Илья Воротников «Шахтер» клубында медициналық тексерістен өтті
«Осы аптаның басында мен «Шахтер» клубы сапында медициналық тексерістеп өтіп, клуб басшыларымен келіссөз жүргіздім. Бәрі ойдағыдай болды. Бірақ,өкінішке қарай, отбасылық мәселелерге байланысты мен Сәтпаевта өтетін бірінші оқу-жаттығу жиындарына кешігіп барамын. Сол кезде әрі қарай не болары белгілі болады. Өздеріңіз білесіздер, бүгін «Шахтер» клубына жаңа бапкер келді. Шынымды айтсам, мен бұл маманмен таныс емес. Енді жаттығу жиындарына барып, танысатын боламын. Егер жаңа бапкердің көңілінен шығып жастам, клубпен келісім-шартқа отырамын. Ал, басқадай жағдайлар болып қалса, өзге клубтардың ұсыныстарын қарап көремін. Қазір маған «Шахтер» клубынан бөлек, Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін тағы екі клуб ұсыныс жасады»,- дейді футболшы.
Уалихан Қосанбай
Сурет: sports.kz
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |