Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1699
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2151
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2197
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3156
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2372
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Пірәлі Әлиев "Ақтөбеге" көмектескен бе?

22 апр. 2016, 07:30 | 1059
Біріншіліктің 6-шы турында «Ақтөбе» мен «Ертіс» арасындағы ойында павлодарлық клубтың қақпасына белгіленген пенальти жанкүйерлер мен футбол мамандары арасында дау тудыруда. Нақтырақ айтсақ, «Ертістің» жартылай қорғаушысы Пірәлі Әлиев «ақтөбеліктерге» көмектесу үшін айып алаңында қолмен әдейі ойнаған.

 - Дәл сол сәтте тәртіп бұзылды. Мен сол маңда жүрген едім. Доп Пірәлі Әлиевтің қолына тиді. Ал, «Ертіс» қақпасына пенальти белгілеу, яки белгілемеу алаңдағы төрешінің құзырында еді. Төреші оқиға орынына бізден де жақын жүргенін ескеру керек. Жалпы, мен төрешінің шешіміне қатысты пікір білдіре алмаймын. Себебі, бұл үшін өзім жазаланып, айыппұл төлеуім мүмкін. Мен тек көзбен көргенімді айттым. Ал, «Ақтөбе» мен «Ертіс» арасындағы матчқа төрелік еткен Марат Ысқақовты Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік қадағалау комитеті жазалапты деп естідік. Демек, төреші қателікке бой алдырғаны да. Бірақ, енді ештеңені өзгерте алмайтынымызды ұмытпайық. Чемпионат жалғаса бермек. Әрине, «Ертістің» жеңісті сериясының бұзылғаны да өкінішті, - деді бұл жағдайға байланысты «Ертіс» футбол клубының директоры Игорь Елащук.

Отандық спорттық сайттардың жазуынша, Пірәлі Әлиев мұндай қадамға әдейі барған. Себебі, Пірәлінің ағасы Әли «Ақтөбе» капитаны Самат Смақовпен жақын дос. Яғни, «Ертістің» жартылай қорғаушысы ағасының нұсқауымен «тәртіп бұзып», жанкүйерлер алдында чемпионатты сүреңсіз бастаған «Ақтөбенің» еңсесін көтеруге жәрдемдесіпті-мыс. Өйткені, 6-шы турда «ақтөбеліктер» өздерінің негізгі алаңы – Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда биылғы маусымдағы алғашқы кездесуін өткізген-ді. Бұған дейін аталған стадион командаларды қабылдауға дайын болмай шықты. Сол себепті, «Ақтөбе» үйдегі матчтарын басқа алаңдарда өткізуге мәжбүр болды.

Айтпақшы, Пірәлі Әлиевтің ағасы Әли «Ертіс» қақпашысы Давид Лорияның да жақын досы екенін ұмытпайық.


pavlodarnews.kz

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх