздің ойыңызша өткен маусым үздіктері кімдер?

- Үздік ойыншылар қатарын ұзақ жалғастыра беруге болады. Мен тек солардың үшеуін айтайын. Алдымен алматылық «Қайрат» ойыншысы бразилиялық Исаэл мықты. Оның алыстан бағыттайтын соққылары және дриблингісі мықты. Содан кейін Бауыржан Исламханды ерекшелер едім. Ол қазақ футболшылары ішіндегі ең талантты ойыншы. Және үштікті «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаевпен қорытындылайтын едім. Ол енді өсіп келе жатқан ойыншы. Болашағы зор болады деп күтемін. 

- Талантты деп отырған Бауыржан Исламхан Голландия чемпионатында ойнап кете алады деп ойлайсыз ба?

- «Аякс» командасы жайлы айтпасам да, Нидерландыдағы кез-келген командада Бауыржан ойнап кете алады. Биылғы маусымда Бауыржан «Қайрат» командасымен Еуропа лигасында жақсы ойнады ғой. Тек қазақстанда командалар қаржылай жағынан көптеген кәрі құрлық ұжымдарынан мықты. Жалақыны да жақсы береді. Әйтпесе, Исламхан дәл бүгінгі ойынымен Голландия немесе Бельгия секілді елдердің командаларында өнер көрсетер еді. 

- Әңгімеңізге рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

суреттер otyrar.kz, sports.kz, alaman.kz сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 18 33-13 43
2 Қайрат 19 37-13 42
3 Оқжетпес 18 24-24 30
4 Астана 17 25-19 29
5 Ақтөбе 18 26-20 28
6 Ұлытау 18 15-16 27
7 Елімай 17 25-22 26
8 Жеңіс 18 15-20 22
9 Тобыл 18 20-26 19
10 Қайсар 19 14-21 19
11 Атырау 17 13-16 18
12 Жетісу 18 21-27 18
13 Каспий 18 16-23 18
14 Қызылжар 18 18-26 16
15 Алтай 18 14-22 16
16 Ертіс 17 14-22 11
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх