Главное Маңызды
08 мая 2026, 11:18
975
Главный тренер «Кайсара» Андрей Ферапонтов перенесенный матч 20-го тура Премьер-лиги против «Кайрата» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
06 мая 2026, 22:38
3947
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал перенесенный матч 20-го тура Премьер-лиги против «Кайсара» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 мая 2026, 19:38
716
Ассистент главного тренера национальной сборной Казахстана Иван Азовский прокомментировал выбор футболистов для расширенного списка сборной Казахстана на июньские товарищеские матчи против сборных Армении и Венгрии, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт КФФ.
06 мая 2026, 19:34
6312
Главный тренер национальной сборной Казахстана по футболу Талгат Байсуфинов объявил расширенный список игроков на июньские товарищеские матчи против сборных Армении и Венгрии, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт КФФ.
05 мая 2026, 14:22
1398
Главный тренер «Каспия» Ерлан Шойтымов прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Астаны» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Данияр Әбубәкіров: "Ойын қос команда үшін де қиын болды"

25 окт. 2017, 12:10 | 943
"Ақтөбе М" ойыншысы Данияр Әбубәкіров "Шахтермен" (2:0) өткен ойын туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап:

- Соңғы ойында жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Жанкүйерлер де келіп, бізді қолдап жатыр, оларға зор алғысымды білдіремін. Бүгін маған берілген уақыт ішінде командам жеңіске жету үшін барымды салдым. Жазда алған жарақатымнан енді айығып келе жатырмын. Ойын қос команда үшін де қиын болды. Оның үстіне төреші біздің бір ойыншымызды алаңнан қуды. "Шахтер" сан басымдылығын пайдаланғысы келді. Алайда, біз соған қарамастан жеңіске жеттік. 

- Алдыңғы "Жетісумен"  болған ойында да есеп тең болып тұрған кезде, сіздің ойыншы қызыл қағаз алып, алаңнан кеткен еді. "Ақтөбе" ойыншылар саны аз болғанына қарамастан жеңіске жетті. Бүгін де сол жағдай айна-қатесіз қайталанып отыр. Бұл сәйкестік пе? 

- Иә, сондай жағдай қайталанып отыр, бірақ бұны сәйкестік деп ойламаймын. Намысқа тырысып, дер кезінде мінез көрсеттік және бапкерлердің нұсқауларын дұрыс орындадық, сол себепті жеңіске жеттік деп ойлаймын. 

- Команда үшін, өзің үшін футбол маусымы аяқталды. Өзің үшін биылғы маусымнан қандай пайда алдың, қай жерде өкініш болды? 

- Мен жастар құрамында осымен екінші жыл ойнап келемін. Кәсіби футболшы ретінде әлдеқайда өстім деп айта аламын. Өкінетіндей ештеңе бола қоймады, бірақ маусым ортасында жарақат алып, ұзақ уақыт ойынға қатыса алмадым. Сөйтсе де, жарақат футболшы талғамайды, бұл футболдың бір бөлігі. Әрі қарай еңбектеніп, өсе беруім керек. 

- Сен жақында "Ақтөбе" футбол клубының жаттығуына қатысып келдің. Бұндай шақыртулар жіи болып тұра ма? 

- Биыл мені алғаш рет шақырды. Әрине, ол жердегі жаттығулардың деңгейі басқаша. Тәжірибиелі ойыншылардың қасында жүріп, көп нәрсені үйренуге болады. Біздің командадағы әрбір ойыншы басты командада ойнау үшін еңбектенеді, соған ұмтылады. Бірақ ол маңдай термен келетін нәрсе. Маған ондай мүмкіндік туып жатса, пайдаланып қалуға тырысамын. Маған сенім артқан барша жандарға, бапкерлерге, командаластарыма алғыс айтамын.

ФК "Актобе"

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 9 14-4 21
2 Ордабасы 8 14-6 18
3 Оқжетпес 8 12-8 15
4 Ұлытау 8 8-7 14
5 Елімай 8 12-8 13
6 Астана 8 11-10 12
7 Жетісу 8 9-9 12
8 Қызылжар 8 10-7 11
9 Атырау 8 6-5 10
10 Ақтөбе 8 8-10 10
11 Жеңіс 8 4-8 10
12 Ертіс 8 8-11 6
13 Қайсар 9 5-10 6
14 Тобыл 8 7-14 5
15 Алтай 8 3-7 4
16 Каспий 8 4-11 4
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх