Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1700
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2151
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2197
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3156
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2372
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Футфристайлдан Қазақстан ашық чемпионаты өтті

20 апр. 2016, 08:04 | 1152
Соңғы бес жылдан бері елімізде "Футбол фристайлы" атты жоба қарқынды дамып келеді.

Теңбіл допты шыр көбелек айналдыруға қазақ балаларының да шамасы жетеді. Оған футбол фристайлынан Алматыда өткен үшінші ашық Қазақстан чемпионатында көз жеткіздік. Аяқдоп өнерінің жарысында 20-дан астам сайыскер бас жүлде үшін таласты. 

«Футбол фристайлы» дегеніміз - дененің әрбір мүшесін пайдалану арқылы ала допты шыр көбелек айналдыру. Әдетте, турнирлер үш тәртіп бойынша өтеді. Біріншісі, эйр мувз - допты жерге түсірмей әуеде ұстап түрлі қимылдар жасау болса, ситтингтің ерекшелігі қатысушылар доппен жерде отырып өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Ал, граунд стайлға келетін болсақ, оның артықшылығы фристайл мен кәдімгі футболды біріктіреді. Яғни, спортшы допты жерде өзінен ұзатпай түрлі трюктер жасап алып жүреді. 

Алматыдағы жарысқа қайта оралсақ. Турнирге жас ерекшеліктеріне қарамастан қатысуға ниет білдірген үміткерлердің барлығына мүмкіндік берілді. Олар диаметрі жеті метр болатын сайыс алаңқайында сынға түсті. Ал, олардың өнерін белгілі «Қайрат» командасының аңызға айналған ойыншылары мен эстрада жұлдыздарынан жасақталған қазылар алқасы әділ бағаларын беріп отырды.

Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен, жартылай финалда барын салған ақтөбелік Нұрсейіт Досмағамбет пен Алмат Қырғызбай ақтық сында өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, допты шыр көбелекше айналдырағн Нұрсейіт еліміздің екі дүркін үздік футбол фристайлшысы атанса, астаналық спортшы екінші орынға жайғасты. Ал, үздік үштікті ресейлік Никита Аксинин түйіндеді.

Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталды. Ал, жанкүйерлерге тамаша көңіл-күй тарту еткен футфристайлшылар келесі турнирде жолыққанша деп үмітпен тарқасты.

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх