Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1702
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2153
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2199
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3158
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2374
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Роман Мұртазаев: "Мен Месси емеспін"

15 апр. 2016, 10:10 | 1689
Роман Мұртазаев – дәл қазіргі сәттегі "Ертістің" үздік сұрмергені. Шабуылшының еншісінде үш гол бар. Бұған дейінгі турларда "Ақжайық" пен "Атыраудың" қақпасын дәл көздеген Роман 5-ші турда "Ордабасы" қақпасынан саңылау тапты. Шымкенттік клубпен өткен ойыннан кейін футболшы тілшілер қауымына сұхбат берді.

- Роман, бүгінгі ойында кім бірінші гол соқса, жеңіс те соның қанжығасында кететіндей күй кештік. Келісесіз бе бұл пікірмен?

- Келісуге болады. Себебі, ойын өте тартысты өтті. Қарсылас та оңай шағылар жаңғақ емес. «Ордабасы» Павлодарға жеңіс үшін келгені даусыз. Ал, «Ертіс» соққан алғашқы гол ойыншылардың бойына сенімділік ұялатты, жігерлендіре түсті. Міне, осы сенімділіктің арқасында біз екінші голды соқтық. Команда қажетті үш ұпайды қанжығаға басты.

- Алғашқы таймда Сізде гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болды. Көп жағдайда допты қақпаға тура бағыттап, таблодағы көрсеткішті өзгертуге мүмкіндігіңіз бола тұра, әріптестеріңізге пас берумен шектелдіңіз...

- Мүмкін. Біз қате-кемшіліктерімізбен үнемі жұмыс жасаймыз. Әрине, мен Месси емеспін. Бірақ, бапкердің, жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысып келемін. Бастысы – жанкүйерлерді желпінтіп, көп гол салу. Ұпайдан да шашау шығармау қажет. Бүгінгі ойында маңызды үш ұпайға қол жеткіздік. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Чемпионаттың алдағы ойындарына тынғылықты дайындалатын боламыз.

- Жанкүйерлер енді Сіздерден тек қана жеңіс күтеді. Сондай-ақ, «Ертіс» қақпасына доп енбегенін қалайды. Мұның барлығы футболшылардың мойынындағы жауапкершілік жүгін одан әрі арттыра түспей ме?

- Әрине. Біз әр ойында жақсы нәтиже көрсетуді көздейміз. Ұпай еншілеп, жеңіске жету арқылы жанкүйерлерімізге қуаныш сыйлауды мақсат тұтамыз.

- «Ертіс» келесі турда «Ақтөбемен» ойнайды. 5-шіт турда ақтөбеліктер сырт алаңда жеңіліссіз келе жатқан қостанайдың «Тобылын» тізерлетті. Ақтөбедегі ойын қиындық тудыруы мүмкін бе?

- Әлбетте. Жалпы, қандай команда болмасын, сырт алаңда өткен әр ойынның өзіндік қиындығы бар. Біз «Ақтөбемен» болатын кездесуге тынғылықты дайындаламыз. Жеңіске жетеміз деп сенемін.

- Алда көптеген ойындар күтіп тұр. Чемпионаттан бөлек, Кубок жолындағы жарыстар басталады. Мұндай сынға команда дайын ба?

- Біз күн сайын жаттығамыз. Бапкердің айтқанын орындаймыз. Кез-келген сынға дайынбыз. Әрине, аптасына бірнеше ойын өткізуге тура келетін кездер болады. Еуропадағы клубтар дәл осындай жұмыс кестесіне сай ойнайды. Бұған да бой үйретіп, әзір болуға тиіспіз.

- Рақмет! Тамаша голдарыңызға тәнті болайық!

"Ертіс" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх