Главное Маңызды
20 нояб. 2026, 16:03
2619
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов рассказал о работе в талдыкорганском клубе, оценил прошедший сезон и поделился мнением о лимите на легионеров, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sport-hub.kz.
18 нояб. 2026, 16:29
3430
Насколько серьёзным тренерским приобретением стал шотландский специалист Питер Левен для «Елимая», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
18 нояб. 2026, 09:35
3377
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Суперлиги по футзалу после 14-го тура.
17 нояб. 2026, 16:48
9103
62-летний нидерландский специалист Джон ван ’т Шкип покинул должность главного тренера национальной сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
17 нояб. 2026, 14:33
5341
Что изменилось в казахстанском футболе после прихода иностранных специалистов на ключевые должности в КФФ и насколько оправдались ожидания от их работы, сообщает корреспондент KazFootball.kz.

Илья Калинин: "Ұлттық құрамаға шақырту алу үшін барымды саламын"

30 нояб. 2017, 14:00 | 2255
"Ертістің" жартылай қорғаушысы Илья Калинин өткен маусымды қортындылай отырып, УЕФА Еуропа Лигасындағы "Астананың" сырт алаңдағы кездесуі туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы павлодарлық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Илья, биылғы маусым "Ертіс" үшін қалай өтті?

- Жалпы, жылды жақсы бастадық, маусымның ортасында аздаған сәтсіздіктер орын алғаны рас. Ең соңғы кездесулер ауырға соқты, ал, "Шахтермен" өткен ойынды өмір бойы есімде сақтаймын, себебі, соңғы минутта Еуропа Лигасына жолдама ұтып алдық. Дегенмен, үздік үштіктен де үмітті болдық. Бірақ, орынсыз жерлерде ұпай жоғалтып жаттық. Мәселен, өз алаңымызда жеңістеріміз тым аз. Мұның немен байланысты екенін білмеймін, бейне бір, қысым басым тұрғандай...  Жеке өзіме тоқталсам... негізі жақсырақ нәтижеге жетуге болар еді. Ойын тәжірибесін молайтып, гол соғып, пайдалы пастарды бергім келді. Бірақ, өткен іс өтті. Қазір өз ойындарымды ой елегінен өткізіп, алдағы жылға дайындықты бастап кеттім.

- Қазақстандық командалардың деңгейі қандай деп ойлайсыз, қай командаға қарсыласу қиын болды?

- "Қайрат" пен "Астананың" топ клуб екені белгілі, жоғары деңгейлі футболшылар көп. Қалған командалар бір деңгейде, бәрі мықты. Қазір кез-келген команда тартысты футбол көрсете алады, әр матчқа аса мұқият дайындалмасақ, оңайға соқпасы анық. Соңғы жылдары Қазақстан чемпионаты ілгері даму үстінде. Бірнеше жыл қатарынан отандық клубтардың Еуропаны дүркіретуі сөзіме дәлел бола алады.

- Биыл "Ертіс" Еуропа Лигасында өнер көрсетіп, екінші кезеңге дейін жетті. Бұл жетістіктен асып түсе аламыз ба? 

- Келешек көрсете жатар. Әрине барынша тырысамыз. Жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді. 

Картинки по запросу илья калинин иртыш

- Димитар Димитровтың клубтан кетуі мен Вячеслав Грозныйдың келуі командаға қалай әсер етті?

- Үлкен қиындық туғызды дей алмаймын, бір айдай жаңа тактиканы меңгерумен болдық. Кейін, үйреніп кеттік. 

- Ал, чемпионаттың шешуші ойындарында Давид Лорияның жарақат алғаннан кейін командада сенімсіздік пайда болған жоқ па?

- Давид біздің нағыз капитан, капитан – команданың рухы! Үнемі бізді жігерлендіреді. Барлық жігіттерге алғыс айтқым келеді, қиындықтарға қарамастан соңына дейін күресе біліп, жеңіске жетті.

- Кейінгі кездері жас футболшылар негізгі құраммен қатар жаттықты. Оларға қандай баға бересіз?

- Өте талантты жігіттер. Егер ынталанып дайындалса, барын салса, бағы жанып қалар. Оларға тек мүмкіндік беру керек.

- Премьер-Лиганың ең мықты футболшылары ретінде кімдерді атап өтер едіңіз?

- Сөзсіз, Жерар Гоу, мүмкін болған сәттің бәрінде гол салады. Исаэль, Аршавин, сонымен қатар, Твумаси. Өте көп. Әрине олармен қарсы ойнап, жеңіске жету үлкен тәжірибе береді.

- Демалысыңыз қалай өтуде?

- Демалыс ойдағыдай, Алматыдамын. Қазір форманы сақтап қалу үшін жүгіріп жүрмін, алматылық достарыммен бірге жиналып доп тебеміз. Жуық күндері жаттығу залына барамын деп жоспарлап қойдым. Команданы сағынып қалдым, қайта жиналып бірге футбол ойнайтын кезді асыға күтудемін.

- 2018 жылға қандай мақсат қойдыңыз?

- Үздік үштіктің қатарынан табылу. Ұлттық құрамаға шақырту алу үшін барымды саламын. Себебі, Қазақстанның жейдесін кию үлкен жауапкерлішік әрі бақ деп есептеймін. Уақыт көрсетер.

- Соңғы сұрақ, Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында "Астана" сырт алаңда "Славиямен" кездеседі. Қандай болжам жасайсыз?

- "Астана" ел намысы үшін бар күшін салады. Жеңу керек. Еуропада Қазақстанның байрағын көтеріп жеңеді деп ойлаймын. Үміттенемін, сенемін.

"Ертіс" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх