Главное Маңызды
18 окт. 2026, 23:23
377
Главный тренер «Астаны» дал комментарий после перенесенного матч 23-го тура Премьер-лиги против «Каспия» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 22:41
360
Главный тренер «Каспия» Руслан Эсатов прокомментировал перенесенный матч 23-го тура Премьер-лиги против «Астаны» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 22:34
382
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал перенесенный матч 23-го тура Премьер-лиги против «Елимая» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 21:20
698
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин подвел итоги перенесенного матча 23-го тура Премьер-лиги против «Иртыша» (5:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 окт. 2026, 21:04
445
Главный тренер «Елимая» Андрей Карпович дал комментарий после перенесенного матча 23-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Колумбияда не күтіп тұр?..

21 апр. 2016, 09:40 | 1654
Осы күнге дейін жерлестерімізді қоса алғанда, барлығы 16 мемлекеттің өкілдері Колумбияға бару мүмкіндігіне ие болып отыр.

Еуропа құрлығындағы командалар арасынан Испания, Ресей, Украина, Португалия, Әзірбайжан және Италия құ­рамалары әлемдік доп додасында өнер көр­сету құрметіне бөленді. Оған Қазақ­станды қосыңыздар. Азияда Австралия, Иран, Тайланд, Өзбекстан және Вьетнамның асығы алшысынан түсті. Мұхит аймағында Соломон аралдары озды. Оңтүстік Аме­рикада жарыс қожайындарынан бөлек, Бразилия, Аргентина және Парагвайдың бағы жанды. Ал Африка мен Солтүстік Америкадағы іріктеу турнирлері әлі аяқталған жоқ. Осы бәсекелер барысында Колумбияға баратын тағы жеті ұлттық құрама анықталады. 

Егер тарихқа қысқаша шолу жасасақ, осы күнге дейін әлем чемпионаттарының жалауы жеті мәрте желбіреген екен. Бұл бәсекелер 1989 жылы – Голландияда, 1992 жылы – Гонконгта, 1996 жылы – Испанияда, 2000 жылы – Гватемалада, 2004 жылы – Тайпейде және 2008 жылы – Бразилияда ұйымдастырылды. Дүбірлі доп додасында ең көп жүлде алған команда – Бразилия. Оңтүстік Американың оғландары 5 мәрте (1989, 1992, 1996, 2008, 2012) теңдессіз деп та­нылса, күміс (2000) пен қола (2004) ме­дальді бір-бір реттен иеленді. Екінші орында Испания. Пиреней түбегінің түлектері екі рет (2000, 2004) топ жарып, төрт мәрте (1996, 2008, 2012 – күміс, 1992 – қола) жүлдегерлер санатына қосылды. Әлемнің қос грандынан бөлек, Италия (2004 – күміс, 2008 және 2012 – қола ), АҚШ (1992 –күміс, 1989 – қола), Голландия (1989 – күміс), Ресей (1996 – қола) және Португалия (2000 – қола) сынды санаулы мемлекеттер ғана жеңіс тұғырына көтерілу құрметіне ие болған екен. Ал әр жылдары табысты өнер көрсеткен Бельгия, Иран, Украина, Аргентина және Колумбия құрамалары жартылай финалға жолдама алды. Десек те олар шешуші тұста ұтылып, жүлделі орынға қол жеткізе алған жоқ. 

Бір ғажабы, Бразилия мен Испания футболшылары ақтық айқаста өзара төрт мәрте күш сынасып, соның үшеуі алғаш­қыларының пайдасына шешілген екен. Тарқатып айтсақ,1996 жылы бразилиялықтар 6:4 есебімен жеңіске жетсе, 2008 жылы пе­нальти соғу барысында басымдық танытты – 2:2 (4:3). 2012 жылы Оңтүстік Аме­риканың ойыншылары қосымша уақытта ширақ қимылдады – 3:2. Ал Испания құрамасы болса, 2000 жылғы додада 4:3 есебімен жеңіс тойын тойлады. Сондай-ақ әр жылдардағы жарыстың топтық турнирі мен жартылай финалында тағы үш мәрте жолдары қиысты. Бұл бәсекелердің екеуінде бразилиялықтар басым түссе, біреуінде испандықтардың мерейі үстем болды. 
Қазақстан өз тарихында әлем чемпио­натына екінші мәрте қатысқалы отыр. 2000 жылы Гватемалада өткен жарыстың топтық турнирінде сүрінген едік. Тұсаукесер кездесуде Бразилиядан 1:12 есебімен ойсырай ұтылдық. Одан кейін алаң иеле­рімен тең дәрежеде өнер көрсеттік. Десек те бұл бәсекенің тағдырын бір ғана гол шешкен еді – 5:6. Соңғы ойында Португалияға 2:6 есебімен есе жібердік. 


Содан бері 16 жыл сырғып өте шықты. Сол кезден бергі уақытта Қазақстанның шағын футболы талай «тар жол, тайғақ кешуді» басынан өткерді. Қиналған кездеріміз де, қуаныш пен шаттыққа бөлеген сәттеріміз де аз болған жоқ. Ең бастысы, отандық футзал еш қиындыққа мойыған жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық құрамасы әлемдегі азулы командалардың біріне айналды. Осы сөзімізге биылғы маусымда Сербиядағы Еуропа бірінші­лігіндегі қола медальға қол жеткізіп, Колум­биядағы әлем чемпионатына жолдама алуымыз айқын дәлел бола алады. 
Олай болса, енді тартынатын түк жоқ. Үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегі мен 2 қазан аралығында Колумбияда жалауы желбірейтін жарыста да біз өз жерлестері­мізден ерлік күтеміз.

aikyn.kz

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 28 58-20 67
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 28 42-37 48
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 28 39-38 40
8 Ұлытау 28 27-34 35
9 Каспий 28 31-39 33
10 Жеңіс 28 29-38 32
11 Атырау 28 22-32 27
12 Қызылжар 28 28-41 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 28 28-46 25
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх