Масудов "Тараз" тізгінін ұстауы ықтимал
20 дек. 2015, 23:43
|
1472
Естеріңізде болса, биылғы маусым аяқталысымен "Тараз" командасының басшылары Е.Яровенконы қызметінен босатқан болатын. Енді команданы келер маусымға дайындау мақсатында клуб пен облыс басшылығы жаңа бапкер іздестіруде. Әзірге кандидаттар тізімінде 2 бапкер бар. Оның бірі тәжірибиелі Ваит Талғаев болса, екіншісі осы Вахид Масудов. Айта кетейік қос Жамбыл футбол мектебінің түлегінің арасындағы таңдауда басшылар Масудовқа көбірек сеніп отырған сыңайлы. Әзірге нақтыланбаған ақпаратқа сенетін болсақ, келер маусымға команданы Вахид Юнусұлы мен осыған дейін аға бапкер қызметінде болған Нұрмат Мырзабаев дайындайды екен. Жақын арада бұл ақпарат ресми түрде жарияланатын болады.
Турнирная таблица
Турнирлік кесте
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 26 | 51-18 | 61 |
| 2 | Қайрат | 26 | 51-20 | 57 |
| 3 | Астана | 25 | 42-25 | 48 |
| 4 | Оқжетпес | 26 | 41-35 | 45 |
| 5 | Ақтөбе | 26 | 38-31 | 42 |
| 6 | Елімай | 25 | 35-33 | 38 |
| 7 | Тобыл | 26 | 33-35 | 34 |
| 8 | Жеңіс | 26 | 26-32 | 32 |
| 9 | Ұлытау | 26 | 24-32 | 32 |
| 10 | Каспий | 26 | 27-36 | 29 |
| 11 | Ертіс | 25 | 26-34 | 26 |
| 12 | Алтай | 26 | 26-36 | 25 |
| 13 | Қайсар | 26 | 22-33 | 24 |
| 14 | Қызылжар | 26 | 26-40 | 24 |
| 15 | Атырау | 25 | 18-28 | 23 |
| 16 | Жетісу | 26 | 26-44 | 22 |
Футболист недели
Апта үздігі
Темирлан Ерланов
Защитник Қорғаушы
23
Поиск по сайту