Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1698
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2149
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2196
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3155
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2371
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Cейілда Байшақов: "УЕФА-дағы 14 жыл ішінде қол жеткізген оң өзгерістер көп"

25 апр. 2016, 14:18 | 1177
Бүгін, 25 сәуір елімізде Қазақстан футболының күні аталып өтіледі. Осыдан 14 жыл бұрын дәл осы күні Стокгольмде  еліміздің футбол қауымдастығы УЕФА құрамына қабылданып,  Қазақстан Еуропа футбол қауымдастығының 52-ші мүшесі атанды.Мереке күні ҚФФ баспасөз қызметі Федерация вице-президенті, футбол ардагері Сейілда Икрамұлы Байшақовпен сұқбаттасты.

- УЕФА-дағы 14 жыл ішінде Қазақстан балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық, кәсіби футбол, инфрақұрылымды дамыту, жаттықтырушылар мен төреші мамандарды даярлау саласында көптеген оң өзгерістерге қол жеткізді. Соңғы жылдары  Ұлттық біріншіліктегі командалардың УЕФАЧемпиондар лигасы  мен Еуропа лигасының аясында өтетін турнирлердегі нәтижелеріне көңіл толады. «Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығуына бір ақ қадам жетпей қалды, «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, «Атлетико Мадрид», «Галатасарай», «Бенфика»  сынды мықты ұжымдармен  тең өнер көрсетті. Бұл қазақ футболының тарихында  алғаш рет болғанын атап өткім келеді.

Ұлттық құрама биыл өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Латвияны ұтты, әлемдік рейтінгіде 27 команда саналатын Исландиямен тең ойнадық. Күні кеше отандық мамандарға сеніп тапсырылған Қазақстан Ұлттық құрамасы Әзірбайжан, Грузиямен ойнап, біздің ұстанған бағытымыз өз нәтижесін беріп жатқандығын тағы бір көрсетті.

Футзал құрамасы Қазақстанды әлемге танытты. Еуропа біріншілігіне алғаш рет қатысқан жігіттеріміз Еуропа чемпиондарының өзін жолдан тайдырып, қола жүлдемен елге оралды. Ал әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынған матча Польшаның тас-талқанын шығарып, футзалшылардың  Колумбияда өтетін Әлем чемпионатына баратын мықтылардың қатарына қосылғанын ерекше мақтан тұтамын.

Әрине, бұл бір күндік еңбектің нәтижесі емес. Қазақстан футболының дамуы бір орында тұрып қалды дегендермен келіспейтіндігімді айтқым келеді. Бүгінгі күні Қазақстан футболының даму стратегиясы әзірленіп бітуге жақын қалды. Жақын арада оны жанкүйерлер назарына ұсынамыз деген ойдамын. Балалар мен жасөспірімдер футболының дамуы Федерация ұстанған басты бағыттардың бірі. Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Біз өз футболшыларымызды тәрбиелеуге бар күшімізді салуымыз қажет. Федерация Президентінің бастамасымен Шымкентте «Оңтүстік» футбол академиясы өз жұмысын бастады. Испания футбол мектебінің жаттықтырушылары оңтүстік аймақтың 66 баласына аяқ доптың қыр-сырын үйретіп жатыр. Дәл осындай солтүстіктің жас футболшыларына арналған академияны Астана қаласында ашу жоспарда бар. Сондай ақ, биыл Елордамызда  жастарымызға  қысы-жазы жаттығуға мүмкіндік беретін үлкен алаңы бар футбол манежінің құрылысы басталады. Осындай манеждер еліміздің барлық аймақтарында да болады деген үмітіміз бар. Бұл бағытта кешенді жұмыстар басталып кетті.

Барлық қазақстандықтарды, әлемде нөмірі бірінші саналатын ойынның жанкүйерлерін, қымбатты ардагерлерді, ойыншыларды, әріптестерімді бүгіні мерекелерімен құттықтағым келеді.  Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін.

kff.kz

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх