Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1747
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
2194
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
2236
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
3191
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2414
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Алмас Құлшынбаев: “Жетісу" жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысамын”

11 янв. 2016, 18:07 | 1960
«Жетісу» футбол клубының жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. Талдықорғандық команданың тізгінін бүгін ресми түрде қазақстандық маман Алмас Құлшынбаев ұстады. Қырық жастағы бапкер бүгін облыс және клуб басшыларымен кездесіп, келісім-шартқа қол қойды. Осы орайда Kazfootball.kz порталының тілшісі бапкердің өзіне қоңырау шалып, кішігірім сұқбаттасқан болатын.

- Алмас Жақанұлы, Cізді толық «Жетісу» клубының бас бапкері деп айтуға болады ма?

- Иә, бүгін мен ресми түрде «Жетісу» футбол клубының бас бапкері атандым.

- Командамен қанша жылдық келісім-шартқа отырдыңыз?

- Бізде облыс және клуб басшылары қазақстандық мамандарға бір жылдан ұзақ ұсыныс жасамайды. Мен де талдықорғандық клубпен бір жылға келісім-шартқа отырдым.

- Облыс басшыларымен кездесіп, келісім-шартқа отырдыңыз. Келер маусымда клуб алдына қандай мақсаттар қойылды?

- Бұл сұрақты әлі нақты талқылап үлгере алмадық. Дегенмен де, әр бапкердің міндеті - жанкүйерлерін жеңіспен қуанту ғой. Алдағы маусымда мен де «Жетісу» жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысамын. Мүмкін болса үздік алтылыққа кіру үшін тынбай еңбек етеміз.

- Сізден бөлек клубтың бапкерлер қосынына қандай жаңа мамандар келді?

- Менен бөлек бапкерлер қатарына Марат Есмұратов деген азамат келді. Сонымен қатар, клуб басшылары қақпашыларды дайындауға Тілеужан Әбілқасымовты шақырып отыр.

- Клуб қатарында келер маусымда қандай жаңа футболшылар болуы мүмкін?

- Мен бұл сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын. Өйткені, облыс тарапынан бізге әлі нақты бюджет бөлінген жоқ. Ақша аударылғанда көретін боламыз. Дегенмен алдағы маусымда клуб сапында танымал шет елдік футболшылар болады деп айта алмаймын. Дүниежүзінде болып жатқан дағдарыс бізге де кері әсерін тигізіп жатыр. Есесіне біз келер маусымда жергілікті жас футболшыларға көп көңіл бөлеміз. Сол жігіттерді мейлінше көп ойнатуға тырысамыз.

- Сұқбатыңызға рақмет. Алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін!

Уалихан Қосанбай

суреттер vk.com, "Астана" ФК сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх